Сулейменова зауре екпиновна


Тақырып №6. Психологиядағы бақылау әдісі



бет4/11
Дата08.06.2018
өлшемі1,76 Mb.
#41652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырып №6. Психологиядағы бақылау әдісі

Жоспар

    1. Бақылау жайлы түсінік

    2. Бақылау түрлері

    3. Өзін-өзі бақылау

    4. Бақылауда жіберілетін қателіктер


Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды. Бақылау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.
Бақылау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

1. бақылаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

2. зерттелетін объектіні айқын белгілеу және бақылаудың мақсатын түсіне білу қажет;

3. байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, бақылауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақсаяхатлабораториядағышеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін психологиялық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады.

Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе бала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, оны дұрыс түсіндіру болып табылады.

Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате бо­лып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

Жаппай бақылаулар   нәтижелері   әдетте   күнделік   ретінде сақталады, олар   баланың   психикалық   даму   заңдылықтарын анықтау   үшін   пайдаланылатын фактілердің маңызды қайнар-көзі болып табылады. Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Неміс психологтары В. Штерн (1871 — 1938)  әйелі   (К. Штерн)   екеуі жүргізген күндедігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 жылы туған) сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының  даму кезеңдерін бөліп  көрсете отырып,  немерелерін  бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді. Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте  (1889—1963)  кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар  нәтижесінде бала  мен жануарлар   балалары   дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. Маман-психологтар  сияқты,  ата-аналар   да   күнделікті жиі жүргізеді. Бүл күнделіктерді, әдетте психологтар  мен педагогтар жиі пайдаланады  (мысалы, А. Д. Павлованың, Э. И- Станчинскаяныңкүнделіктері)

Ішінара  бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872ж) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал — совет лингвисі А. Н. Гвоздев өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды  (1949ж).

Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакы­лау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.

Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларкестелерфотосуреттерсұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші психологиялық бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері. Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек. Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді. Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады.

Бақылау — тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.

Психология саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:

а) теориялық зерттеуді эмпирикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;

б) теорияның тәжірибедегі тепе-теңдігі мен шыншылдығын тексеру.

Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.

Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Алайда, бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды, олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық білім толық түрде анық емес, дәлелсізі көбінесе қате болады. Педагогикалық ғылымнын міндеттері осы кемшіліктерді жеңу, педагогикалық білімді тереңдету, нақтылау, дәлелдемелі қылу, себебі осыларға сүйене отырып педагогикалық үрдіске одан да тиімді түрде басқару жүргізу.

Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.

Тұрақты бақылау, мысалға белгілі бір уақыт жиілігінде кейбір пән бойынша сабақты қамтиды; қайталанбалы белгіленген мезгіл аралығында, біржолғы — бір сабақтағы көрініс қана тіркеледі.

Нысанды қамту көлемі жағынан тұтас және тұтас емес бақылау болып бөлінеді. Бірінші жағдайда барлық зерттелетін нышандар бақыланса, екіншісінде, оның бөлігі ғана. Мәлімет жинау тәсіліне қарай бақылауды тікелей және қосалқы деп бөледі. Тікелей немесе тура бақылауда зерттеуші бақылау кезінде көрген деректерді тіркейді. Қосалқы немесе жанама бақылауда нысанның өзі емес, тек оның нәтижесі бақылауға түседі.

Бақылаудың қосылған түрі болады, мұнда зерттеуші бақылау жүргізілетін топ мүшесі болып қосылады. Және «қосылмаған» түрі болады, яғни «сырттан» (инкогнито). Сонымен қатар тұтас, таңдамалы түрлері болады.



Бақылау - мақсатты бағытталған, ұйымдасқан қабылдау және объектінің мінез-құлқын тіркестіру. Бақылау өзін-өзі бақылау әдісі мен бірге психологиялық ерте әдістін бірі. Ғылыми эмпирикалық әдіс болып Бақылау 19 ғ. аяғында клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық психологияларда, даму психологиясында кенінен қолданылады бастады. Ал 20 ғ. басында –еңбек психологиясында, эксперимент қолдануға болмайтың адамның табиғи жағдайларда мінез-құлқы ерекшелігін тіркестіруге мүмкіндік беретін салаларда байқау кенінен қолданды. Сонымен бақылау «сыртқы» валидтікті сақтайды.

Бақылаудың жүйелі, жүйесіз түрлері бар. Жүйесіз түрі этнопсихологияда, даму психологиясында, әлеуметтік психологияда қолданылады. Бұл бақылау түрі себептік тәуелдікті тіркестіру үшін емес, индивидтер немесе топтар мінез-құлқы бейнесін жалпылау үшін қолданылады.

Жүйелі бақылау нақтыланған жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші мінез-құлқы (ауыспалылар) ерекшелігін анықтап тіркестіреді және сыртқы орта жағдайын классификациялайды.

Қабылдау сипаты бойынша бақылаудың «жаппай тұтас» және іріктелген түрі бар.

Біріншісінде, зерттеуші тиянақты толық бақылауға жеткілікті мінез-құлқының ерекшелігін тіркестіреді. Екінші жағдайда ол мінез-құлқының нақты параметрлерін немесе құлқылық акт типтеріне көніл бөледі, мысалы, агрессия көрінісінің жиілігі, не күн бойы ана мен баланың өзара байланысын тіркестіреді.

Бақылау тікелей немесе бақылау жабдықтары бойынша өткізіледі.

Бақылауда жіберілетін қателіктер қабылдаумен байланысты келеді. Зерттеуші өз жорамалын дәлелдеуге күштірек ұмтылған сайын жағдайды қабылдауы теріс болады. Ол шаршайды, жағдайға бейімделеді де манызды өзгерістерді байқамайды, жазуында қателіктер жібереді. А.А.Ершов бақылаудың келесі қателіктерін көрсеткен:

1. Гало-эффект. Бақылаушының жалпылай алған әсері құлқының дөрекі қабылдауына, болар болмас айырмашылықты елен етпеуге әкеліп соғады.

2. Эффект снисхождения (мүсіркеу). Болып жатқан жағдайға ылғи жағымды баға беру тенденциясы.

3. Орталық тенденция қателігі. Зерттеуші бақыланған қылыққыға орталанған баға беруге ұмтылады.

4. Корреляция қателігі. Құлқының бір белгісін бағалауы бақыланған басқа белгі негізінде беріледі (интеллект сөйлеу жылдамдығы бойынша бағаланады).

5. Контраст қателігі. Бақылаушы бақыланушының бітістерін өз бітістеріне қарама-қарсы көрсетуге бейім.

6. Алғашқы әсер қателігі. Дара адам туралы алынған алғашқы әсер оның құлқысының әрі қарай қабылдауын және бағалауын анықтайды.

Осыған қарамастан бақылау керекті әдіс, яғни мұнда табиғилық сақталып тұтастай керек құлқы туралы бейне алуға мүмкіндік береді.

Бақылау дербес процедура сапасында болып келеді де әдіс ретінде эксперимент процесіне кіреді. Бұл әдіс зерттеушіге қосымша ақпарат береді.

Бақылаудың ерекшеліктері:


  • Бақылау белгілі бір мақсатты ұстауы тиіс;

  • Бақылау алдын ала жасалынған жоспар бойынша өтуі қажет;

  • Зерттелетін белгілердің саны аз және олар нақты анықталған болуы керек;

  • Құбылысты бақылау нақты табиғи жағдайда жүргізілуі тиіс;

  • Қайта бақылауды тең уақыт жиілігінен кейін өткізу керек;

  • Түрлі бақылау жолдары арқылы алынған мәлі-мет- тер салыстырмалы болуы қажет.

Бақылауға дайындық және өткізу кезендері:

  • Нысан таңдау, бақылау мақсаты мен міндеттерін қою;

  • Бақылау жоспарын жасау;

  • Бақылау құжаттары мен жабдықтарын дайындау (нұсқаулар, хаттамалар, жабдықтар);

  • Бақылау деректерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.)

  • Бақылау нәтижелерін ресімдеу;

  • Бақылау нәтижелерін талдау;

  • Бақылаушының теориялық және тәжірибелік қорытындыл ары.

Тақырып №7. Психологиядағы эксперимент әдісі

Жоспар

  1. Эксперимент түрлері

  2. Эксперимент өткізу әдістемесі


Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, психологиялық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Экс­перимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін психологиялық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі - эксперименттік, екіншісі - бақылау объектісі деп аталады.

«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды.

Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы – зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.

Белгілі жағдай жасай отырып, зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екіншіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға, сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға, үшіншіден, тәжірибені қайталауға, сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.



Психологияда ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи.

Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі, жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсік, еске түсіру) зерттеу үшін де табысты қолданылады. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі.

Табиғи жағдайдағы эксперименттің барысында қызметтің (ойын, оқу, еңбек) әдетті жағдайы сақталады. Табиғи жағдайдағы экспериментті жүргізу кезінде алдын-ала баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және онда қандай психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс беретіндігі анықталады. Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттің жақсы қасиеттерін – біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.

Табиғи жағдайдағы экспериментті одан әрі дамыту оның мынадай, психологиялық-педагогикалық эксперимент сияқты екінші түрінің тууына әкелді. Мұның мәні – оқушыны зерттеу тікелей оқыту және тәрбиелеу процесінде, зерттеу объектісі болып табылатын психикалық ерекшеліктердің белсенді қалыптасуы процесінде атқаралатындығында.



Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді. Соңғы кезде психологиялық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі - табиғи эксперимент - бұл психологиялық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.

Психологиялық құбылыстарды жаңадан құру үшін - арнаулы эксперимент жүргізіледі.

Психологиялық құбылыстарды ұқыптылықпен бақы­лау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алына­ды да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін зертханалық эксперимент деп атайды.

Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті  өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекі­тілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген экспери­мент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлінген топтардын дұрыс жауаптарының санына  қарай шығарылады.



Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.
Неміс ғалымы В. Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұнғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. 80-ші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұнғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. 90-шы жылдарда француз психологы А. Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық құралдар қажет. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейінің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр т. б. Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі төмендегі жағдайларға байланысты:

  1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

  2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау;

  3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;

  4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;

  5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығару.

Табиғи экспериметті психологияға тұнғыш еңгізген орыс психолог А.Ф. Лазурский. Мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тұдырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, психолог қандай болмасын әрекет ұйымдастырады.

Ғылыми эксперимент - қолайлы жағдайларды зерттеу әдісі. Ғылыми эксперимент нақтылы дәлелдердің үйымдас- тырылып жүргізілуі керек.

Психологияда ғылыми эксперименттің үш кезеңін белгілеуге болады: ұйымдастырылуы, мазмұндылығы, талғамдылығы.

Қыскаша осылардың әрқайсысына тоқталайық:

а) Ұйымдастырушы - болжау кезеңі. Ол мынадай операциялардан тұрады:



  • зерттеудің мақсаты мен мәселелерін анықтау;

  • эксперимент жұмысы жүргізілетін затты таңдау және теория жүзінде жүргізілетін жүмысты дәлелдеу;

  • ғылыми эксперимент жұмысының ғылыми болжамын жасау;

- Ғылыми эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен критерийлерін анықтау.

б) Мазмұнды түрде жүргізу кезеңі. Бұл эксперимент жұмысының кезеңі төмендегідей жұмыстармен байланысты:



  • эксперимент жұмысының мазмұнды жағын таңдап алу;

  • эксперимент орындау;

  • мәліметтер жинау.

в) Талдап түзету кезеңі. Бұл кезең мына жұмыстарды қамтиды:

  • алынған эксперименттің көрсеткіштерін талдау, анализдеу;

  • талдаудан өткен материалдардың эксперименттің мақсаты мен болжауына сәйкес келетіндігін анықтау;

  • түзетуден өткізілген материалдарды жинақтау;

  • эксперимент қорытындысының есеп-қисабын өңдеу, графиктер, кестелер, модельдер жасау;

  • талдаудан өткен эксперимент қорытындыларын тұжырымдау.

Кез келген ғылыми эксперимент белгілі ережелерінің сәйкестілігі негізінде жүргізіледі.
Тақырып №8. Сұрау әдістері

Жоспар:

  1. Сұрау әдісінің түрлері

  2. Әдістерге қойылатын талаптар


Сұрау әдісі - сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі. Сұрау әдісінің ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызша сұрау әңгіме және интервью болып бөлінеді, ал жазбаша сұрау - анкета деп аталады. Әңгіме әдісі бір немесе бернеше адаммен жүргізіледі. Әңгіме мақсатты, жоспарлы түрде жүреді, сұрақтары алдын-ала дайындалады. Әңгіме барысында адамның көңіл-күйі, сезімі, көзқарасы анықталады. Әңгіме арқылы зерттелушінің ішкі дүниесін танып-білуге, оның кейбір қылықтарының себептерін анықтауға болады. Сонымен қатар оның дүниеге деген көзқарасы, адамгершілік қасиеттері байқалады. Әңгіме күрделі әрі қиын әдіс, өйткені бала зерттеушіге дұрыс жауап бермеуі мүмкін. Ұялшақ, тұйық балалар жауап беруден мүлдем бас тартса, мақтаншақ балалар өтірік айтуы мүмкін. Сондықтан әңгіме әдісі зерттеушіден үлкен дайындықты, шеберлікті, әдептілікті талап етеді. Әңгіме ойдағыдай өтуі үшін төмендегідей арнайы шарттарды ескеру керек:

1. Зерттелушінің ерекшеліктерін ескере отырып құрылған әңгіменің жоспарының болуы;

2. Сұрақтардың әртүрлі болуы;

3. Сұрақтарды түрлендіріп, оқушыға ыңғайлы формада қою;

4. Ситуацияны тиімді пайдалану, сұрақтар мен жауаптарда тапқырлық көрсету;

Зерттелушінің келісімімен әңгіменің барысын протоколға немесе магнитофонға жазып алуға болады. Алайда әңгіменің нәтижесі жария етілмейді.



Интервью тек бір адаммен ғана жүреді. Әңгімеден ерекшелігі сұрақтар да, жауаптар да алдын-ала дайындалады. Сондықтан алдын-ала дайындалған жауаптардың бәрі шын болуы мүмкін емес. Интервью әдісін журналистер қолданады. Интервью материалы көпшіліктің назарына ұсынылады.

Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Бұл сұрақтар зерттелуші шын ниетімен жауап береді деген үмітпен құрылады, алайда бұл үміт әрдайым орындалмайды. Соған қарамастан анкета әдісі жиі қолданылады. Өйткені ол аз уақытта көп адамды зерттеуге мүмкіндік береді. Анкета сұрақтары бірмәнді, нақты жауап талап ететіндей сапалы болуы керек. Анкетаның түрлері: ашық, жабық, атаулы, анонимдік, полярлық..

Ашық анкета - зерттелуші өз ойынан жауап береді.

Жабық анкета - зерттелушінің жауабы шектеулі, ол дайын жауаптардың біреуін таңдайды, мысалы: иә-жоқ..

Атаулы анкета - зерттелуші өзінің аты-жөнін жазады.

Анонимдік анкета - зерттелуші өзінің аты-жөнін жазбайды.

Полярлық анкета - жауаптарға сәйкес балл береді.

Әлеуметтанушылар әлеуметтік өмірдің түрлі құбылыстары туралы эмпирикалық материалдар жинастыру әдістерін анықтады және оны статистикалық түрде өңдеу техникасын әзірледі. Зерттеу техникасы мен рәсімі бұл әдістерді танымал етті және оны тек әлеуметтанудан тыс қолданысқа енгізеді. Алғашқы ақпаратты сұрау арқылы жинаудың нақты әдісі алғаш рет педагогикада әзірленді де, оқушылар мен мұғалімдерді зерттеуде және мұғалімдердің әлеуметтік құбылыстарды бақылауда қолданылды.

Қазіргі кезде әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық әдебиетте ғылыми зерттеулерде есепке алынатын сұрау жүргізудің негізгі қағидалары мен оны дайындау, өткізудің ережелері анықталған. Психоолгия зерттеулерде жазба және ауызша сұрау қолданылады. Сұрақтары тәртіп бойынша, психологиялық үрдістің нақты мазмұнын айқындаумен байланысты:

- мазмұны білімді меңгеру деңгейін, қалыптасуын, бағыттылығын, нұсқаулығын, дамығандығын, тұтынушылығын, тұлғаның жағдайын және оның әлеуметтік қоршауын анықтауға мүмкіндік береді;

- ашық сұрақтар сипаты респонденттерге өз көзңқарастарын оны бейнелеу арқылы білдіруге жағдай тудырады;

Сұрау логикалық, мақсатты бағытталған түрде болуы тиіс, екі мәнділікпен ерекшеленбеу керек, әдепті үлгіде беріледі.

Психологиялық зерттеулерде кеңінен колданылатын маңызды әлеуметтік әдістер қатарына сұхбат пен сауалды жатқызуға болады.

Сұхбаттасу кезінде зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын, алдын ала дайындалған сұрақтарды пайдаланады. Сұхбат кезінде жауаптар ашық түрде жазылады.

Сауалнама - сауал арқылы бұқаралық әдіспен мате­риал жинау. Сауал кімге жолданған болса, сол сұраққа жазбаша жауап береді. Әңгіме мен сұхбат бетпе-бет сұрау делінсе, сауалнама - сырттай сұрау.

Әңгіменің, сұхбаттасудың және сауалнаманың нәтижелілігі көп жағдайда берілетін сұрақтар мазмұны мен құрылымына байланысты болады. Әңгіме, сұхбат және сауал жоспары - бұл сұрақтар тізімі. Сұрақтарды әзірлеп алуға қажетті ақпараттар сипатын анықтауды ұйғарады; қойылатын сұрақтардың құрылымы; сұрақтардың алғашқы жоспарын жасау және оны алдын ала зерттеуде тексеру; сұрақтарды түзету мен оны түбегейлі редакторлаудан өткізу.

Өз функциясына қарай сұрақтар негізгі және жорамалды, бақылау немесе анықтаушы болып келеді. Сұрақ түрі жауаптың толыктығы мен шыншылдығына ықпал жасайды. Сұрақтар қысңа, мазмұны жағынан анық, қарапайым, дәл және бірмәнді болуы тиіс.

Сауалнама сұрау сұалатынның өмірбаян деректерін, ойын, құндылық бағдарын, әлеуметтік қондырғысын және жеке қасиеттерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Қажетті ақпаратты алу тәсіліне орай сауалды сұрақтар­дың бірнеше типтері кездеседі: тұтас (мысалы, халық санағы), таңдаулы (жас топтарына, жұмысшы ұжымына қарай); ауызша (сұхбат) және жазбаша (сауалнама); жеке және топтық; күндізгі және сырттай (пошта, телефон ар­қылы).

Сұхбат - ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі. Сұхбаттар ерікті (әңгіме тақырыбы, регламентімен) және стандартталған (анкета).

Әнгімелесу - адам мінез-құлқын зерттеудегі субъект пен объект арасында коммуникация жүретін арнаулы әдіс. Екі адамның диалогы барысында адам екінші адамның психологиялық ерекшелігін анықтайды, мұны әнгімелесу әдісі дейді.

Әңгімелесу қосалқы әдіс ретінде, зерттеуші сыналушы жайлі алғашқы ақпарат жинайды, оған инструкция береді, ынталандыратын бірінші кезеңдегі эксперимент құрылымына кіреді де, сонғы кезеңде-эксперименттен сон интервью формасында қолданылады. «Клиникалық әдістін» құрама бөлігі ретіндегі клиникалық әңгіме және «бетпе бет» мақсатты бағытталған сұрау-интевью болып екіге бөлінеді..

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.

Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:

1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:

— Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.

— Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

— Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы мүмкін.

— Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың соңында тұруы тиіс. Жағымсыз сезім, наразылық тудыратын сұрақтар тікелей түрде емес, жанама түрде қойылуы керек. Мысалы, «Сізде автомобиль бар ма?» деген сұрақтың орнына «Сіздің үйде кімде автомобиль бар?» деп сұрақ қоюға болады.

— Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.

— Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн. Ол хабардар болған сұрақтарды қойған лазым. Негізгіні қоймас бұрын сұрақтарды ой сүзгісінен өткізіп алған пайдалы. Мысалы, темекі нарығын зерттеп тұрып, шылым тартпайтын жанға сұрақ қоя алмайсыз.

-Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.

— Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде», «жиі», «анда-санда» деген сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың орнына нақты сөздер қолданылуы керек. «Сіз» деген сөз кейде ұжымдық сипатта болуы мүмкін, сондықтан сұрақты құрастыру кезінде оның орнына «Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау болады.

2. Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.

3. Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.

4. Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.

5. Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.

Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі бөлігінде зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.

6. Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі сауалнамада мүмкін жауаптар түрі, шкаласы, сондай-ақ «иә» немесе «жоқ» сияқты жауаптар болады. Олардың артықшылығы – жауаптарды жылдам өңдеуге және бастапқы мәліметтерді кестеге енгізуге мүмкіндік береді. Өте жақсы стандартталған сауалнама – ол қойылатын сұрақтары мен жауаптары бұрыннан анықталған сауалнама. Ашық сұрақтарға жауаптар дәл осы мәселе жөнінде, өз ойын білдіретін ерікті түрде болуды көздейді. Ашық сұрақтарды тұтынушылар тауардың сапасы, дизайны, бағасы туралы не ойлайтынын белгілеу қажет болғанда, зерттеудің ізденіс кезеңінде қолдану пайдалы. Жауаптардың сан алуандығы оларды өңдеуді қиындатады.

Маркетингтік зерттеулерде стандартты ашық сұрақтар жиі пайдаланылады, мұндағы сұрақтар да, жауаптар да стандартты және көп нұсқалы болып келеді. Олардың басты артықшылығы – сауалнамадағы жауаптар кестеге қатысты бастапқы ақпараттарға онша қажет емес, бірақ адамдардың талғамы, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары жөніндегі мәліметтерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Стандартты жабық сауалнамалар бірыңғайландырылған әдіспен алынған жауаптарды рәсімдеу мен айқындау және жасырын себептерді (мотивтерді) табу артықшылықтарын біріктіреді. Стандартты емес ашық сауалнамалар зерттеу мақсаты айқын болған кезде қолданылады, алайда сұрақтарға жауап ашық түрде қалады. Ашық жауабы бар сұрақ нысанды емес тереңдетілген сұхбатқа әкеледі. Терең сұхбат – бұл респондентпен жеке әңгімелесу, мұнда ол ойы мен жауаптарын өз еркінше білдіреді. Стандартты емес жабық сауалнамалар кезінде респондеттер ашып айтпайтын мотивацияны зерттеуде пайдаланылады. Мұнда жобалық әңгіме, яғни әңгіме құрастыру және сөйлемді аяқтау әдістері қолданылады.

Әңгімені құру – респонденттердің ой-қиялына негізделген карикатуралар, суреттер, фотографиялардағы бейнелер негізінде әңгіме құрастыруға сүйенетін әдіс.

Мәліметтерді жинау әдісі, негізінен, сауалнаманың ашықтығы және стандарттылығының деңгейі туралы шешімдермен белгіленеді. Егер, бағалау шкаласын қолдансаңыз, респонденттер телефондық пікір сұраудан бас тартуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді жеке кездесуде жинаған жөн. Еркін түрде жауап берілетін сұрақтар пошталық пікір сұрауға сай келмейді.

7. Жауап түрін анықтау. Әрбір сұрақтың мазмұнын анықтаған соң, респондент өз еркімен жауап беруге тиіс пе, әлде оның екі не одан да көп нұсқаны (вариантты) қолдануы керек пе немесе белгілі бір шкаланы пайдалана ма, алдымен соны шешіп алу керек. Жауаптардың көп нұсқалы тәсілі ұсынылатын болса, респондент оның ішінен тек біреуін ғана таңдап көрсетуі қажет. Сондықтан мұндай сауалнамада жауаптар мәселені толық қамтуы және оған «білмеймін», «ойым жоқ», «ойым басқаша», деген жауаптар да кіруі керек. Дихотомшалық сұрақ қарапайым және ыңғайлы, оны кестеге енгізу оңай, өйткені ол «Иә» немесе «Жоқ» деген қысқа жауаптардан тұрады. Басқаша қойылатын сауал түрлері бар сауалнамада «ешқашан», «кейде», «жиі», «сирек», деген сөздерден тұратын шкала пайдаланылады.

8. Жазбаша пікір сұрауда, сауалнамаға жауап алу респонденттерді ынталандыруға байланысты болады (мысалы, респондентке арналған хат пен конверттің болуы). Кейбір респонденттер уақыты жоқтығынан немесе пікір сұраудың мағынасын ұнатпауынан оған жауап белгілері келмеуі мүмкін. Сондықтан қайткенде де жауап алудың жолдарын іздестіріп, ынталандыру әдістерін кеңінен қолдану қажет. Уақыттарын бөлгені үшін, респонденттерге кішігірім сыйлық немесе ақша беруге тура келеді.

Қазіргі кезде бастапқы мәліметтерді жинаудың әр түрлі механикалық және электрондық құрылғылары қолданылып жүр. Адамның белгілі бір жарнамалық хабарландыруға арналған назарын және сезімін анықтау үшін гальванометр қолданылады, ол жарнаманың әсерін адамның эмоциялық сезімі кезінде бөлінетін тер арқылы көрсетеді. Осы мақсатта фото, кино, бейнекамералары, магнитофондар т.б. пайдаланылады.

Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада – 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен – 15 минуттан көп емес болуы керек. Респонденттерге алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.

Пікір сұрау анонимді және құпиялы сипатта жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері құпия болуын қалайды, екінші жағдайда ол өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды.

Телефонмен және сұхбаттасушымен пікір сұрау жүргізгенде, ол – құпиялы сипатта болады.

Пікір сұрау жүргізгенде ақпарат мынадай жолдармен алынады: Сұхбат жүргізуші сұрақ қойып, жауапты сауалнамаға жазып отырады немесе респонденттер сауалнаманы өздері толтырады.

Зерттеуші қажет болған жағдайда сауалнамадағы сұрақтарға қосымша көп сауал қойып, әңгімелескен кезде өз ойын қоса алады. Респонденттерге сұрақтар қойған кезде оларды сауалнамада жазылған күйінде өзгеріссіз қою керек, жауаптарды талаптарға сәйкес тіркеу қажет. Сұхбат алушы сауалнаманы жасаудан бұрын зерттелетін мәселені, нарықтарды, тұтынушыларды тереңірек қарастырып білуі қажет. Пікір сұрау алдында респонденттерге зерттеу мақсаты туралы бірер сөз және жауаптардың құпиялы болатынын айтып өту керек. Сауалнаманы жауап берушінің табысы туралы және оның жеке басына қатысты сұрақтардан бастауға болмайды.

Тақырып №9. Модельдеу әдісі

Жоспар:


  1. Модельдеу әдісі туралы түсінік

  2. Модельдеу әдісінің шығу тарихы

  3. Модельдеу әдістемесі

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқаға байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің (субъект) баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, әрі категориясы болып саналады.

Модельдеу екі түрге бөлінеді.

1) заттық модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.

2) Идеалдық модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін.

Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.

Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән ретінде, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады.

Модель таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:


  • таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;

  • түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;

  • адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау принципі.

Осы принциптерге сәйкес модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:

  1. эвристикалық және дидактикалық;

  2. таңбалы және заттық-техникалық;

  3. табиғи және жасанды.

Тереңірек қарастырса, көрсетілген топтардағы модельдер арасында үлкен айырмашылық жоқ.

Таным үрдісінде модельдер әр түрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi модельдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модель жиi ол жөнiнде теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды.

Модельдің алуан түрлi функцияларын жалпылай отырып, оның бас гносеология функцияларын көрсетуге болады: модель - бұл мәлiмет көзi; модель - бұл өнер - бiлiмнiң бекiту құралы.

Ғылыми модель - бұл зерттеу пәнін көрсететін және модельді зерттеуде бұл объект туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін, оның орнын басуға теңбе-тең бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген немесе заттық жүзеге асырылған жүйе.

Модельдеу - бұл модельдерді жасау және зерттеу әдiсi. Модельдеудегі басты артықшылық - мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Модельдеу синтетикалық бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын зерттейдi.

Модельдеу - жемiстi әдiс. Ол негiзiнде үш пайдалы мақсаттарға қызмет көрсетедi.



  1. Эвристикалық - жаңа заңдардың табылуы, белгіленуі, жаңа теориялардың құрастырылуы және алған мәлiметтердiң интерпретациясын классификациялау үшiн керек.

  2. Есептеуiш – модельдер арқылы есептеуiш мәселелердiң шешiмдерiн шешу.

  3. Эксперименталды – эмпирикалық тексеру (верификация) болжамын осы немесе басқа модельдерді операция жасау арқылы мәселенiң шешiмін табу.

Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объекті түпнұсқа болады да, екінші объекті оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісімен түпнұсқаны зерттеу қиын, мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель болмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы - оны зерттеу оңай, алайда, оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.

Психологияда модельдеудің көмегі арқасында психикалық құбылыстар тікелей зерттелмей, сол құбылысқа ұқсас модель арқылы зерттелетінді. Модельді жасау үшін зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жеткілікті білім болуы қажет. Сондықтан да модельдің дұрыстығы, толықтығы, жан-жақтылығы белгілі бір құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады. Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан модельдеудің басталуы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты. Модельдеу әдісін қабылдау, түйсік, ес және басқа да психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады. Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде, білім беру процестерін зерттеуде кеңіне қолданылады.


Тақырып №10. Тест әдісі

Жоспар:

  1. Тест әдісі туралы түсінік

  2. Тест түрлері


Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басында психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белігілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады.

Тестілеу - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі - қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы.

Тест - жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетінің салыстырмалы көрсеткіште, сонымен қатар білімін, дағдысы мен шеберлігін өлшеуге арналған қалыптасқан стандартты тапсырмалар. Тест үлгілі түрдегі жағдайларды көрсетеді, олардың көмегімен жеке тұлғаның ерекшеленген белгілері анықталады.

Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдісі. Бір жағынан тест әдісін оқу процессінің радикалды жағдайының оның технолизация сына еңбек әрекетін төмендеуіне апарады десе, екінші жағдайынан педагогтардың ролін төмендеуіне, үшіншіден тесттер кейбір педагогика этикасын бұзуға әкелетініне айтып отыр.

ХХ ғасырдың 30-жылдары тест туралы ғылымды буржуазиялық деп атады, оның мақсаты «реакциялық» деп санады. Қазіргі таңда бұл көзқарасқа қарсылыққа білдірсе де, тестті ғылыми ортадан алуды ұсынады.

Алғашқы рет тест жайлы теориялар ХХ ғасырдың басында психология, социология, педагогика және тағы басқа ғылымдардың даму тоғысында пайда болды. Бүгінгі күнге дейін тест өзінің бүтін орнын таппаса да, «тестология» ұғымын құрып, педагогика, психология, социология ғылымдарында кең қолдануда. Педагогикалық тесттер оқушылардың объективті бақылауына байланысты сұрақтарға жауап береді.

Тест сонымен қатар әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын-ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүрізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмалары тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу» тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланьң ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тестер дейді. Мұнда әртүрлі ақыл-ой әрекетін қолдануды талап ететін, зерттелінушіге бүрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.

Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан қараудың маңызы зор, өйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін танып-білуде көмек көрсете алады.

Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бүл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дүрыс. «Біз, әдетте, адамды жүмыста іс-ерекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан-жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез-құлқы да енуге тиіс» (Д. А. Қонаев).

Тесттердің ұғымының пайда болуымен тағы да бір терминнің дамуы болды, ол «психологиялық тестілеу». Психологиялық тестілеудің мағынасы психологияның барлық саласын қамти отырып кең мағынада қолданылды.



Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерек­шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.

«Психодиагностика» терминін алғаш рет 1921 жылы Г.Роршах өзінің әдісімен ғылымға енгізді. Келесіде психодиагностика «психологиялық тестілеу» терминімен синоним ретінде қолданылды.

АҚШ-та ғылыми әдебиетте «психологиялық тестілеу» термині 1970-жылға дейін барлық психологиялық тесттермен пара- пар келеді делінген.

ХХ ғасырдың 70- жылдары Батыс Еуропада және АҚШ-та «психологиялық тестілеу» термині психологиялық баға ұғымымен алмастыра бастады.

Ресей территориясында Б.Г.Ананьевтың қолдауымен, 1960-жылдары Ленинград психологиялық мектебінде, зерттеу «психологиялық диагностика» атауын алды.

Психологиялық тестілеудің қолданылатын аясы өте кең: кәсіби бейімделуде, психологиялық кеңес беруде, коррекциялық жұмысты жоспарлағанда және тағы басқа.

Психологиялық тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуінде психологияның сай келетін саласында – психологиялық диагностикада қолданылады.

Психологиялық тест стандартты сынақ, оның нәтижесі бойынша сыналушының психофизиологиялық және жеке қасиеттері(қабілет,қасиеттер) анықталады.

Вербалды тест- стандартты сынақ, тілдің қасиетіне байланысты жүргізіледі, яғни мұнда сөйлеу және сөз арқылы зерттеледі.

Стандартты тест- психологиялық тесттің негізгі сұрақтары мен қолдануы өзгермейтін тізімді тест.

Жеке тұлғалық тесттер - психологиялық тесттердің адам мінезін, қабілетін, эмоциясын және т.б. жеке тұлғалық қасиеттерін анықтағанда қолданылады. Жеке тұлғалық тесттер :


  • проективті тесттер;

  • ситуативті тесттер болып бөлінеді.

Проективті тесттерге:

  • Тест Сонди

  • Тест Роршах

  • Брейнсторм

  • Фастрэк

  • Сценарио

  • Түс психологиясы: Люшердің түстер тесті, Фрилингтің цветоаналитикалық тесті

  • Розенцвейнгтің фрустрациялық реакция тесті

  • Тақырыптық апперцептивті тесті

  • Тест «ҮЙ АҒАШ АДАМ»

  • Интелектуалды тесттер - психологиялық тесті, адамның интелектуалды дамуын зерттеуінде қолданылады.

ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді . Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлаудың міндеттері туралы әсіресе, мектеп жасына дейінгі, білімнің жоғары кәсіби білімге дейінгі білім проблемаларының кең спектрі Білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі қазақстандық жастарға лайықты білім алуға кепілдік береді, білімдік қызмет нарығында арандатушылықты және бұрмалаушылықты болдырмайды деген пікірдеміз

Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бүл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дұрыс. «Біз, әдетте, адамды жұмыста іс-әрекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан-жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез-құлқы да енуге тиіс» (Д. А. Қонаев).

Психологиядағы тестілерге оқылатын қасиеттердің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерінің даму дәрежесін көрсететін психо-диагностиканың стандартты әдістемелері жатады. Бірнеше негіздемелер бойынша бөлшектенетін тестілердің көптеген түрлері бар. Пән бойынша тестілер тұлғааралық, тұлғалық, зерделік болып бөлінеді. Қолданылатын тапсырмалар ерекшеліктеріне қарай: тәжірибелік, бейнелік және сөздік.

Тест материалы ерекшеліктеріне қарай: құжатты және техникалық болады.

Бағалау нысанына қарай: процессуалды, жетістік тестілер, жағдай мен қасиет тестілері.

Зерделеу тесттері ойлау дамуының, сонымен бірге қабылдау, зейін, ақыл-ес, тіл дәрежесін бағалауға арналған.

Тұлғалық тестілер адамның қылықтарын айқындайтын тұрақты және жекеленген психодиагностикалық ерекшеліктерімен байланысты. Бүған мінез, мотивация, қызбалық, қабілеттілік, қарқындылық жатады. Тесттер арасында кешенді түрлері де кездеседі (Кэттел), жекеленген тесттер (ниетті, эмоциялық, акцентуациялық).

Тұлғааралық тесттер адам қатынастарын әлеуметтік топтарда бағалауға мүмкіндік береді, мысалы, әлеумет тану, топтың ұжым ретіндегі өлеуметтік-психологиялық өз-өзін аттестациялау тесті.

Тәжірибелік тест тапсырмаларында зерттелуші көрнекі жоспарда орындайтын тапсырмалар мен жаттығулар болады (мысалы, заттармен ойнау).

Бейнелік тапсырмаларға бейнелер, суреттер, сызбалар, елестері бар жаттығулар енеді. Вербальды түрдегі тесттерге сөзбен әрекет ететін тапсырмалары бар тесттер жатады. Олар мысалға ұғым анықтамасын, түрлі сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстырмалы түрде келтіретін тапсырмалар.

Қүжатты тесттерде орындалуында зерттелуші тест материалдарын түрлі бланкілер қалпында алады: сурет­тер, кесте, сызбалар, сұраунамалар.

Аппаратуралық - бұл тест нәтижелерін беру мен өңдеуде түрлі үлгідегі аппаратуралардың қолданылуы (аудио, бейне техника).

Процессуалдық - мүның көмегі арқылы кейбір психологиялық немесе тәртіптік үрдіс зерттеуге түседі және де оған нәтижесінде сапалы және сандың сипаттама беріледі (мысалы, индивидтердің өзара қатынас үрдісі).

Жетістік тест топтарына қолдану қорытындысында кейбір қызметтегі адам жетістігі бағаланатын тесттер енеді (мысалы, таным саласында: ақыл өнімділік, ойлау қисыны, көзқарас тұрақтылығы).



Тесттерге қойылатын талаптар:

  • Әлеуметтік мәдени бейімділік (түрлі елдерде әр түрлі қолданылуы);

  • Қарастырылу қарапайымдылығы мен тест тапсырмаларының бірмәнділігі.

  • Тест тапсырмаларын орындауға берілетін уақыттың шектелуі (2 сағаттан көп емес);

  • Берілген тестке арналған тест нормаларының сақталуы (берілген тест бойынша орташа көрсеткіш).

  • Тесттердің орындалуын алдымен өзіңе тексеріп көру қажет.

  • Тестке берілген нұсқауды түсіндіру.

  • Зерттеушілер бір-біріне тәуелсіз түрде, жеке-жеке жұмыс істеулері керек.

  • Әр тестке негізделген және тексерілген өңдеу жұмыстары мен нәтижелері түсіндірмелері болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет