ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ХИМИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Ботиева Г. Ғылыми жетекші: х.ғ.к. аға оқытушы Далабаева Н. С. Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті gulnazzbotieva@gmail.com ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған 2022 жылғы
Жолдауында «Бәсекеге қабілетті денсаулық саласының бірінші көрсеткіші – кәсіби
мамандар, яғни білімді, тәжірибелі дәрігерлер. Осыған орай медицина мамандығы
оқытылатын барлық білім беру мекемелерінде жан-жақты білім берудің сапасын арттыру
қажет» деп білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Соған сәйкес мамандарды
даярлау жүйесін озық кадрлық қамтамасыз ету қолға алынуда. Оның басты міндеті–
кәсіптерге сұраныс пен адами ресурстардың ұсыныстарын тиімді ұштастыруды қамтамасыз
ету. Сондықтан білім беру орындарына қажетті әдістемелік құралдың жаңаша үлгісін ұсыну,
техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде химия пәнін оқытуда «Химия және
медицина» элективті курсын оқыту мәселесін жаңа тұрғыдан қарастыру мәселесі туындап
отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінде медицина мамандығында химия
курсы оқытылатын студенттер үшін курстың мазмұны – медицинада химиялық білімнің
маңызды екендігі, сонымен қатар, химия және медицинаның байланысы туралы арнайы
тақырып, не бөлімнің жоқтығы элективті курстың жасалуына бірден-бір себеп. Бұл элективті
курста білім саналы түрде таңдау үшін бағдарлы және кәсіби мотивациялық негізін
қалыптастыру,сыни ойлауды дамыту, талдау жүргізу, тәжірбиелік жолмен байқап көру,
себеп-салдарын анықтай білу, химияның басқа салалармен өзара байланысын көрсету,
өнеркәсіптің маңыздылығын көрсету болып табылады.
Білім алушыларға ұсынылып отырған «Химия және медицина» элективті курсы 18
сағатты қамтып, «Денедегі кейбір элементтердің физиологиялық және патологиялық рөлі»,
«Гормондар және метаболизм» деген сияқты тақырыптарды қамти отыра, практикалық
тапсырмаларды орындап білімдерін шындай алады.
«Химия және медицина» элективті курсы денсаулықты сақтау және нығайту
мәселелерін шешудегі пәнаралық сипаттағы қосымша ақпарат беруге,олардың танымдық
белсенділігін арттыруға, жаһандық проблемалар туралы білімдерін кеңейтуге, медицинадағы
химияның маңызын түсіндірумен қоса аналитикалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік
береді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
311