Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


«ХИМИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЛҒАН «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет292/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

«ХИМИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЛҒАН «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ 
ХИМИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ» КУРСЫНЫҢ ПРАКТИКУМЫН ЖАСАУ 
 
Түзел З.Е. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Рыскалиева Р.Г. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
zamira.tuzel@inbox.ru
 
 
Қазіргі таңда «Химия» білім беру бағдарламасында «Тамақ өнімдерінің химиялық 
сараптамасы» курсы оқытылып жатыр. Бірақ курстың мазмұнының жинақталған қолжетімді 
формасы болмағандықтан, оқу процесінде қиындықтар туындатады.
Бұл мамандықта білім алушылардың басым пәндері зертханалық жұмыстарды жүргізуге 
негізделгендіктен арнайы оқу құралдары болады. Сондықтан «Тамақ өнімдерінің химиялық 
сараптамасы» курсына да арнайы зертханалық жұмыстардың барлығы біріктірілген 
ыңғайлы практикум жасап шығару өзекті мәселе болып табылады.
«Тамақ өнімдерінің химиялық сараптамасы» курсының практикумын жасауда оқу-
әдістемелік тәжірибе, әдебиеттерді талдау, анализ әдістері қолданылды. Бұл практикумның 
басты міндеті – дәрісте баяндалған заңдар мен ережелерді зертханалық жағдайда 
практикалық зерттеу арқылы теориялық курстың білімін тереңдету және бекіту. Аспаздық 
өнімдер мен тамақ өнімдерінің сапасы, әдетте, жан-жақты бағаланады. Ал химиялық 
сараптама – тамақ өнімдерінің құрамын зерттеу арқылы белгіленген нормаларға сәйкестігін 
зерттеуге бағытталған. Дұрыс құралған практикумды қолдана отырып, студенттер тамақ 
өнімдеріне қойылатын нормаларды, күнделікті тұтынатын тағамдардың құрамымен таныса 
алады. Қолданылатын практикумның мазмұны студенттің өзінің мүмкіндіктерін анықтауға, 
курсқа деген қызығушылығын арттыруға, реактивтер мен құрылғыларды қолдану 
шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал тамақ өнімдерінің сараптамасына зертханалық 
жұмыстардың сан-алуандығынан оларды бір жерге топтастырып, маңызды тақырыптарды 
іріктеу қажеттілігі туындайды.
Практикумның мазмұнына келесідей тараулар іріктелді: тағамның негізгі химиялық 
компоненттері, тамақ өнімдеріндегі басқа заттар, тамақ өнімдерінің химиясы. Әр тарауда 
түрлі тамақ өнімдерінің құрамына анализ жасауға бағытталған зертханалық тақырыптар 
келтірілген. Ол жерде қандай әдістер, қандай тағам түрлері, қандай құрал-жабдықтар 
қолданылатыны да түгел түсіндірілген.
Зерттеу жұмысына «Тамақ өнімдерінің химиялық сараптамасы» курсының студенттері 
таңдалды. Студенттердің пәнге деген қызығушылығының артуы, тереңірек басқа да 
күнделікті тұтыныстағы тағамдарға анализ жүргізуге деген ынтасынан байқалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет