«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
293
«
ЖАСЫЛ
ХИМИЯ
»
БОЙЫНША
ЭЛЕКТИВТІ
КУРС
ЖАСАУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Садуақас Ж.А.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., аға оқытушы Далабаева Н.C.
Әль
-
фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
zhansaya.saduakas125@mail.ru
Білім беру – үздіксіз процесс, сол себепті де оқытудың
мақсаты мен міндеттерін,
талаптары мен тәсілдерін әрдайым дамытып жаңарту маңызды. Элективті курстарды
оқытудың негізгі мақсаты – білім алушыны оқуға даярлау, және әлеуметтік дағдысын
қалыптастыру, болашақ қызмет саласына саналы түрде және жауапты таңдауын бағдарлау.
Элективті курстар жиынтығы білім алушылардың өздері анықтайтындықтан, ұсыныс немесе
жобалап
сараптау арқылы, профильді пәнге жүйелі, жоспарланған білім беру стандартын
енгізе алады. Химия пәні үшін элективті курстың бағдарламасы
білім алушыларды
практикалық
химияға қызықтыруға, олардың танымдық белсенділігін арттыруға, жаһандық
проблемалар туралы білімдерін кеңейтуге, аналитикалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік
береді.
Химия ғылымының пайда болып, дамуына 200
жыл өткенде, химияның өнеркәсіпте
пайдаланылуына 100 жыл өткенде, бүгінгі күні адамзаттың алдында мынадай шындық орын
алып тұр:химиясыз (жаңа материалдарсыз, тиімді әсер етуші дәрілерсіз,
өсімдіктерді
қорғауға арналған заттарсыз және т.б.) адамзат өмір сүре алмайды. Осыған сәйкес
техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріндегі білім алушыларды «Жасыл химия»
ұғымымен таныстыру маңызды мәселесіне айналып отыр. Осыған орай «Жасыл химиядан»
элективті курс жасау өзекті болып табылады. Адамзат өмір сапасын жақсартамыз деп
химиялық өнімдерден бас тарта алмай отырғанын жоққа шығара алмаймыз. «Жасыл
химияның» 12принципін меңгерудың маңыздылығы осында. Тұрақты даму концепциясы
тақырыбы білім алушылардың
табиғатпен гармонияда болып, жақсы денсаулықпен өмір
сүруге үйретеді. Жасыл химияға байланысты мәселелер келесі тарауларды қарастырады:
атмосфераны қорғау, жер ресурстарын пайдалану, ормансыздану,
шөлейттену және
құрғақшылықпен күресу; таулы алқаптарды қорғау; ауыл шаруашылығын дамыту;
биологиялық алуантүрлілікті сақтау; биотехнологияларды пайдалану кезінде қауіпсіздік
сақтау; барлық теңіздерді және олардың
тірі ресурстарын қорғау; ауыз су сапасын сақтау;
токсикалық және қауіпті өнімдердің айналымда тек заңды түрде болуын қадағалау;
радиоактивті және басқа қауіпті қалдықтарды аластату,
залалсыздандыру; ағызынды
суларды тазарту. Білім алушыларға тек теория емес реакция теңдеулерімен есептемелер де
қарастырылған.
Ұсынылып отырған курс білім алушылардың білімдерін тереңдетеді, дүние
танымына
әсер етеді және ол арқылы әр химик мұғалім осы замандағы кейбір ғаламдық мәселелерді
шешу жолындағы химия ғылымының зор ролін ашып көрсете алады деген үмітім зор.
Достарыңызбен бөлісу: