Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет302/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
 
Бөкенова А.Б. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., профессор Мұсабаева Б.Х. 
Астана
 
Халықаралық
 
Университеті
 
aknurbokenova@icloud.com 
Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық жағдай өз өзектілігін 
жоғалқан емес. Ел басшысы Қ.К. Тоқаев еліміздегі экологиялық жағдай туралы «Елімізде 
экологиялық проблемасыз бірде-бір аудан жоқ» - деген еді. Қазіргі таңда бұл проблемаларды 
шешу үшін талай жұмыстар жүргізіліп, реформалар жасалып жатқанымен, халқымызда 
экологиялық сауаттылықтың жоқтығы салдарынан жүргізілген үгіт-насихат, іс-шаралар өз 
жемісін бермеуде.
Жоғарыда аталған себепті осы зерттеу жұмысында еліміздің болашағы – оқушылар 
арасында химия сабағында экологиялық сауаттылықты дамыту мәселесі көтерілді.
Зерттеу педагогикалық тәжірибе барысында жүргізілді. Педагогикалық тәжірибе 2023 
жылдың 23 қаңтары мен 24 наурыз арасында өтуде. 
Зерттеу жұмысында эмпирикалық әдіс пайдаланды. Оқушылардан сауалнама алынды. 
Сауалнамаға объект ретінде Астана қаласының №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 
7,8 және 10 сынып оқушылары қатысты. Жалпы 151 оқушыдан сауалнама алынды, 
нәтижесінде 90% оқушылардың экологиялық сауаттылығы төмен екеніне көз жеткізілді.
Салыстыру мақсатында қатар екі сыныптың біреуіне ғана экологиялық 
сауаттылықтты арттыратын оқыту элементтері пайдаланылды, атап айтқанда экологиялық 
мазмұнды есептер шығару, қызықты факттар, жобалар, шығармашылық жұмыстар берілді. 
Екінші сынып бақылау ретінде пайдаланды. 
Осылайша, эксперименттік сыныптарда оқушылардың арасында экологиялық 
проблемаларға немқұрайлылықпен қарау азайтылып, оларды шешу және болдырмау 
міндеттері өздеріне жүктелді.
Бұл үрдіс тек қана оқушылар арасында ғана емес, мектеп ұжымы арасында да кең 
түрде таралды. Осыған байланысты, химия сабағында экологиялық сауаттылықты арттыруға 
бағытталған оқу-әдістемелік құрал жазу қажеттілігі туындады.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
312 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет