Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


"МЕДИКА- БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ПОЛИМЕРЛЕР ХИМИЯСЫ" ПӘНІ



Pdf көрінісі
бет318/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

"МЕДИКА- БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ПОЛИМЕРЛЕР ХИМИЯСЫ" ПӘНІ 
БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАСАУДА EDPUZZLE 
ПЛАТФОРМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ШАРТТАРЫН АЙҚЫНДАУ 
 
Кенжесейт М.Е. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Үркимбаева П.И 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
meru4882@gmail.com

Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру 
жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Білім беруді ақпараттандыру және оқытудың 
жаңа технологияларын қолдану қәзіргі кезде өзекті болып табылады. Оқытудың жаңа 
технологиясы ретінде Edpuzzle платформасы таңдалды. Білім беру саласы көптеген 
жаңашылдықтарға йе болып келеді. Солардың бірі-зертханалық бейнесабақтар. 
Бейнесабақтар студенттердің өзін-өзі дамытуға, жеке форматта материалдарды игеруге 
құзіреттілігін арттыруға, жаңашылдыққа, дағдылар қалыптаcтыруға, техниканы меңгеруге 
септігін тигізеді.
Зерттеу нысаны ретінде ҚР Жоғарғы оқу орындарында «Медико-биологиялық 
мақсаттағы полимерлер химиясы» пәнін оқыту процессі қарастырылады.Бұл жұмыстың 
мақсаты- 
"Медика-биологиялық 
мақсаттағы 
полимерлер 
химиясы" 
пәні 
бойынша зертханалық жұмыстарды жасауда Edpuzzle платформасының тиімді шарттарын 
айқындау.Ол үшін қарастырылатын міндеттер: 
1.
«Медико-биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы» пәні бойынша 
Edpuzzle платформасындағы бейне сабақтарға талдау жасау; 
2. «Медико-биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы» пәні бойынша бейне 
зертханалық жұмыстарды түсіріп, моделін жасап, Edpuzzle платформасында құрастыру ; 
3. «Медико-биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы» пәні бойынша
зертханалық жұмыстардың моделін дидактикалық эксперименттер арқылы Edpuzzle 
платформасында өтудің тиімділігін дәлелдеу. 
Міндеттерді орындауда қолданылатын әдістер: 

талдау, салыстыру, модельдеу, 
бақылау, педогогикалық эксперимент, сауалнама, зертханалық жұмыс, сұрақ-жауап,
тестілеу, тексеру, сынақтан өткізу, зерттеу анализі. 
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы жоғары оқу орындарына арналған "Медика-
биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы" пәні бойынша зертханалық жұмыстарды 
жасауда Edpuzzle платформасын қолданудың тиімділік шарттары шарттары айқындалды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
328 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет