Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет312/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
321 
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА «ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС» ТАРАУЫН ОҚЫТУДА 
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ 
 
Жолмагамбетова У.Б. 
Ғылыми жетекші: PhD аға оқытушы Сатыбалдиев Б.C. 
Әл
-
Ф
a
р
a
би
 a
тынд
a
ғы
 
Қ
a
з
a
қ
 
ұлттық
 
унив
e
рсит
e
ті
 
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында бакалавр студенттеріне пәнді оқыту барысында 
көптеген әдістер мен технологиялар қолданылады. Соның ішінде, оқу процесінде ойын 
технологиясының тиімділігі әлі күнге дейін нақты анықтала қоймаған және де 
оқытушылардың арасында біреуі бұл технологияны тиімді деп санаса, ал кейбір оқытушылар 
бұл технология мектеп оқушылары үшін ғана тиімді деген көзқарас пен пікірде. Сол себепті 
де, ойын технологиясын қолданудың негізгі мақсаты – жоғарғы оқу орнындағы білім 
алушыларға нақты химия пәнінің бір тарауын оқыту барысында ойын технологиясын 
қолдану арқылы оның тиімділігін анықтау болып табылады. Ойын технологиясы арқылы 
студент пәннің нақты қызмет тәжірибесін меңгере отырып, оқыту барысында бақылаушы 
ретінде ғана емес, сабаққа қатыса отырып, қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуді үйрене 
алады. Бұл технологияны қолдану арқылы, оқу процесінде студенттердің алған білімді 
болашақта жақсы нәтижеге айналдыра алуға мүмкіндік бере алады.
Ойын технологиясы мен «Химиялық байланыс» тарауын байланыстыру арқылы сабақ 
өту процесі, жасөспірім студенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып танымдық іс-
әрекеттерін белсендендіру әдістерін анықтау. Әдістеме «Химиялық байланыс» бөліміне 
арналып құрастырылады. Яғни тәжірибеге қатысушылар жоғары оқу орнының студенттері. 
Жаратылыстану ғылымдарының бірі химия пәніне жоғары оқу орынының студенттерінің 
қызығушылығын ойын технологиясы арқылы арттырудың тиімді әдістерін құрастыру. Ойын 
технологиясында қолданылатын әдістер модульдік және интерактивті технологияларды 
қамтиды және техникалық базаның бар болуын талап етеді. 
Қазақстан ЖОО орындарында бакалавр студенттері үшін ойын технологиясы әдісі көп 
қолданылмайды. Қолданылған күннің өзінде қаншалықты тиімді екені анықталмаған. 
Ұсынылған жұмыста бакалавриат студенттеріне жалпы химия курсында «Химиялық 
байланыс» тарауын ойын технологиясы арқылы сабақ өту процесінде студенттердің оқу 
материалдарын қаншалықты тез игере алу процесін анықтау және де оқыту әдісін қалай және 
қаншалықты тиімді қолдануға болатындығы анықталады. Тиімділігін арттыру және анықтау 
мақсатында, ойын технологиясы әдісіне өзгерістер енгізіліп, болашақта басқа мұғалімдер 
қолдануына ұсынылатын болады. Ойын технологиясы оқыту әдісін, зерттеулер тиімділігі 
анықталу нәтижесінен кейін ҚР ЖОО-ның жалпы химия мамандығының оқу сапасын және 
сабақ өту тиімділігін арттыру мақсатында мұғалімдерге ұсынуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет