Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


«ТОПЫРАҚ ХИМИЯСЫ» ПӘНІН ЖОҒАРЫ ОҚУ



Pdf көрінісі
бет277/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

«ТОПЫРАҚ ХИМИЯСЫ» ПӘНІН ЖОҒАРЫ ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
 
Көлібайқызы А. 
Ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Қамұнұр Қ. 
әл
 – 
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
kolibaiaktoty@gmail.com 
 
Топырақ химиясы – топырақ түзілу мен топырақ негіздерін зерттейтін 
топырақтанудың бір саласы. Топырақтың құрамы мен қасиеттерін жүйелі түрде зерттеу 18-
ғасырдын аяғы мен 19-ғасырдың басында басталды, дегенмен «топырақ химиясы» пән 
ретінде қалыптасуы туралы әлі сөз қозғалмаған еді.
Қайта өрлеу кезеңінде химияның іргелі ғылыми пән ретінде танылуы топырақ 
химиясының қалыптасуындағы накты серпіліс болды. Ұлы швед химигі И.Я. Берзели өзінің 
«Химия окулығында» (1839) гумустык заттар химиясын зерттеудің үлкен бөлімін ұсынды. 
Сонымен қатар, топырақ денесінің компоненттерін зерттеу барысында Ф.Ахард. И Валериус, 
Дж Т.Уэй, ресейлік ғалымдар В.В. Докучаев, Д. И. Менделеев, И.В. Тюрин, В.В.Пономарева 
және т.б. ғалымдардың қосқан үлестерін атап өткен жөн.
Түрлі ғалымдар топырақ химиясын жылдар бойы зерттеп, оның химия саласында 
қаншалықты маңызы бар екенін жеткізді. Осылайша 20-ғасырда топырақ химиясы дербес 
пән ретінде қалыптасты.
Топырақ химиясы пәнінің мақсаты: топырақтардың кескінінде жүріп жатқан 
химиялық реакциялар мен үдерістерді, топырақтың құрамын бейорганикалық және 
органикалық химия тұрғысынан зерттеп, пән бойынша алған білімдерін химия шеңберінде 
пайдалану дағдыларын үйрету. 
Пәннің міндеттері:

топырақ химиясынан теориялық білім қалыптастыру; 

топырақ химиясы саласындағы зертханалық жұмыстарды жасау әдістерін 
меңгеру; 

топырақ химиясы саласында зертханалық жұмыстарды орындау үшін заманауи 
аппаратуралар мен жабдықтарды пайдалану мүмкіндігін арттыру; 

білім алушыларда топырақтағы химиялық реакциялардың заңдылықтары мен 
ерекшеліктері, сондай-ақ топырақтың заттық құрамын талдау әдістері туралы заманауи 
идеяларды қалыптастыру. 
Жоғары оқу орындарында топырақ химиясы пәні агрохимия саласының 
мамандықтарында оқытылады. Топырақ химиясы топырақтың химиялық қасиеттері және 
оның химиялық жағдайының көрсеткіштері, топырақтың генезисі, жіктелуі және бағалануы 
сұрақтарын шешу үшін пайдаланылады. Алынған көрсеткіштер мелиоративтік шараларды 
құрастыруда және ауылшаруашылығын химизациялау бойынша ұсыныстарды даярлауда өте 
кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет