Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ОРГАНИКА БӨЛІМІНЕ ЭКОЛОГИЯНЫ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ Ғаппар Д.Р. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к, аға оқытушы Сагимбаева А.Е. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті dina_rau@mail.ru Зерттеу мақсаты білім алушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыруға
бағытталған зертханалық тапсырмалардың маңызын бағамдау.Органикалық химия пәнінен
кіріктірілген сабақтар арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктерін зерттеу .
Зерттеу әдістері. Зертханалық тәжірибелерді, интерактивті оқу құралдары
қолданылды.Мұның бәрі білім алушының оқу-зерттеу, жобалық және ақпараттық зерттеу іс-
әрекетіндегі тәжірибесін дамытуға ықпал етеді.
Зерттеу жұмысына Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттері алынды.Зерттеу студенттерге
зертханалық сабақ барысында анықталды.
Экологиялық білімді кіріктіруде теориялық біліммен қоса, әр түрлі жобалық зерттеу
жұмысы және зертханалық жұмыстардың да едәуір маңызды орынға ие. Зертханалық жұмыс
– студенттердің ең үлкен дербестігін қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастырудың
тиімді түрлерінің бірі.Экологияны органикалық химияға кіріктіре оқытқанда зертханалық
жұмыстар барлау немесе зерттеу сипатында болуы керек. Студенттердің проблеманы алға
қойып, қарама-қайшылықтарды өздері ашуға шақыруы, гипотезаны айтып, оны шешу
жолдарын ұсынуы маңызды. Зертханалық жұмысты жеке, топтық немесе буындық түрде
ұйымдастыруға болады. Әр топта студент жұмысты өз бетінше орындайды, ал жұмыс
қарқыны әртүрлі болуы мүмкін, яғни студенттер бір уақытта орындамайды. Зертханалық
жұмысты орындау барысында мұғалімнің бірізділігін нақты анықтау маңызды: мақсат қою,
нұсқау беру, бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу, дәптерге жазбалар жасау, атқарылған
жұмысты қорытындылау, қорытынды тұжырымдау. Зертханалық сабақ барысында жоғарыда
аталған талаптарды орындау зертханада қауіпсіз жағдайды және қолданылатын реагенттер
мен еріткіштерді үнемдеуге жағдай жасауға, болашақ мамандарда тек химиялық емес,
сонымен қатар экологиялық ойлауды қалыптастыруға ықпал етуі керек.
Қорытындылай
келе, зертханалық сабақтар оқу және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті процесінде теориялық және
әдістемелік білімді кіріктіруге, сонымен қатар білім алушының болашақ кәсіби іс-әрекетінде
маңызды рөл атқаратын практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
313