Сулейменова зауре екпиновна



бет10/11
Дата08.06.2018
өлшемі1,76 Mb.
#41652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі: күндізгі, сырттай

Көкшетау 2014ж.



Әдістемелік нұсқаулар Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және СӨЖ сабақтарға арналған талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған

« 17 » 06 2014 ж. хаттама № 11


Кафедра меңгерушісі Мурзина С.А.


Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған



« 19 » 06 2014 ж. хаттама №10

ОӘК төрағасы Сыздыкова Б.Р.



Кіріспе
2005 жылдан бастап Қазақстан ЖОО оқыту кредиттік технология жүйесінде жүруде. Кредиттік технология оқытудың дербестігін, студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз жүйесіне айналдыруды көздейді.

Казақстандық білім беруді модернизациялау тұжырымдамасы студенттің оқу үдерісінде өзіндік жұмысының рөлін арттыруға бағытталған белгілі деңгей мен профильдегі білікті мамандарды даярлауды, еңбек нарығында бәсекелес және құзіретті, өз мамандығын еркін меңгерген мамандарды даярлауды қарастырады.

Студенттің өзіндік жұмысы – оқу, зерттеуші және өзіндік білім алу сипатындағы әртүрлі тапсырмаларды орындау, кәсбіи білім жүйесін меңгеру құралы, танымдық және кәсіби іс-әрекет тәсілі, телекоммуникация құралдарын қолдану арқылы, кәсбіи шеберлік пен шығармашылық іс-әрекет дағдылары мен біліктерін қалыптастыру құралы, дәріс және мәтіндік материалмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру құралы.

Студенттің өзіндік жұмысының көлемі, соның ішінде ЖММБС сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының көлемі, студенттің оқу мерзімінің 50 %-дық көлемін құрайды. Оқу семестрі барысында студенттің өзіндік жұмысына жүйелі түрде бағыт беріледі, түзетіледі және оқытушының тарапынан тексеріліп отырады.


Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері_ пәнінен жүргізілетін СӨЖ негізгі міндеттері:


  1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

  2. Студенттерде ғылыми, психолого-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Студенттерді негізгі психолого-педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

  4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

  5. Студенттердің болашақ маман ретінде психология, педагогика ғылымдарына, психолого-педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.


СӨЖ дайындалғанда әр студент:


  • ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

  • реферат, баяндама дайындауға;

  • практикалық тапсырманы орындауға;

  • өз пікірін қорғауға;

  • тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті.


Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды:

- реферат, кейс, кроссворд, проблемалық міндеттерді шешу, т,б, үй тапсырмаларын орындауды көздейді (Үй тапсырмаларын студент кітапханада, т,б, орындарда орындайды).



- оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына байланысты. Ең алдымен, оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылар құрастырған әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.

Тапсырмаларды орындағанда оқулықтармен қатар сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, т.б. құралдарды пайдаланып, соңында көрсету керек.


Рефератты даярлауға берілетін ұсыныстар:

Оқу пәнін зерттеу үдерісінде студентке аса маңызды зерттелетін мәселе бойынша реферат жазу ұсынылады. Студент сонымен бірге өз бетімен проблеманы терең зерттеу мақсатында, белгілі тақырып бойынша рефератты өз бетімен жазуына болады.

Реферат жазудың объектісі ретінде монография, мақалалалар немесе құжаттар жинағы, мақала немесе жеке құжат алынады.

Реферат дайындаудың негізгі мақсаты – зерттелетін проблеманы, оның қаншалықты сараланғанын көрсету. Реферат жазудың басқа да мақсаттары бар: ол өз бетіндік оқу-зерттеу жұмыс дағдыларын қалыптастыру; талдау, жалпылау, ақпаратты саналау әдістемесін оқыту; студенттің зерттелетін тақырып брйынша білімін тексеру болып табылады.

Реферат ғылыми жұмыс болып табылмайды. Онда ғалымдардың әдебиеттерде баяндаған ақпаратының белгілі көлемін жалпылау және бастапқы саралау жүзеге асырылады. Бұнда зерттелетін мәселе бойынша өзіндік пікірді білдіруге болады, оны болжам немесе гипотеза түрінде беруге болады. Рефераттың мақсаты зерттелетін мәселеге тұлғалық қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Рефератты даярлау бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:

- рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинау және зерттеу;

- рефератты жазу және безендіру.

Әдебиеттерді жинақтаудың алдында рефераттың тақырыбы бойынша библиографиялық тізімді даярлау жүзеге асырылады. Оны даярлаудың базасы ретінде ұсыныдатын әдебиеттер тізімі, оқытушының ұсыныстары алынуы мүмкін.

Материалды библиографиялық тізімге негізілген әдебиеттерден таңдап алады.

Әдебиеттерді әртүрлі зерттеуге болады. Монографиялар мен мақалаларды конспект жасау арқылы зерттеуге болады, ал басқа әдебиеттерді қызықты деректер мен көшірмелер жасау арқылы зерттеуге болады.

Конспектілеу әдісі рефераттың тақырыбы бойынша бір немесе екі монография болған жағдайда қолданылады.

Көшірме әдісі рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттердің саны көп болған жағдайда қолданылады.

Фундаменталды жұмыстарды терең зерттеу және конспектілеу үшін таңдайды, ал қалған жұмыстарды қарап, ой-пікірдің, идеялардың тақырыптық мазмұнын ашу үшін қажетті көшірмелер жасайды.

Көшірмелерді жеке парақтарда мақалалар, монографияларға сүйене отырып, библиографиялық сілтеме жасау арқылы жүргізеді.

Материал цитаталар, сызбалар, кестелер, иллюстрациялар түрінде берілген жағдайда, ақпаратты талдауға және жүйелеуге көшеді, негізделген және аргументтелген жазбаларды таңдайды.



Рефератты жазу (тақырыбы таңдау бойынша), оны қорғауға дайындалу. Реферат келесі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек:

  • құрылымы: кіріспе (тақырыпты негіздеу, оның өзектілігі мен мәнділігі, әдебиеттерге шолу); негізгі бөлім (проблеманы теориялық саралау, деректі материалды баяндау, теорияны бекіту); қорытынды (проблеманы саралаудың нәтижесі, тұжырымдар); библиография;

  • сауатты, қазақ тілінде, стилистикалық нормаларды сақтау арқылы жазылуы керек, мәтін логикалық және бірізді болуы керек;

  • «мен» есімдігі қолланылмайды;

  • бір бетте 3 цитатадан артық болмауы керек;

  • қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау міндетті емес;

  • библиографиялық тізім құжаттың мәні бойынша, алфавит бойынша, құжаттың баспа хронологиясы бойынша құрылады;

  • компьютерде басылады, формат А4; әріп өлшемі 14; 1,5 интервал; жоғары және төменгі шеттері – 2,5; сол жағы – 3; оң жағы – 1,5; абзац – 1,25;

  • көлемі – 10 –15 бет.


Реферат тақырыптары


  1. Интервью. Өткізу әдістемесі.

  2. Сауалнама түрлері. Өткізу әдістемесі.

  3. Психологиялық эксперименті өткізу әдістемесі. Эксперименттің түрлері.

  4. Ғылыми зерттеудің пәні, нысаны.

  5. Психологиялық эксперимент жүргізгенде қойылатын этикалық талаптар.

  6. Ғылымдағы «парадигма» ұғымы.

  7. Ғылыми идеясының өсу теориясы: Кун, Поппер, Локатос, Фейерабенда ілімдері.

  8. Тұрмыстық, ғылыми таным.

  9. Ғылыми болжамды жасау әдістемесі.

  10. Ғылымның әдіснамасы: тұжырымдамасы, танымы, теориясы, принциптері.

  11. Ғылымдағы жүйелік әдіс.

  12. Әдебиетпен жұмыс істеу, ғылыми дәйектерді жинастыру.

  13. Ғылыми проблеманы, тақырыптың атын анықтау.

  14. Ғылыми зерттеудің нәтижелерін сараптау, интерпретациялау.Қорытынды жазу.

  15. «Әдіс» ғылыми категория ретінде.

  16. Бақылау әдісі, түрлері.

  17. Интроспекция зерттеу әдісі.

  18. Вербалдық әдіс: әңгіме, сұрау, сұрақ-жауап-интервью.

  19. Құжаттық әдіс. Контент-талдау.

  20. Өмірбаяндық әдіс: психоөмірбаян, каузометрия, өмірбаян сауалнамасы, психологиялық өмірбаян.

  21. Психофизиологиялық әдістер: хронометрия, циклография, профессиография.

  22. Іргелі, қолданбалы, эмпирикалық зерттеулер.

  23. Ғылыми зерттеудің кезеңдері.

  24. Ғылыми зерттеудің жұмыс жоспарын жасау әдістемесі.

  25. Сандық, сапалы мәліметтер, оларды жинау.

  26. Мәліметтерді өндеу туралы. Бірінші, екінші лектегі мәліметтер.

  27. Шкалалау әдісі.

  28. Статистикалық, математикалық әдістер.

  29. Ғылыми жұмыстың кіріспесінің негізгі компоненттері.

  30. Ғылыми зерттеудің логикалық әдісі:анализ, синтез, интуиция, абстакциялау, индукция, дедукция, жалпыламалау.

  31. Ғылыми жұмыстың композициясын құру.

  32. Ғылыми жұмыстың жалпы заңдылықтары: номотетикасы, идеографикасы.

  33. Ғылыми жұмыстың тілі, жазу стилі.

  34. Ғылыми білім жүйе ретінде.

  35. Ғылымның даму заңдылықтары.

Н.4.02-07
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН_

Кафедра отырысы шешімімен



Кафедра меңгерушісі


___________ Мурзина С.А.


5В050300 «Психология» мамандығы
3 курс, 6 семестр
Оқыту түрі: күндізгі
Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәні бойынша

аралық бақылау
МАТЕРИАЛДАРЫ

« 02 » 10 2014 ж. № 2 хаттама




Көкшетау 2014

І нұсқа

1. Ғылыми зерттеу әдістерінің мақсаты

А) Ғылыми процесті бақылау

В) Ғылыми процесті тексеру

С) Ғылыми процесті жетілдіру

Д) Ғылыми процесті бағалау

Е) Баланың дамуын тексеру

2. Ғылыми зерттеудің мәселені қою және

қазіргі кездегі жағдайын зерттеу кезеңі

А) Диагностикалық

В) Ұйымдастыру

С) Прогностикалық

Д) Практикалық

Е) Жоспарлау

3. Ғылыми зерттеудің зерттеу обьектісі мен

пәнін анықтау кезеңі

А) Диагностикалық

В) Ұйымдастыру

С) Прогностикалық

Д) Практикалық

Е) Жоспарлау

4. Ғылыми зерттеудің эксперимент жүргізу

кезеңі

А) Диагностикалық



В) Ұйымдастыру

С) Прогностикалық

Д) Практикалық

Е) Жоспарлау

5. Кез келген зерттеу неден басталады?

А) Әдебиеттермен танысу

В) Тексеру

С) Мәселені қою

Д) Жазу

Е) Қорытындылау



6. Бақылаудың қай түрінде зерттелушілер

өздерінің зерттеліп отырғанын біледі?

А) Жанама

В) Тікелей

С) Ашық

Д) Жасырын

Е) Жаппай

7. Зерттелетін мәселені схема, чертеж арқылы көрсету әдісі

А) Модельдеу

В) Рейтинг

С) Тарихи-салыстырмалы

Д) Сұрау


Е) Анкета

8. Бақылаудың қай түрінде видеокамера,

магнитофон қолданылады?

А) Жанама

В) Тікелей

С) Ашық


Д) Жасырын

Е) Ішінара

9. Бақылаудың қай түрінде оқушыны оқу жылы бойы зерттейді?

А) Қысқа мерзімді

В) Ұзақ мерзімді

С) Ашық


Д) Жасырын

Е) Жанама

10. Жазбаша сұрау әдісі

А) Анкета

В) Модельдеу

С) Интервью

Д) Эксперимент

Е) Статистикалық

11. Бақылаудың қай түрінде зерттеуші бақылауды өзі жүргізеді?

А) Жанама

В) Тікелей

С) Ашық


Д) Жасырын

Е) Жаппай

12. Бақылаудың қай түрінде зерттеуші бақылауды басқа адамның көмегімен жүргізеді??

А) Жанама

В) Тікелей

С) Ашық


Д) Жасырын

Е) Жаппай

13. Зерттеушінің арнайы дайындаған сұрақтарына оқушының жазбаша жауап беруі

А) Әңгіме

В) Интервью

С) Анкета

Д) Эксперимент

Е) Бақылау

14. Белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру

А) Әңгіме

В) Тест

С) Анкета

Д) Эксперимент

Е) Социометрия

15. “Эксперимент” сөзі қандай мағынаны білдіреді?

А) Бақылау

В) Тексеру

С) Тәжірибе

Д) Сұрау

Е) Бақылау

16. “Тест” сөзі қандай мағынаны білдіреді?

А) Бақылау

В) Тексеру

С) Тәжірибе

Д) Сұрау

Е) Іздеу


17. Тест әдісі педагогикаға қай ғылымнан келді?

А) Психология

В) Философия

С) Социология

Д) Математика

Е) Анатомия

18. Анкетаның қай түрінде оқушы өз ойынан

жауап береді?

А) Атаулы

В) Ашық


С) Анонимдік

Д) Жабық


Е) Полярлық

19. Анкетаның қай түрінде оқушы аты-жөнін

жазуы керек?

А) Атаулы

В) Ашық

С) Анонимдік

Д) Жабық

Е) Полярлық

20. Анкетаның қай түрінде оқушы жауаптарға

сәйкес балл береді?

А) Полярлық

В) Ашық


С) Анонимдік

Д) Жабық


Е) Атаулы

21. Белгілі тақырыптың мазмұнын көпшіліктің

алдында баяндау

А) Баяндама

В) Реферат

С) Курстық жұмыс

Д) Конспект

Е) Аннотация

22. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы

А) Аннотация

В) Курстық жұмыс

С) Тезис

Д) Библиография

Е) Цитата

23. Ғылыми жұмыстың қысқаша мазмұны

А) Аннотация

В) Жоспар

С) Тезис

Д) Конспект

Е) Баяндама

24. Жұмыстағы негізгі тұжырымдарды, ойларды

ретімен жазу

А) Аннотация

В) Жоспар

С) Тезис

Д) Реферат

Е) Цитата

25. Зерттелетін мәселе жайлы әдебиеттермен танысу әдісі

А) Модельдеу

В) Рейтинг

С) Тарихи-салыстырмалы

Д) Сұрау


Е) Жазбаша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет