Зерттеудің мақсаты - зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.
Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:
Гипотеза (болжам айту) - құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді. Гипотезаның формуласы — "егер, онда".
Зерттеудің міндеті - болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс-әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудін мақсатына жету үшін оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.
Зерттеудің негізгі эдістемесі - қандай әдістемелерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізуге болатындығын көрсету.
Зерттеудің кезеңдері - зерттеушінің жұмыс жүргізу кезеңдері белгіленеді.
Зерттеудің құрылымы - зерттеуші қолданылған материалдарды, бөлімдерін, кестелерін, қосымша мағлұматтарды, оның санын көрсетеді.
Ғылыми жаңалық - басқалармен ашылмаған қандай іс істелгенін және одан қандай нәтиже алынғанын көрсету.
Ӏс жүзіндегі маңызы - алынған ұсыныстардың қандай пайдасы бар екендігі және оны оқу-тәрбие жүмысында қолдануға болатындығы.
Достарыңызбен бөлісу: |