Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет35/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
39 
ЖІҢІШКЕ ЖУСАН 
(ARTEMISIA GRACILESCENS)
 ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ 
БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРЫНЫҢ
ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
 
Бактибаева А.Д. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Құдайберген А.А. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
albinka01062001@mail.ru

 
Қазақстанның барлық жерінде өсетін, таулы, далалы, шөлейтті аймақтарында 
кездесетін жусанның 81 түрі белгілі. Сонымен қатар, емдік қасиеті мол, құнарлы азық, 
витаминге бай эфир майлы өсімдік. Осы себептен де бұл өсімдіктің химиялық құрамы, 
сандық және сапалық талдауларлары қазіргі таңда маңызды зерттеулерді қажет етеді.
Жұмыста Шығыс Қазақстан, Алтай өңірлерінде өсетін жусан - 
Artemisia gracilescens 
сандық және сапалық анализіне тоқталамыз. Қазақстан бойынша алғаш рет зерттеліп 
отырған өсімдіктер қатарына жатады.
 A. gracilescens – Asteraceae 
тұқымдасына жататын 
ағаш және шөптесін өсімдіктер болып табылады.
Бұл жұмыста Шығыс Қазақстанда өсетін 
A. gracilescens 
өсімдігінің фитохимиялық 
құрамдас бөліктеріне сандық және сапалық талдау алғаш рет жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 
өсімдіктің сапалылығының көрсеткіштері: ылғалдылығы - 7,94% , күлділігі - 7,33%, 
экстракивті заттар – 22,38% (50% сулы спирт ерітіндісінде), экстрактивті заттар – 20,40% 
(70% сулы спирт ерітіндісінде) , экстрактивті заттар – 13,47% (90% сулы спирт ерітіндісінде) 
екендігі анықталды. Органикалық қышқылдар (0,27%), флаваноидтар (0,062%), сапониндер 
(0,798%), кумариндер (1,78%), полисахаридтер (2,39%), алкалоидтар (3,60%), тері илегіш 
заттар мөлшері (4,51%) сияқты биоактивті компоненттері анықталды. Өсімдік күлінің 
құрамынан минералды заттар атомды – абсорбционды спектрометр көмегімен 11 макро-
микроэлемент анықталды, олардың негізгі құрамы K (221,890 мкг/мл), Na (127,40 мкг/мл),
Ca (55,6975 мкг/мл). Сонымен қатар өсімдіктің петролейн эфир бөлігіндегі органикалық 
қосылыстар құрамы масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматографиясы 
(7890A/5975C) әдісімен талданды. Петролейн эфирлі бөлігінің хроматографиялық талдау 
нәтижесінде 47 қосылыстар анықталды.
Өсімдік құрамындағы биологиялық белсенді заттарды бөлудің оңтайлы химиялық – 
технологиялық сызба-нұсқасы қарастылуда. Осы зерттеулер нәтижесінде медицинада табиғи 
компоненттер 
негізіндегі 
адам 
ағзасына 
пайдалы 
әсерін 
тигізетін, 
аурудың 
профилактикасында пайдаланылатын қолжетімді препараттар алуға мүмкіндік туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет