Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА



Pdf көрінісі
бет316/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА 
“БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ” КУРСЫН ОҚЫТУДА ТӘЖІРИБЕЛІК - 
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН 
ДАЙЫНДАУ 
 
Камалова Г. С. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Тугелбаева Л. М. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
Қазіргі күні кез-келген саланың қызметін дұрыс атқаруы оның қажетті ақпаратты дер 
кезінде иеленуіне, іс-әрекетті үздіксіз жетілдіріп отыруына байланысты. Ол үшін 
мамандардың біліктілігін жүйелі түрде көтеруі міндет. Осыған орай, білім беру орындарына 
қажетті химиядан әдістемелік кешен “Бейорганикалық химия” курсын оқитын техникалық 
мамандықтарға қажет. Химия пәні үшін әдістемелік кешен ұсыну арқылы білім алушыларды 
практикалық химияға қызықтыруға, химия төңірегінде білімдерін кеңейтуге, қабілеттерін 
дамытуға мүмкіндік береді.
Техникалық мамандықтарға “Бейорганикалық химия” курсын оқытуда тәжірибелік - 
практикалық жұмыстар бойынша оқу әдістемелік кешенінің өзектілігі
 
- ЖОО-дарындағы 
техникалық мамандықтарға “Бейорганикалық химия” курсын оқытуға арналған әдістемелік 
кешенінің жаңаша үлгісін ұсыну мен қолжетімділігін арттыру, оны қолдану мәселесі 
туындап отыр. Бейорганикалық химияны қажет ететін техникалық мамандықтың студенттері 
үшін пән аралық байланысты тиімді жүзеге асыру әркезде өзекті.
Заманауи әдістемелерді қолдануды керек ететін пән – “Бейорганикалық химия” пәні. 
Бейорганикалық химияны қажет ететін ЖОО-дарындағы техникалық мамандықтар үшін оқу 
әдістемелік кешеннің жеткіліксіз екендігі анық. Химиялық білімді адам өмірімен, қоршаған 
орта, тұрмыстық химия қатысында түсіндіріліп, соған сай әдістемелік кешен әзірленсе бұл да 
бір жаңашылдық болар еді. Осыған сәйкес, қарастырылып отырған тақырыпқа сай, осы 
уақытқа дейінгі мәселелер мен жеткіліксіз тұстары сарапталып, отандық және шетел 
әдебиеттеріне шолу жасалып, теориялық тұрғыда негізделді. Егер ЖОО-дағы білім 
алушыларға «Бейорганикалық химия» курсы бойынша құрастырылған оқу-әдістемелік 
кешені арқылы сабақ жүргізілсе, химия бойынша білімдерін жүйелі арттырып, сол білімдерін 
тұрмыста, өндірісте, тіпті қоршаған ортада қолдана алар еді.
Осы әдістемелік кешеннің жаңаша үлгісін ұсыну барысында шетелдік әдебиеттер мен 
отандық тәжірибелерге сүйене отырып оқу әдістемелік кешеннің құрылымы, бөлімдері 
тақырыпқа сай жаңашылдығы, теориялық және практикалық қызметтері зерттеліп, әр 
бөлімге сай бейорганикалық химия бойынша мәліметтер жинақталуда. Химия пәні үшін 
әдістемелік кешен әзірлеу барысында ұсынылатын тақырыптарға сәйкес талдау жүргізілуде, 
жаңашылдық енгізу мақсатында шетелдік жоғарғы деңгейдегі оқу бағдарламасына сәйкес 
келетін озық әдіснамалардың құрылысы қаралып, ұсынылған тақырыпқа жаңашылдық 
енгізілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет