Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет321/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
330 
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ҚР МЕКТЕПТЕРІНДЕ «ХИМИЯ» 
КУРСЫН ОҚЫТУДА «CLIL» ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІК 
ШАРТТАРЫН АНЫҚТАУ 
 
Кәрім Н.Е. 
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., х.ғ.к. Бекишев К.
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
karimnurgul974@gmail.com

 
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам 
басты. Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа 
технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Біздің елімізде білім беру 
жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін 
оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің 
тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы жерде білім беру жүйесін жаңғыртудың үшінші 
бағыты қазіргі таңда өзекті болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін 
көздейді.
Заманауи тиімді әдістемелерді қолдануды аса қажет ететін пәндердің бірі – химия.
«Химия» курсын тілді кіріктіріп оқыту арқылы білім деңгейін арттыруға болады. Қазақстан 
Республикасының білім беру бағдарламасына сүйенсек, дүниежүзілік білім беру жүйесіне 
тез енуі үшін білім алушылар жоқ дегенде екі тілді (соның ішінде ана тілін) білуі шарт. Осы 
мақсатқа жету жолында білім беру саласының мамандары түрлі әдістерді қарастыруда. 
Соның ішінде көзге түскен ерекше ұсыныстардың бірі «шет тілі арқылы мазмұнды оқыту» 
немесе «мазмұн мен тілді біріктірілген оқыту» (CLIL) деп аталады. Қазіргі уақытта 
Қазақстанның барлық мектептерінде жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту 
жүзеге асырылуда.
Бұл жұмыстың мақсаты - әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы «Химия» курсын 
оқытуда «CLIL» әдістемесін қолданудың шарттарын теориялық тұрғыдан негіздей отырып, 
«Химия» курсындағы тапсырмаларды ағылшын тілі деңгейіне сәйкес құрастыру, және 
оқушылармен тәжірибе жүргізу арқылы тиімділік шарттарын анықтау.
Әлеуметтік-гуманитарлық бағытта “Химия” пәнінен сабақ беретін оқытушылар «CLIL» 
әдістемесінің тиімділіктерін көру арқылы тәжірибе жасап біліктіліктерін арттыра алады. 
Сондай-ақ, оқушылардың танымдық дағдыларын ойлаудың қарапайым (танып-білу, 
сәйкестеніру, түсіну) деңгейінен, жоғары (талдау, жинақтау,зерттеу, бағалау) деңгейіне 
қарай жетуіне ықпал ете аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет