Студенттің білімін тексеруге арналған тест



бет19/65
Дата08.02.2023
өлшемі1,62 Mb.
#167889
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
Ñòóäåíòò³? á³ë³ì³í òåêñåðóãå àðíàë?àí òåñò
Шляхова В.А. Английский язык для экономистов
Материализм - материяның алғашқылығы туралы
философиялық дүниеге көзқарас.
Идеализм идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниегекөзқарас.
Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея.
Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея.
Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады. Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар. Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері жатады: мифологиялық, діни және философиялық.
Негізгі мифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар мен елестету болып табылады. Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім. Философиялық көзқарастың негізі –сана.
Философия әдістері. Философия гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану, барлық ғылымдардың әдіснамасы.
Методология (әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер ілімі.
Әдіс - теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі. Әрбір білім аумағының өзіндік зерттеу пәні, қолданатын ерекше әдісі болады.
Философиялық әдістің ерекшеленетін қасиеті – әмбебаптылығында. Бұл әдістер ақиқатқа жол сілтей отырып, барлық жерде қолданылады. Диалектика осы әдістер қатарына жатады. Бұдан да басқа, жеке философиялық әдістер, сондай-ақ герменевтика, эклектика, софистика және т.б. бар.
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп-салдар, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылатын философиялық әдіс. Диалектикаға қарама қарсы философиялық әдіс метафизика болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет