Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


НЕЛІКТЕН ХИМИЯ ПӘНІН КӨП ОҚУШЫ ҰНАТПАЙДЫ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ



Pdf көрінісі
бет309/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

НЕЛІКТЕН ХИМИЯ ПӘНІН КӨП ОҚУШЫ ҰНАТПАЙДЫ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ
ЖАҚСЫ КӨРГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Әділжан А.Д. 
Ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Оспанова Г.С. 
Сулейман
 
Демирел
 
Университеті
 
Химия дегенде ең бірінші ойға түсетіні «қиын», «ауыр», «бас қатырар пән» сынды 
сөздер екені жасырын емес. Ал егер химияның маңыздылығы мен оның өмірімізде алатын 
нақты орнын, химиясыз әлемнің бос екенін жете түсінсек сондай-ақ түсіндіре алсақ, бұл 
пәнге деген қызығушылығы мол оқушы саны артып, болашақта мықты ғалымдар пайда 
болып, еліміздің тұрмыс-тіршілігі бұдан бетер жақсара түсетіні мәлім. Не себепті көптеген 
оқушы бұл пәнді аса ұнатпайды және елімізде осы бағыттағы мамандар аз? Біріншідіен, 
сабақтың тым қиын әрі түсініксіз көрінуі, қайдан келіп қайдан кеткені түсініксіз формулалар 
мен реакциялар, бір оқып түсунге келмейтін ережелер мен терминдер. Химияның оқушыға 
қиын көрінуі ұстазға тікелей байланысты деп ойлаймын. Ұстаздарымыз дұрыс түсіндірмейді 
деуден аулақпын, бірақ бұл пән ерекше түсіндірілуді талап етеді. Мұғалімдерге мейілінше 
оқушымен бір толқында болып, олардың таным-деңгейлеріне қарай сабақты ыңғайластырып 
өткені дұрыс деп санаймын. Сондай-ақ зауыт-фабрика, өндіріс деңгейіндегі мысалдардан 
гөрі тұрмыста және күнделікті өмірдегі мысалдарды жиі қолданса жақсырақ болар еді. 
Қазіргі таңда Tik-Tok желісінде 
«wanna_be_teacher»
лақап атымен танымал Ұлан Үсенов 
химияны музыка және аниме арқылы (жапон мультхикаялары) байланыстыра түсіндіріп 
көптеген оқушының химияға қызығушылығын оятты. Екінші себеп ретінде көптеген 
мектептерде зертханалық жұмыстардың, практикалық бөлімдердің болмауын, яғни химия 
тек қағаз жүзіндегі реакциялар мен қосылыстар күйінде қалып қоюын атауға болады. 
Мүмкін барлық мектеп керекті құрал-жабдық пен реактивтермен қамтамасыз етілмеген 
болар. Алайда, толық қамтылғанша виртуалды зертханаларды қолдануға болады. Үшінші 
себеп, бала осы ғылымның маңызын шынайы сезініп түсінбеуі. Мұғалім тарапынан 
химияның адам өміріндегі орны мен мәні дұрыс әрі толық түсіндірілсе, бұл пәнге сұраныс 
артары сөзсіз. Мәселен, ішкен асымыздың қорытылуы, тақтаға жазатын бор мен қаламның 
жасалуы түрлі химиялық процесстер арқылы жүзеге асатыны жиі айтылып отыруы шарт. 
Сонымен, химияны жақсы көретін, қызығып оқитын оқушылардың көп болуының қандай 
маңызы бар? Қазақстанның түрлі пайдалы қазбалар мен ауыр және түсті металлдарға, сирек 
кездесетін изотопторға бай болуына қарап химиялық өнеркәсіп бойынша болашағы зор 
екенін айтуға болады. 
Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Оның 
ерекшелегі, табиғатта кездеспейтін заттарды синтездеп шығарып, күнделікті өмірде қолдана 
алу. Ал осы процесстерді жүзеге асыруда білімді, талапты химиктердің көп болуы маңызды. 
Болашақта еліміз тек шикізат өндіретін ел болып қана қалмай, оларды өңдеп нарыққа 
шығаратын экономикасы дамыған ел қатарында болатынына сенімім зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет