4.Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен оңалтудың верботональды әдісі
Естімейтіндерді коммуникативті іс - әрекет негізінде сөйлеуге үйрету
Коммуникативті іс - әрекет жүйесінде естімейтіндердің сөйлеу іс - әрекеті арнайы ұйымдастырылған сөйлеу арқылы қарым – қатынас практикасында қалыптасады. Осы жүйенің негізін қолдаушы С.А.Зыков болып табылады.
Естімейтін балалардың сөйлеу арқылы қарым – қатынас жасау дағдыларын меңгеруі көптеген факторларға байланысты: естудің жағдайы: (есту неғұрлым сақталған болса, соғұрлым сөйлеу арқылы қарым – қатынас жасауы тиімді болады); дыбыс күшейткіш аппаратураларды қолдану; арнайы оқыту технологиялары; сурдопедагогтардың кәсіби шеберлігі және шығармашылық қабілеттері:
Коммуникативті іс - әрекет жүйесінде тілге оқытудың мақсаты – естімейтін балаларды тілдік шындыққа жеткізу, тілдің мазмұнын түсінуі; әлеуметтік бейімделуге, жәке тұлғасының жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасау: және т.б.
«Тілдік қабілеттілік – тілдік үрдіс (іс - әрекет) – тілдік жүйе» аталған жүйенің құрам бөліктері болып табылады.
«Тілдік қабілеттілік – тілдік үрдіс (іс - әрекет) – тілдік жүйе» аталған жүйенің құрам бөліктері болып табылады.
Тілдік қабілеттілікті дамытуға естімейтін баланың қоршаған адамдармен сөйлеу тілін қолдану арқылы қарым – қатынас жасауға ұмтылуы жатады.
Тілдік қабілеттілікті қалыптастыру үшін балаларды алдымен заттық жағдайда өздеріне айтылған сөзді түсінуге үйрету. Заттық әрекеттердің мазмұнын түсіну мен бақылау негізінде не талап етілетінін, не жайлы сұрап жатқанын, не істеу керек екенін түсінеді.
Тілдік үрдістің қалыптасуы сөйлеу іс - әрекетінің әр түрін меңгеруді білдіреді: қабылдау (көру және есту – көру арқылы), сөйлеу, оқу, дактильдеу. Сөйлеу іс - әрекетінің әр түріне үйрете отырып, сурдопедагог осы іс - әрекеттің барлық құрам бөліктеріне назар аударады.