«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
298
РЕНИЙДІҢ ІЛЕСПЕЛІ БӨЛІНУІ
Толбай Д.Ж.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к. Исмаилова А.Г.
Әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
dtolbay@mail.ru
Рений – өте сирек металл. Оның жер қыртысында таралуы 0,002 г/т-дан аспайды.
Дегенмен, ренийдің қолданылу аясы кең: жоғары температураларға төзімді құймалар,
катализаторлар, ғарыштық техника.
Сиректігі мен қолданысының кеңдігіне байланысты
ренийге сұраныс ұсыныстан
жоғары шамаларды көрсетеді және ол көрсеткіш жыл сайын артуда. Сол себепті, ренийді
өндіру мүмкіндіктерін іздеу жоғары қарқынмен жүруде.
Қазақстан аймағында ренийдің көп мөлшері таралған.
Осыған байланысты, елімізде
рений өндірудің мүмкіндіктері жоғары. Сондай өндірістердің бірі –
Таукент қаласындағы
уран өндірісінде технологиялық ерітінділерден ренийді бөліп алу өзекті мәселе болып
табылады.
Қазіргі кезде ол өндірісте ренийді бөліп алу технологиясы үш негізгі қадамнан тұрады:
ренийді сорбциялық бөлу қадамы және екі экстракциялық концентрлеу қадамы. Осы өндіріс
барысында туындайтын негізгі мәселелердің бірі – сорбциялық бөлу қадамындағы ренийдің
төмен сорбциялану дәрежесі. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 70%-ды құрайды. Оны арттыру
ренийдің неғұрлым көбірек мөлшерін бөліп алуға мүмкіндік береді.
Сорбциялық бөлу кезеңінің өзі үш қадамнан тұрады: ренийді сорбциялау, ренийді
десорбциялау және сорбентті регенерациялау. Жұмыс осы үш
кезеңді жетілдіру арқылы
ренийдің бөліну дәрежесін арттыруға бағытталған. Негізінен қарастырылатын шешім жолы –
жаңа сорбенттердің қолданылуы.
Жұмыстың негізгі мақсаты – жаңа сорбенттермен ренийдің сорбциясын және
десорбциясын жүргізудің неғұрлым қолайлы жағдайларын анықтау.
Жаңа сорбенттер көзі
ретінде Purolite LTD компаниясының сорбенттері қарастырылады. Ол үшін осы сорбенттерді
қолданумен аталған операцияларды жүргізу барысында ренийдің сорбциялану және
десорбциялану дәрежелеріне келесідей факторлардың әсері зерттеледі: температура, ерітінді
қышқылдығы, сорбция жүргізу уақыты, десорбциялаушы реагент, сорбция циклдерінің саны
және қолданылатын регенерациялаушы реагенттер.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
299
Достарыңызбен бөлісу: