«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
320
ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕГІ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН
ҚИЫНДЫҚТАР
Әлмахан Ә.А.
Ғылыми жетекші: PhD аға оқытушы Оспанова Г.С.
Suleyman Demirel University
200310043@stu.sdu.edu.kz
Химия - адам өмірінде маңызы бар өте үлкен ғылым саласы. Оны игерудің басты
қағидасы зертханалық жұмыстармен айналысу. Қазақстандағы химия пәні практикалық
білімге қарағанда теориялық білімге негізделген, оның басты себептерінің бірі зертханалық
жұмыстардың толыққанды өтілмеуі немесе көптеген мектептерде толық жабдықтармен және
реактивтермен қамтамасыз етілмеуі болып табылады. Көптеген лицей немесе гимназия
санатына жатпайтын мемлекеттік орта мектептерде есепті жақсы шығара алатын, бірақ
реактивтерді көргенде оларды ажырата алмай жататын оқушыларды кездестіре аламыз. Бұл
жағдайды тек мемлекет тарапынан қаржы бөліп, орта мектептердегі зертханалық
жағдайларды жақсарту арқылы немесе виртуалды зертханаларды іске қосу арқылы шеше
аламыз.
Білім берудегі екінші өзекті мәселе пәндердің арасында үйлесімділіктің болмауы.
Химия өз бетінше дербес пән болғанымен, мектеп бағдарламасында ол математика, биология
және физика сияқты жаратылыстану бағытындағы негізгі пәндермен интеграция жасауы
керек. Мысалға периодтық кестені физикадан атам құрылысын оқып таныған кезде
түсіндірілуі қажет.
Химияның мектеп пәні ретіндегі рөлі ол оқушыларды жоғарғы оқу орнына дайындау
болып табылады. Ол үшін вариативтік компоненттердіің бітіруші сыныптар үшін саны артуы
қажет. Мектеп бітірген оқушы жоғарғы оқу орнына барғанда химия курсының күрделенуі ол
үшін
жеңіл
өтуі
керек.
Кітаптарды
жазу
барысында
мемлекетіміздегі
университеттердің бірінші курс білімгерлеріне оқытылатын химияны зерттеу осы жолда өте
маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: