Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет323/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
332 
«ФОСФАТ МИНЕРАЛДАРЫНАН БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР АЛУ» 
ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖАСАУ 
Қалаубек С.М. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.д., доцент Балғышева Б.Д. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
kalaubeksymbat.@gmail.com
 
 
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс табиғи ресурстарды тұтыну мен өндірісті дамыту 
қарқынын үнемі жеделдетумен байланысты. Өндіру мен тұтыну көлемі бойынша жетекші 
орындардың бірін фосфор тұздары мен қосылыстары алады. Алайда, өндіру және өңдеу 
технологиясының жетілмегендігіне байланысты химиялық шикізаттың үштен бірі жоғалып, 
қалдыққа айналуда. Нәтижесінде, экологияға және адамға теріс әсер етіп, қауіп төндіретін 
мәселе туындап тұр. Сондықтан адамзат алдында табиғи ортаны қорғау адамдардың өмірлік 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін табиғатты ұтымды пайдалану міндеті 
тұр. Сол себепті фосфат минералдарынан пайдалы материалдарды алу өзекті болып 
табылады.
Курстың материалдарын оқу нәтижесінде студенттер фосфат минералдарынан 
тыңайтқыштар алып, топырақтың құнарлығы мен ауылшаруашылығы өнімі мен сапасын 
арттыру үшін қолданып ғана қоймай, оларды өңдегеннен пайдалы материалдарды алуға 
болатындығы жөнінде теориялық және қолданбалы материалды жете меңгеріп, кәсіби 
құзыреттілігін арттырады.
Сондықтан нысан ретінде
 
жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың химия және 
технология мамандықтарының оқу процесі қарастырылады.
Бұл жұмыстың мақсаты
 
«Фосфат минералдарынан бейорганикалық материалдар алу» 
элективті курсының оқу әдістемелік кешенін құрастыру. Ол үшін қарастырылатын 
міндеттер

1.
Әдебиеттік шолу жасап, мәселенің жағдайына сараптама жасау; 
2.
«Фосфат минералдарынан бейорганикалық материалдар алу» элективті 
курсына онлайн және офлайн жағдайында әдістемелік кешен жасау; 
3.
Дидактикалық эксперименттер арқылы әдістемелік кешеннін тимділігін 
анықтау. 
Міндеттерді орындау да қолданылған әдістер: бақылау, дидактикалық, педагогикалық 
тәжірибе, студенттермен кері байланыс, анализ. 
Зерттеу жұмысының жаңашылдылығы
 
жоғары оқу орындарына арналған «Фосфат 
минералдарынан бейорганикалық материалдар алу» элективті курсының мазмұны таңдалып 
және қашықтықтан оқытуға бейімдеп оқу-әдістемелік кешені құрастырылды, нақты 
материалдармен әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет