Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ «БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ»



Pdf көрінісі
бет306/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ «БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ» 
БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
Әбдікова А.Е. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Бейсембаева Л.К. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
abdikovaala@mail.ru

ҚР «Білім туралы» заңында жарияланған білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі «білім 
алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алуы үшін 
арнаулы жағдайлар жасау» қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге 
қабілеттілігін, тұлғаның жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиеленуін қамтамасыз 
етеді.
Қазіргі жасөспірімдерде ақпаратты қысқа бөліктерді өңдеуді меңзейтін "клиптік ойлау" 
қалыптасады. Осындай жағдайда тек теорияны оқыту мен теорияға негізделген 
тапсырмалармен шектелу күн сайын ұлан-ғайыр мағлұмат алып отыратын XI ғ. оқушыларын 
оқытуда нәтиже бермейді. Бұған Алматы қ. «Сенім» жеке меншік мектебінде 7-11-сынып 
арасында жүргізілген №1 сауалнама бойынша 7-сынып оқушыларының 57%-ы, 8-сынып 
оқушыларының 72%-ы, 9-сынып оқушыларының 91%-ы, 10-сынып оқушыларының 88%-ы , 
11-сынып оқушыларының 97%-ы химия пәніне үш ұсынылған баға бойынша («қызықты»-
жоғары, «қалыпты»-орташа, «зеріктірерлік»-төмен) «зеріктірерлік» деген баға бергені дәлел 
бола алады. 
Мәселені шешудің ең тиімді шешімі оқыту технологиялардың бірі - ойын
технологиясын сабақта қолдану. Ойын технологиясы қазіргі таң оқушыларының 
ерекшеліктерін еске ала отырып критериалды бағалау технологиясының принциптерін іске 
асыруға көмегін тигізеді. Сонымен бірге жалпы білім беру мектепте өтетін химия 
сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі басқа да пәндерде бұл 
технологияны енгізуге көмектеседі. Бұл талаптың орындалуы үшін жалпы білім беретін 
мектепте «Бейорганикалық химия» пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану арқылы 
оқушыларының қызығушылығын арттыратын әдістеме құрастырылды. Алматы қаласының 
«Сенім» жеке меншік мектебінде химия пәнінің «Бейорганикалық химия» бөлімінің 
такырыптарын игеру кезінде 7-11-сынып оқушыларының белсенділіктері артып, ойын 
түрінде өткен сабаққа түгел қатысып, сол сабақтарды жақсы меңгерді. 
Қорыта келгенде, дидактикалық ойындарды қолдану оқушыларға қиын тақырыпты 
оңай түсінуіне үлесін тигізіп, танымдық белсенділігін арттырды. Оқушылардың білім 
сапасын арттырудың табысты жолы болып табылады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
316 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет