«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
309
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ХИМИЯҒА ҚАТЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРҒА
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Бозанбай М.Е.
Ғылыми жетекшісі: PhD аға оқытушы Оспанова Г.С.
Сүлейман
Демирел
атындағы
университет
Химия ғылымының қазіргі замандағы рөлі өте маңызды. Агрономия, өндіріс, экология,
медицина сияқты өмірге қажетті үлкен салаларда химияның қатысы бары анық. Алайда
химия ғылымының жан-жақтығын, мүмкіндіктерін барлығы біле береді ме? Тұлғаның маман
иесі болуына әсер ететін бірден-бір кезең, ол орта мектеп кезі. Осы тақырыпты зерттеу
барысында Назарбаев Зияткерлік мектеп (NIS) оқушыларынан, және де Алматы қаласындағы
мемлекеттік орта мектептің 9-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамадан 37
оқушы өтті. «
Химия пәні дегенде, қандай мамандық есіңізге түседі?
» деген сұраққа
оқушылардың 73% медицина саласы деп жауап берді. «
Таңдау пәніңіз химия болса, қандай
мамандыққа түсер едіңіз?
» деген сұраққа орта мектеп оқушыларының 95% медицина
саласын таңдаса, NIS оқушылары токсиколог, эколог, биоинженер, химиялық өндіріс сияқты
медицинадан бөлек мамандықтарды жазды. Байқағанымыздай, орта мектеп оқушыларының
химияға қатысты танымдары тек қана медицинамен шектелген. Оқуышлардың химияға
қатысты танымдарын кеңейту үшін, алдымен оларды химия пәніне қызықтырған жөн. Осы
жұмыста оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру жолдары ұсынылады.
-
Зертханалық жұмыстар. Көп жағдайда мемлекттік орта мектептерде зертханалық
жұмыстар жасалмайды, немесе тек қана теория жүзінде өтіледі. Оқушыны химия ғылымына
баулу үшін, пәнді тек қана теориямен шектелмей, іс жүзінде көрсету өте маңызды.
-
Сабақты заманауи тенденцияға сай өту. Жастардың көпшілігі әлеуметтік желіде
отырады. Усенов Улан (wannabeteacher) Тик-ток желісінде химияны ғылым ретінде танытып
1,2 миллион оқырман жинады. Егер қазіргі мұғалімдер де заманауи желілерді қолданып,
оқушыларға соған қатысты тапсырмалар беретін болса, химия пәніне оқушылардың
қызығушылықтары артып қана қоймай, химия ғылымының рөлі қоғамға білініп таралушы
еді.
-
Өндірістік процесстермен таныстыру. Зертханалық жұмыстардан бөлек, мектеп
әкімшілігінің рұқсатымен, өндірістік зауыттар, химиялық лабораторияларға оқушыларды
экскурсиямен апарған, оқушылардың химияға қатысты танымдарын арттырады.
Сауалнама мен жұмысты қорытындылау үшін «Зертханалық жұмыстар жиі жасалатын
болса, химия пәніне көзқарасыңыз өзгерер ме еді?»-сұрағы қойылды, оқушылардың 87%
«Иә, химияға қатысты мамандықтарды қарастырар едім» деп жауап берді. Мемлекетімізде
химиялық
кадрлардың
сапасы
жоғары
болу
үшін,
оқушылардың
химияға
қызығушылықтарын арттыру керек екеніне көзіміз жетті.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
310
Достарыңызбен бөлісу: |