БЕЙІНДІК СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ХИМИЯ ПӘНІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Әбілжан А.А. Ғылыми жетекші: х.ғ.к. аға оқытушы Далабаева Н.С. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті abilzhanovainur@mail.ru Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы "Білімді
ұлт" сапалы білім беру ұлттық жобасына сәйкес білім беру мекемелерінің міндеті - ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық
дағдылары дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға дайындап шығу үшін қолайлы орта құру. Білім
беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламасының көп бөлігі өзгеріске ұшырап,
оның ішінде орта мектеп пәндері арасында бейінді сыныптарда екі бағыт бойынша
оқытылатын химия пәні мазмұнына бірқатар жаңалықтар енгізілді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі осы жаңартылған бағдарлама бойынша бейінді
сыныптарға
арналған
функционалдық
сауаттылықты
арттыруға
негізделген,
ақпараттандырылған қазақ тіліндегі есептер жинағының жоқ болуында. Білім алушылар
күрделі тақырыптар жеңіл түрде жеткізілетін, ХХІ ғасыр талабына сай ақпараттандырылған
есептер жинағы арқылы қажетті мәліметті жіті түсіне алады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде
келетін бейінді сыныптардың химия пәні мазмұны аясында кездесетін тапсырмаларды,
сұрақтар мен контекст мәтін сұрақтарды есептер жинағында қамту маңызды.
Білім алушылар ұсынылып отырған есептер жинағы арқылы өзіне қажетті тараулар
бойынша, оның ішінде физикалық химия курсы, тотығу-тотықсыздану реакциялары және т.б.
бейінді сынып бағдарламасындағы тараулар бағытында құнды ақпараттар ала алады.
Есептер жинағында әрбір оқушы тақырыптың теориясымен қоса, көрсетілген есеп
мысалдарымен берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындау арқылы білімін шыңдай алады.
Есептер жинағын құрастыру барысында әр тақырыптың соңында көрсетілген өзіндік
жұмысқа арналған тапсырмалар білім алушының функционалдық сауаттылығын арттыруға
негізделе отырып жасалғандықтан, оқушының аналитикалық ойлау қасиеттерінің,
интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейде болуына септігін тигізеді. Тапсырмалардың
шығарылу жолдарының толық нұсқасын білім алушы ақпараттық технологияны қолдана
отырып, QR-код арқылы көре алады.
Қорытындылай келе, салыстырма-сараптама зерттеу жұмыстары негізінде заманауи
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құрастырылған жинақ білім алушының интеллектуалды
дамуымен қоса, шығармашылық ізденісі мен тұлғалық дамуына айрықша ықпал ететіндігі
айқын.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
317