Тәжірибе барысында келесі міндеттер шешілуі керек:
Арнайы білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық қызметке студенттердіңтұрақты қызығушылығын тәрбиелеу;
Студенттердің арнайы білімдерін практикалық қызметте пайдалану барысында бекіту және тереңдету;
Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру және түзету-дамыту міндеттерін шешу;
Студенттердің психологиялық-педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарасын қалыптастыру, өз еңбегінің нәтижелерін талдау дағдыларын, өз бетінше білім алу қажеттілігін қалыптастыру.
Тәжірибенің соңында студент мыналарды білуі керек:
- бұзылу түрлері (есту/сөйлеу/интеллект/көру)бойынша арнайы мектептердің құжаттама түрлері;
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған диагностикалық материалды таңдау ерекшелігі.
Тәжірибенің соңында студент келесі әрекеттерді орындай алуы керек:
- Алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану;
-Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізу және мүмкіндігі шектеулі оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау;;
- Қойылған талаптарға сәйкес практика күнделігін жүргізу.
3. Пәннің пререквизиттері
Практикадан өту үшін студенттерге келесі пәндер бойынша білім қажет:
- "І-ІІ арнайы білім берудің Био-клиникалық негіздері (есту, сөйлеу және көру органдарының анатомиясы, физиологиясы және патологиясы, Невропотология)";
- "Арнайы педагогика";
- "Психологиялық-педагогикалық диагностикасы бар арнайы психология";
4. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
ТАҚЫРЫПТАР МЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ШАМАМЕН БӨЛУ
Достарыңызбен бөлісу: |