ARTEMISIA HEPTOPATAMICA
POLJAK. ӨСІМДІГІНІҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ
ҚҰРАМЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІЛІГІН АНЫҚТАУ
Мұқатай Ү., Кемелбек М.
Ғылыми жетекшісі: Жұбанова А.А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
университеті
umit.muhatai@gmail.com
Қазақстанның өсімдік ресурстарына бай болуы зерттеушілер үшін жаңа биологиялық
белсенді заттарды анықтау мен олардың негізінде жаңа құнды препараттар алуға кеңінен
жол ашады.
Осылайша, биологиялық белсенді заттардың көзін табу, өсімдік шикізатынан жаңа
заттың құрылысын анықтау, олардың физика-химиялық қасиеттерін білу басты мәселе
болып
табылады.
Полифенолды
қосылыстар
қан
тамырларының
беріктілігін
жоғарылататынын, тотығу үрдісіне қарсы әсер ететін, ісікке қарсы және гепатопротекторлық
қасиет көрсететін, зат алмасу үрдісін жақсартушы және Р-дәрумендік қасиетке ие екендігін
білеміз
Бұл жұмыстың мақсаты –
Artemisia heptopatamica
Poljak
өсімдігінен биологиялық
белсенді кешен алу. Сондықтан Солтүстік Тянь-Шань аймағында кездесетін
Artemisia
heptopatamica
Poljak өсімдігінен биологиялық белсенді кешен алу үшін біз алдымен осы
өсімдіктің биологиялық белсенді заттар құрамының сапалық және сандық зерттеуіміз қажет.
Зерттеу барысында бір және екі жүйелі қағазды хроматография көмегімен оның
сапалық құрамы қарастырылды. Өсімдіктің құрамында көмірсулар, органикалық- және амин
қышқылдары, полисахаридтер, кумариндер, флавоноидтардың бар екендігі анықталды.
Мемлекетік Фармакопея негізінде шынайылығы анықталды. Ал өсімдік шикізатының
шынайылығына: ылғалдылық, күлділік және экстрактивті заттардың мөлшері жатады.
Экстрактивті заттардың мөлшерін анықтау барысында 90 %-ды сулы спиртте экстрактивті
заттардың мөлшері – 31.92% шамасында болды. Ылғалдылық мөлшері 7.3%-ды, ал күлділік
17.9%-ды, ал органикалық қышқылдар – 1.87%, флавоноидтар мөлшері – 0,168% құрады.
Сонымен қоса газды хроматографиялық әдіс бойынша өсімдікте 20 аминқышқылы
және өсімдіктің элементтік құрамына жасалған талдау барысында 11 элементтің бар екендігі
белгілі болды. Зерттеу жұмысы жалғасуда.
Достарыңызбен бөлісу: |