Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КӨМІР КҮЛІ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ КӨЗІ



Pdf көрінісі
бет275/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

КӨМІР КҮЛІ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ КӨЗІ 
 
Исабекова С.А., Аманкелді Қ.Ж. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к Исмаилова А.Г.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
Көмір күлі – бүкіл әлемде үлкен көлемде пайда болатын қалдықтар болып табылатын 
пайдаланылмаған ресурстардың бірі. Орташа алғанда, әлемдік көмір мен көмір күліндегі 
СЖМ концентрациясы сәйкесінше шамамен 60 мг/кг және 530 мг/кг деп бағаланды. Егер 
үнемді өнеркәсіптік тиімді өндіру процестері дамыған болса, көмір күлін перспективалы 
ресурс ретінде қарастыруға болады. 
СЖМ Қазақстанда да көмірмен ілеспелі түрде жүреді. Айта кетсек, Қарағанды, 
Екібастұз, Қаражыра, Майкүбен, Шұбаркөл көмір бассейндерінде кездеседі. Көмір күлінің 
матрицасынан сирек жер элементтерін анықтау үшін ерітіндіге ауыстыру әдістерінің бірі – 
күшті минералды қышқылдармен (HCl, HNO

және т.б.) жоғары температурада еріту. 
Зертханада ашық әдіспен төрт түрлі көмір күлі (Екібастұз, Шұбаркөл, Қаражыра, 
Майкүбен) үлгілері концентрлі азот қышқылында ерітілді. Екібастұз көмір күлі Астана 
қаласындағы ЖЭС-1-ден алынған. Ал қалған көмір үлгілері көмір бассейндерінен алынды, 
жандырып, күлге айналдырылды. Көмір күлдері ерітілмес бұрын, 650-700°C-та муфель 
пешінде күйдірілді. Алынған ерітінділер ICP-MS-ке металдар концентрациясын анықтауға 
берілді. Есептеулер жүргізу арқылы ерітінді құрамындағы макрокомпоненттер Na, Mg, Al, K, 
Ca, Ti, Mn, Fe, Cu, Zn, Sr, Ba екендігі анықталды, олардың мөлшері 60 – 60

10
3
мг/кг және 
СЖМ туралы сандық мәліметтер алынды. СЖМ кедергі жасайтындары: Zr, Cu, Fe, Al, Ca. 
Екібастұз көмір күлі құрамында СЖМ-нан Sc, Y, La, Ce, Pr, Nd, Sm, Eu, Gd, Dy, Ho, Er, 
Yb кездеседі, СЖМ суммасы мөлшері 39,38 мг/кг. Оның ішінде Y 9,31 мг/кг, Ce 9,56 мг/кг. 
Шұбаркөл көмір күлі құрамында барлық СЖМ кездеседі, СЖМ суммасының мөлшері – 
446,89 мг/кг. Оның ішінде Y 96,91 мг/кг, Nd 67,65 мг/кг. Қаражыра көмір күлі құрамында 
барлық СЖМ кездеседі, СЖМ суммасының мөлшері – 255,39 мг/кг. Оның ішінде Y 53,15 
мг/кг, Ce 52,85 мг/кг. Майкүбен көмір күлі құрамында Tb, Tm, Lu басқа СЖМ кездеседі, 
СЖМ суммасының мөлшері – 48,39 мг/кг. Оның ішінде Y 9,31 мг/кг, Nd 7,88 мг/кг.
Жеңіл СЖМ мөлшері ауыр СЖМ қарағанда жоғары болып келеді. Яғни, Қазақстандағы 
көмір бассейндерінің құрамында жеңіл сирек жер металдары (церий тобы) көп мөлшерде 
кездеседі. СЖМ концентрациясы Екібастұз < Майкүбен < Қаражыра < Шұбаркөл қатарында 
артады. 
Қорытындылай келе, СЖМ Екібастұз бен Майкүбен көмір бассейндеріндегі қоңыр 
көмірге қарағанда, Шұбаркөл және Қаражыра көмір бассейндеріндегі тас көмір құрамында 
көбірек кездеседі. Көмір күлі техногенді қалдық болғандықтан СЖМ мөлшері негізгі 
құраушылардан салыстырмалы түрде өте төмен концентрацияларда кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет