6-тақырып. Білім, ғылым, техника және технологиялар
Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. Осындай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде түрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар жаңа пәндер туды: ғылымтану (науковедение), ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және ғылыми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бұл ғылымдардың ішінде жетекші орын алатын ғылым философиясы болды.
Ғылыми қызметтің түрлі жақтарын зерттеуші пәндер жүйесінде ғылым философияның орнын анықтау үшін оны басқа пәндерден айырып тұратын айрықша ерекшеліктерін ашып көрсету қажет. Егер ғылым тарихы деструкциялық, яғни тек баяндаушы ғылым ретінде түрлі ғылымдардың түрлі тарихи кезендерде ашқан жаңалықтарын ретіне қарай баяндап берумен айналысса, ғылым философиясының басты міндеті ғылыми таным процесін, оның заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Одан ғылым социологиясының айырмашылығы сол, ол ғылыми мекемелер мен қауымдастықтарының құрылысын, ғылыми мекеме мүшелерінің арақатынасын, т.б. ұйымдасу жақтарын зерттейді. Алайда ғылым философиясынан басқа бір де бір ғылым ғылыми зерттеу процесінің өзін, ғылымның өсуі мен даму заңдарын арнайы зерттемейді.
Сөйтіп, ғылым философиясының негізгі пәні қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Ғылыми білімді негіздеудің, дамытудың жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, ғылым философиясы қоғам тарихының түрлі кезеңдерінде объективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдық (тиімді) әдістері мен нормаларын табады. Алайда ғылым тарихшыларының мұқият зерттеп жинақтаған зерттеулерін пайдаланбайынша ғылым философиясы ол міндетті өз бетінше орындай алмайды. Соңдықтан ол бұл жерде ғылым тарихшыларының көмегіне сүйене отырып, ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады. Ғылым социологтарының зерттеулері ғылыми білім өндірудің қазіргі нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Ал ғылыми-творчестволық еңбекке психологиялық талдау жасаудың нәтижелері ғылыми ақиқат іздеудің логикалық-методикалық және психологиялық әдістерінің арасындағы айырмашықтарды анықтап, таным процесінің объективтік және субъективтік критерийлерін (өлшеуішін) ажырата білуге көмектеседі. Бұл бір жағынан.
Екінші жағынан алғанда, ғылым философиясы жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер үшін дүниеге көзқарастық және методологиялық тұрғыдан жалпы бағдар болып табылады. Ғылыми жаңалықтың нәтижелерін (ғылыми білімді) оны ашу процесіне (таным процесіне) қарама-қарсы қоюшы неопозитивистер мен сыншыл рационалистердің (К.Поппер т.б.) әрекеті ғылымды зерттеуші ғалымдардың күшін біріктіріп үйлестіруге көмектеспеді. Сондықтан ғылым дамуының гипотезалық-дедукциялық әдісіне негізделген олардың бағыты сынға ұшырағаннан кейін оны талдаудың жаңа әдіс- тәсілдерін іздеу басталды. Ғалымдардың көпшілігі неопозитивистердің ғылыми білімді негіздеумен ғана шектелуі жаңа ғылыми идеялар мен гипотезалар табудың немесе жасаудың мүмкіндігін жоққа шығара алмайтынына баса назар аударды. Мұндай жұмысты ғылым философтары ғылыми творчество саласында психологиялық зерттеу жүргізуші ғалымдармен және сондай-ақ компьютерлік ғылымдардың өкілдерімен бірлесе жүргізуі тиіс. Жаңа ғылыми идеялар іздеп табу процесіне сын көзбен талдау жасау, жаңа зерттеу проблемалары міндеттерін ұсыну ғылыми зерттеудің нақты барысын дұрыс түсінуге мүмкіндіктер тудырады. Сол себепті де неопозитивизмді сынаушылар ең алдымен оның ғылым философиясына қарсы шықты, өйткені ол философия өзінің міндетін тек ғылымды негіздеу ісімен ғана байланыстырды.
ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың таң қалдырар айқын жетістіктерінің дәмін татқандар, білім беру сферасын әлемнің түкпір түкпіріне тез арада жеткізуге мүмкіндік тауып, технократтық бағыттағы білімге, тапқырлыққа және соған дағдылануға алып келді. Өзінің осы міндетін білім беру саласы мүмкіндігінше табысты атқаруда. Дәл осы бағытта ұстаздар өз мүмкіндігін көрсетуі тиіс, методикалық өнделген материалдар, әр түрлі жаңа компьютрлік құралдар мен ақпараттық техникалар және т.б. психологиялық оқытушылық позициялары әрдайым айтарлықтай анықталмаса да осы міндеттер ұстаздарға жүктелген. Адамдарды қоршаған материалдық және рухани дүниелердің тұтас бейнесі жас ұрпақтарды қалыптастыруда, олардың әрбірінің ұғыну қабілетіне тән тұтас адами қауымдастық, рухани, мәдени, ізгілік құндылықтарының ұрпақтан ұрпаққа берілуі, олардағы ұлттық және жалпы адамзаттық түсініктері, тәрбиелік, гуманитарлық білімдерде негізделіп жүзеге асуда. Білім берудің философиялық статусын анықтау өте қиынға соғады. Бүгінгі танда білім берудің философиялық статусын анықтауда үш негізгі тәсіл нақты түрде ұсынылып отыр. Олардың біріншісі, білім берудің философиясы деп, ерекше қолданбалы философия тұрғысында философияға қатысты білімдердің көп салаларының бірі ретінде таңыуы. Бұл тәсіл білім берудің статусымен және оның біршама тұтас бейнеде дамудағы зандылықтарын негіздеуде жалпы философиялық жағдайды пайдалану толықтай жеткілікті деп санап, осылайша білім берудің көп жоспарлы қызметтеріне жүйелі, мақсатты аспектлерін ұсынады. Осыдан келіп, білім берудің философиясы жалпы философиялық доктриналарды(позитивизм, антипозитивизм, эмпиризм, релятивизм, реализм, постмодернизм, экзистенциализм, прагматизм, неотомизм, персонализм және т.б.) «айналып өтуге» тура келеді, немесе оқытушылықпен түйісуге алып келеді(оқытушылық методологиясымен), яғни олардың өзіндік болмысының ішкі мәніне үнілу арқасында.
Білім берудің философиялық статусының екінші тәсілі, негізінен мобилизациялаудағы тәрбиелеу ресурстарын қорғауға, сақтауға бағытталып, оған қол сұғқандарға жол бермей дамуына шара жасап бағады. Білім берудің философиялық дамуының тұтастығына күмән туады, яғни оның жеке дара ғылым ретінде. Сондықтанда тәрбиелеу методологиясымен немесе жалпы тәрбие беру шенберінде философиялық негіздегі күрделі сұрақтарды шешу негізінен жеткілікті.
Білім берудің философиялық статусының үшінші тәсілі алдынғы екеуінен түбірімен өзгешерек келеді. Оның негізінде –білім беру философиясының қалыптасуындағы дедуктивтік және индуктивтік логиканың үйлесімділігі пән аралық ғылым салаларының толықтырушысы ретінде орын алады. Әрине, жалпы философиялық идеялардың дедуктивтік таралуы және білім беру сферасының ерекше орын алуы мүмкіндік пен қажеттілікті тудырады. Сонымен қатар, плюралистік философиялық тәсіл қайда демократия және қызығушылық болса, сонда тек бір философиялық доктринаның жетегінде болуын қатан қадағалап жалғыз идеологиялық талаптармен тыйып отырады. Индуктивтік логика білім беру философиясының қалыптасуына толықтай ықпал етіп, білім берудің шенберін практикада ашып көрсету, жана идеялардың пайда болуына алып келеді және білім берудің философиялық мәніне назар аударып тіршілікке қолайландырады. Сонымен қатар логиканың дедуктивтік ойлау формасында теріске шығармайды. Білім берудің философиялық тұрғыдағы даму жолына осындай терен талдау жасау қажетті нәрсе болып танылады. Осылайша, білім берудің философиясы – қолданбалы философиядан өзгешелігін көрсетеді. Бұл ғылыми білімнің толықтай өз бетімен дамып отыратын арнасы болмақ, яғни астарында тек қаншалықты жалпы философиялық ілімдердің болуынан емес, оның барлық қызметтеріндегі білім беру сферасының дамуына объективтік зандылықтардың орын алуынан(яғни) олар әрине бұны ескеруге тиісті). Ғылым ретінде білім берудің философиялық пәні болып мыналар, яғни білім беруге тікелей қатысы бар фундаенталдық негізгі функциялары мен білім берудің дамуын, пән аралық теорияларын, зандарын, зандылықтарын, категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, қағидалрын, постулаттарын, ережелерін, методттарын, гипотездерін, идеялары мен фактлерін жатқызуға болады. Білім берудің құндылық сипаттарын бір бірімен байланыстағы үш негізде ұсынуға болады: білім беру бұл мемлекеттік құндылық ретінде; білім беру бұл қоғамқұндылығы ретінде; білім беру бұл тұлға құндылығы ретінде. Қоғам мен мемлекет ұғымдары бір біріне ұқсас емес, ал олардың арасындағы өзара қатынастар өте күрделі болып келеді. Білім берудің дамуы барысында мемлекет пен қоғам ұмтылыстары әрдайым сәйкес келебермейді. Мемлекет аясында білім берудін беделі алда тұрғанымен, яғни қоғам денгейінде де, мемлекет амалсыздықтан берген уәдесін орындағандай білім берудің даму қарқынына ат салысады.
Білім берудің сапасына үнілер болсақ – бұл тек құндылық, жүйе немесе процесс қана емес. Бұл – мемлекет, қоғам және тұлғаның барлық құндылықтарының білім беру процесінде мағынаға ие болатын жемісі, яғни эконмикалық, адамгершілік, парасаттылық денгейінің көрінер айнасы болмақ. Алдағы тұрған мақсат еліміздегі, әлеміміздегі барлық адамдардың материалдық-рухани манызды құндылықтарына талдау жасай отырып, білім берудің денгейін көтеру үшін барлық пән аралық мәселелердің кешенің қайта өндеу керектігі. Бұл міндет өз шешімін өркениеттің масштабында жүзеге асырады. Оның қажеттілігі күннен күнге арта түсуде. Білім беру жүйесінің шынайылығын мойындап, халықтардың рухани, мәдени және діли құндылықтарын, экономикалық бәсеке қабілеттілігін ескере отырып, әлем болып бірлескенде ғана кез келген ел терезесі тең денгейде өмір сүреді. Педагогикалық білім беру, өзін өзі оқыту және педагогтардың сапасын арттырудың барлық жүйесі сол оқу орнында және сол қоғамда орын алып отырған әлеуметтік экономикалық жағдайдан көш бойы озық тұруы қажет. Оны себебі мынада, барлық білім берудің буыны, барлық білім берудің практикасы болашаққа, дамуға қызмет етеді, демек, дайындау жүйесі педагогтардың сапасын арттыру олардан әлде қайда биік тұруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |