Сулейменова зауре екпиновна



бет6/11
Дата08.06.2018
өлшемі1,76 Mb.
#41652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырып №11. Социометрия әдісі

Жоспар:

1. Социометрия әдісінің пайда болу тарихы

2. Қолданылу әдістемесі
«Социометрия» термині латын тіліндегі: socius – дос, серіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.

Социометрия терминін 1934 жылы Я.Л. Морено "Who Shall Survive?" деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге "социодрама" көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым.

Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықшылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белгілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді. Зерттеудің алғашқы сатыларында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді. Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, қазір бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген ("ең жақсы үш досыңызды атаңыз") немесе белгіленбеген ("қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз") болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін.

Бастапқыда социометриялық  мәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше көп артықшылықка ие болған немесе ештеңе алмаған "жұлдыздар" мен "жақпайтын адамдар" секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтер социограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады.

Социометрия топтық құрылымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады. "Sociomietry" атты ғылыми журнал шығарылады. Баска бір әдісте ол желілік әдістермен талдауға қатысты болады

Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңбектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теориялық қорытындыларды жасауда арқау болады.

«Мәртебе» және «әлеуметтік роль» ұғымдары негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Бұл ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл – индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдістердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: «көсем», «ұжымның беделдісі», «әділ сот» және т.с.с.сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік рөлдер қатаң болмайды: ол орындаушының тұлғасы біршама ықпал ететін динамикалық және көп өлшемді құбылыс.

Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын таңдаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдіс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.

Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен бірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшілікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.

Сұрауда көбінде дихотомиялық өлшем қолданылады. Ол кіші топтағы өзара қатынастарды неғұрлым нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамға жауапты істі кіммен бірге орындағысы келетіні ұсынылып қана қоймай, ол істі кіммен қосылып жасағысы келмейтінін де анықтау мүмкіндігі ұсынылады. Кейде респондент фамилияларды тізбектеумен шектелмей оларды нақты ретпен орналастырса рангілеу әдісі қолданылады. Мәселен, «Туған күніңізге кімді (бірінші, екінші және үшінші кезекте) шақырғыңыз келеді?».

Социометриялық сауалнамада әрбір сұралушыға социометриялық анкета (немесе социометриялық үлестірме) және топ мүшелерінің тізімі беріледі. Жұмыстың қолайлы болуы үшін, кейінгі өңдеудің қарапайымдылығы үшін топ мүшелерінің фамилиялары шифрленеді немесе топ тізіміндегі нөмірмен белгіленеді. Кез келген социологиялық анкета ретінде социометриялық үлестірме сұраудың мақсаты, оның мәні мен сұрауға қатысу ұсынысы жазылады. Ары қарай үлестірмені қалай толтыруға болатыны жайлы, таңдауға шектеудің бар-жоқтығы, бар болса қандай себеппен екендігі жайлы ақпарат баяндалады.

Социометриялық сұраудың талдамасы ресми және биресми өлшемдер бойынша бөлек жүргізіледі. Сұраудың нәтижелері топтың әрбір мүшесінің жауаптары бар кесте түрінде берілген социоматрицаларға енгізіледі.

Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді.

Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено.

Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді.

Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

Социометрия - топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқындауға мүмкіндік беретін әдіс.

Социограмма - бұл респонденттер қатынасының бір-біріне деген социометриялық талаптарға жауабының графикалық құрылымы.

Социометрияны дайындау және өткізу кезендері


  1. Оқушыларға парақтар таратылады, өз парақтарын белгілеу және алынған ақпараттың құпиялығына кепілдік береді.

  2. Оқушылар жауаптары шын жүректен шығулары тиіс. Алынған нәтижелер тек қана жұмысты жақсартуға қолданылады және басқа ешкім, мұғалімдерді қоса, онымен таныс болмайды.

  3. Өткізу нұсқаулары мынадай компоненттерге ие: жұмыс мақсаты, оны өткізу шарттары, тапсырманы орындау туралы нұсқаунамалар, автордың қол кою қажеттілігі және т.б.

  4. Әлеуметтік үдеріс негізінен 10-15 минут уақыт алады. Мысалы, "жетекші" және "алшақтанған" оқушыларды анықтау мақсатында оқушыларға ұсынылған парақта "мына балалардың қайсысын:

а) сынып старостасына сайлаушы едіңіз;

б) кезектегі староста, егер алғашқысы кейбір жайттарға орай міндеттерін орындамаса, кімді сайлар едіңіз" деген сияқты сұрақтар болуы мүмкін.



  1. Зерттеуші оқушылар толтырған парақтарды жаяды да, әлеуметтік өлшем матрицасын дайындайды. Торлардағы әр фамилия (тегі) қарсы таңдап алынған оқушы нөміріне сәйкес, таңдауды көрсететін 1; 2; 3 сандары қойылады.

  2. Матрица негізінде социограмма құрастырылады, бұл топтағы өзара қатынастарды көрнекті және терең айқындау мүмкіндігін туғызады.


Тақырып №12. Контент-анализ әдісі

Жоспар

  1. Контент-анализдің тарихы

  2. Контент – анализдің қолданылу аймағы

  3. Мазмұндық және сандық контент-анализ

Контент-анализ әдістемесі кең қолданысты ақпараттық заманда тапты, алайда әдістің тарихы мәтіннің автоматты өңдеу заманынан шектелмейді.

Ең алғаш контент анализ XVIII ғасырда қолданды, Швецияда кітаптағы мәтіннің жиілік өлшемімен қызмет етті.

Бірақ, контент анализ әдісінің нақты пайда болуы XX ғасырдың 30 жылдары.



Контент-анализ - [ағылш. Contents - мазмұны] - халықаралық қатынастарды зерттеудің экспикативті әдістерінің бірі. Саяси ғылымда алғаш рет американдық зерттеуші Г.Лассуел қолданды. Бұл әдіс жазбаша немесе ауызша мәтіннің мазмұнын жүйелі зерттеуге мүмкіндік береді. Ол мәтіндегі өте жиі қайталанатын сөз тіркестері мен сюжеттерді жазып алу арқылы жүргізіледі. Одан әрі осы сөз тіркестері мен сюжеттердің жиілігі басқа жазбаша немесе ауызша хабарлардың жиілігімен салыстырылады. Нәтижесінде зерттеліп отырған мәтін мазмұнының саяси бағыты жайлы қорытынды жасауға болады. Осы әдісті сипаттай келіп М.А. Хрусталев пен К.П.Бришполец оны қолданудың мынадай кезеңдерін атап көрсетеді: ақпараттық материалды алғаш өңдеуге қатысты мәтінді құрылымдау; ақпараттық массивті матрицалық кестенің көмегімен өңдеу; ақпараттық материалдарды квантифкациялау. Әдісті қолданудың тиімділігі тал¬даудың алғашқы бірліктерін (терминдер, сөз тіркестері, мағыналы блоктар) және өлшеу бірліктерін (сөз, фраза, бөлім, бет) дұрыс анықтауға байланыcты. Бұл әдісті тиімді қолдану мақсатында арнайы компьютерлік "Oasis", "Fluent" бағдарламалары жасалған.

Контент-анализдің қолданылу аймағы үлкен. Социология политология қоса аталмыш әдістеме антропологияда, психологияда, ідебиеттануда , тарихта, философия тарихында кеңінен қоланылады. Оле Холсти зерттеулеріне сүйенсек контент анализ төмендегі ғылымдарда кеңінен орын алған. Олар: социология –антропология 27% комуникация қағидасы 25,9%, саяси ғылым 21,5%. Контент анализдің тарихи зерттеулерде кездеседі және қоғаммен байланыста.

Контент-анализ арқылы БАҚ мәтіндерін саралауға болады, саяси қайраткерлердің өтініштерін, партияның хабарламалары мен өтініштерін және насихаттық материалдар, тарихи бастаулар мен әдебиеттік туындылар.

 Контент-анализ – бұл құжаттардың сандық-сапалық талдауы, екі талдау бірлігін ажыратудан басталады: мазмұндық және  сандық.

Контент–анализ - бұл қалыптасқан, сапалы және есептік құжаттардың талдауы, талдаудың екі бірліктерін көрсетуден басталады: мағыналық, сапалық,  және есеп бірліктері.

Мағыналық бірліктер:  әлеуметтік идея, әлеуметтік тақырып. Мәтінде олар әр түрлі көрсетіледі: сөзбен, сөз тіркесімен, сипаттаумен. «Стандартты»  мағыналық бірліктер:

Түсінік, жеке сөзбен, термин немесе сөз тіркесімен көрсетіледі.

Тақырып, мағыналық абзац, мәтінде көрсетіледі. Тақырып  мәтінде ерекше орын алады. Өйткені кез-келген мәтін, мақала болсын тақырыпсыз болмайды.

Адам аттары, географиялық атаулар, кәсіпорын атаулары.

Есеп бірліктері:

1) массалық коммуникацияда есеп бірліктері бет, абзац, белгі, мәтіндегі мөрлер бола алады;

2) мәтіндегі белгінің пайда болуы - оның мазмұндағы тұрақты бір белгімен анықталады;

3) мәтіндегі мазмұнды сипаттау.

Мазмұндық бірлік  әлеуметтік ойды,  әлеуметтік мазмұнды тақырыптан құра алады.   Текст және оның мазмұны  контент- анализде ең басты.  Зерттеуші  текстін фактілермен, оқиғалармен  байланысын анықтайды.

Ақпаратты материалды тасымалдау әдістің басты мазмұны болы табылады. Осындай ақпарат болса контент -анализ әдісі қоладнылады.

Оқылатын бастаудың құрамының басталулары.


  • Тапсырмалардың бастауының үлгісі (баспасөз, теледидарлама, радио, жарнамалық немесе насихаттық материалдар)

  • Бір типті хабарлама (мақала, белгілер, плакаттар)

  • Комуникация үдерісіне қатысушылар (жіберуші, хат алушы реципиент)

  • Хабарламаның өлшемі (ең төмен көлем немесе ұзын)

  • Хабарламаның тазалығы

  • Хабарламаның таралуы

  • Хабарламаның таралуының жері

  • Хабарламаның таралуының уақыты

Басқа да хабарламаларды алуға болады, бірақ осы аталғандар ең жиі қолданылады.

«Архивті әдіс» американдық ғылыми әдебиеттерде «архивті әдіс» зерттеуде психолог өлшемейді және сыналушылар құлқысын бақыламайды, тек күнделікті жазуларды, белгілегендерді, архивті мәліметтерді, еңбек, оқу немесе шығармашылық қызметтін табыстарын талдайды. Біздің елімізде бұл терминнің орнына «қызмет нәтижесін талдау» немесе праксиметриялық әдіс деп атайды. Архивтік әдіс түріне контент –талдау техникасы жатады. Контент-талдау құжатты талдаудың қатан түрі. Бұл әдіс саяси психологияда, коммунмкация және жарнама психологиясында қолданылады. Контен-талдау әдісін қарастыру Г.Лассуэл, Ч.Осгуд, Б.Берельсон аттарымен байланысты. Контент –талдауда тексті талдау стандартты жекесан (единица) болып жататын: 1) сөз (термин, символ), 2) пікір, аяқталған ой, 3) тақырып, 4) персонаж, 5) автор және 6) тұтас хабар. Әр жеке сан жалпы құрылымның контекстінде қарастырылады.

Тақырып №13. Тәжірибелік деректерді статистикалық өндеу

әдістері

Жоспар


    1. Психологиялық зерттеулер деректерін статистика­лық өңдеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.

    2. Тәжірибелік деректердің кесте, сызба, гистограм­ма, графикалық көріністері.

Психологиялық зерттеулердегі нәтижелерді статис­тикалық өңдеу әдістері - бұл математикалық тәсілдер, формулалар мен әдістер - бұлардың көмегі арқылы сандық көрсеткіштерді, оның жасырын заңдылықтарын айқындай отырып бір жүйеге келтіруге жинақтауға болады. Бұлар тәжірибе нәтижесін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақ- таулар үшін негіздеме береді. Психологияда кеңінен қолданылатын математикалық әдістерге тіркеу, реттеу, межелеу жатады. Статистикалық әдістер көмегі арқы­лы орташа көрсеткіштер анықталады: орташа арифме- тикалық, медиана қатар ортасының көрсеткіші, таратылу дәрежесі, немесе орташа ауытқу, коэффициент.

Мұндай есептеулер жүргізуге тиісті формулалар, салыстырмалы кестелер қолданылады. Осы әдістер арқылы өнделген графика, диаграмма, кесте сандық тәуелділікті көрсетуге мүмкіндік береді (мысалы, топтағы 12 оқушының тізім бойынша алтыншысының бағасы медиана болады, мұнда барлық оқушылар бағалау дәрежесі бойын­ша орналастырылған).

Статистикалық көрсеткіш ретінде алынған орташа мән - тәжірибеде зерттелетін құбылыс, сапа немесе қасиеттің орташа бағалау көрсеткіші. Бұл баға зерттелу тобындағы тұтас даму дәрежесін сипаттайды. Екі неме­се бірнеше таңдауларды тікелей салыстырса, біз адамдар дамуының дәрежесі жөніндегі пікірді ойға аламыз.



Корреляция әдісі - екі тәжірибелік деректер арасындағы байланысты немесе тура кіріптарлықты айқындау әдісі. Бұл, бір құбылыстың екіншіге ықпалын немесе динамика бойынша байланысын көрсетеді. Мұндай әдістердің бірнеше түрлері кездеседі: шенді, қосарлы және көпше.

Сызбалы корреляциялық талдау ауыспалы көрсеткіштер арасындағы олардың абсолютті мәндері бойынша тура байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл байланыстар графикалық түрде тура сызықпен айқындалады, сондықтан сызбалы деп аталады. Шенді корреляция ауыс­палы орындар емес, реттік орындар немесе тендер, қатар арасындағы алатын орындарды анықтайды. Қос корре­ляциялық талдау тек ауыспалылар арасындағы кіріптарлық, ал көптік - көптеген ауыспалылармен бір уақытта көп өлшемді корреляциялық талдау формасының қолданбалы статистикада кең тарағаны деректі талдау.

Зерттеу нәтижелерін кесте, сызба, графика,т.б. ретінде ұсынуға болады.

Кестелер сандық және сапалық деректер тобының тігінен және көлденеңінен орналасуын корсетеді. Кесте­лер атаулары болуы-болмауы мүмкін. Кестелер, егер мәтінде екі-үштен артса, нөмірленеді. Кестелер белгіленген тәртіп бойынша қүрастырылып, ресімделеді. Оларда ескертпелер болуы мүмкін. Кестелердің графикаланған атау­лары бар жалпы және жеке тақырыптары болады.

Жазықтықтағы график екі ауыспалы арасындағы кіріптарлықты бейнелейтін кейбір сызықтарды көрсетеді, ал кеңістіктегі график - бұл үш ауыспалы арасын­дағы кіріптарлық.

Графикалар бөлек нүктелер арқылы немесе үздіксіз сызықты көрсетумен бейнеленеді. Графикалар зерттеу нәтижелерін топтасқан және көрнекі түрде корсете алады, олар кестелерге қарағанда көп әсер қалдырады. Жақсы ойластырылған графикалар көмегі арқылы құбылыстар заңдылықтарын жақсырақ бейнелеуге болады.

Сызбалы графика негізінде кейбір өлшем санындағы өзгерістер беріледі.

Графикалық бейнелеудің тәжірибелік нәтижелерін анықтауда гистограммалар айрықша орын алады. Бұл бағаналы диаграммалар, тігінен орналасқан тікбүрыштардан тұрады, негіздері бір сызықта орналасуы тиіс. Олардың биіктігі зерттелушінің кез келген қасиетінің даму деңгейін, сатысын көрсетеді. Сапалық жиілігін көрсететін сандар гистограмма бағандары ішінде немесе оның үстінде белгіленуі мүмкін. Кейде көрнекілік үшін, егер гистограм­ма үш өлшемдік кеңістікті бейнелесе, оны көлемді қылып суреттейді.

Секторлы диаграмма кейбір жиынтықты көбінесе шеңберді бөлшектерге бөлу арқылы бейнелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет