Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


“ЖАЛПЫ ХИМИЯ” КУРСЫНЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ-



Pdf көрінісі
бет305/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖАЛПЫ ХИМИЯ” КУРСЫНЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ-
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН
ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Дүйсехан Д.А. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Рыскалиева Р.Г. 

Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

duysehanovaaa@gmail.com
 
Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемнің озық отыз елінің қатарына ену жағдайында 
еліміздегі жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру жүйесіне кіріктірілуі қазіргі 
білім беру сапасын жаңғыртуды, жаңартуды, жаңдандыруды, әлеуметтендіруді, 
инновациялық технологиялармен қамтамасыздандыруды талап етуде. Осыған орай, 
республикада жоғары оқу орындарының көп деңгейлі сатысында сапалы да бәсекеге 
қабілетті мамандар даярлаудың қажеттілігі арта түсуде.
Зерттеліп отырған мәселенің пайда болу себебі жоғары білім беру саласын дамытудың 
жетекші тетігіне және инновациялық қоғамды қалыптастырудың бірден-бір шартына 
айналуымен байланысты. Әлемдегі және еліміздегі барлық саланы өзгертудің жоғары 
қарқыны тек тұлғаның ғана емес, сондай-ақ, білім беру жүйесін кәсіби идеал қалыптастыру 
институты ретінде жоғары деңгейде бейімдеу қажеттігін ұсынады.
Осы мәселелерді зерделей келе университеттің химия және химиялық технология 
факультетінде білім алатын студенттерге «Жалпы химия» курсын оқытудың құзіреттілікке 
бағытталған оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын згерту мәселесі туындайды. Әр мамандық 
ерекшелігіне сәйкес осы курстың мазмұнын өзгерту арқылы студенттердің білім деңгейін, 
ой- өрісін, пәнге деген қызығушылығын, сана-сезімін, өмірге көзқарасын өзгертуге болады. 
Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір 
балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын 
қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік- 
экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар 
оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: 
шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең 
білімділік, кәсіби сауаттылық. 
Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Өз 
кәсібін дұрыс таңдай білген студент оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен 
қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы 
маман болатыны белгілі. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
315 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет