Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет18/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:Педагогикалық технологиялар.Болашақ мұғалімді оқыту ерекшеліктері – технологияның рөлі.


12 - дәріс.
Тақырыбы: ДБҰ технологиясы.
Мақсаты: В.Д. Шаталов жұмысының жүйесін талдау
Жаңа инновациялық технологияны қолдану оқушыларды сөйлеу, жазу тілдерін қолдана білуге, таным, ойлау белсенділіктерін ізденушілік деңгейге жетелеуге көмектесетіндігі туралы ой қозғалады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы»Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [1] деп көрсетеді. «Технология» грек сөзі. Техно-өнерпаздық, шеберлік, логос-ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген, ал «инновация» сөзінің мәні латынның жаңарту, өзгерту деген мағынасын береді. [2] Білім саласындағы инновациялық өзгерістерге толы ақпараттық дәуір адамның білімді, әрі білікті тұлғасына тәуелді. Сондықтан әлеуметтің саяси сұранысына жауап беру мұғалімнің кәсіби дайындығынан жаңашылдықты талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында»атты дәрісінде әлеуметтік салаға, оның ішінде білім жүйесіндегі жаңа мемлекеттік білім берудің базалық негіздерін жүзеге асыруды, елдің интеллектуалды капиталын даярлаудағы стратегиялық жоспарлардың маңыздылығын назарда ұстауды, жаңа индустриялық революцияға көшу, сандық технологияны меңгеруді, жастардың білімі мен біліктілігі әлемдік деңгейде болуы үшін жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетті. ҚР «Білім туралы»Заңында: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – бала тұлғасының рухани және дене қабілеті мүмкіндіктерін ашу, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік келбетін дамыту барысында жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту» деп көрсетеді. Оқытуда енгізілген қандай да бір жаңашыл технологиялар тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған , мақсатты әдіс арқылы жүзеге асырылады. Технология туралы 300-дей анықтама бар. Алғаш рет педагогикалық технология жиырмасыншы ғасырдың 20-жылдары И.П.Павлов, В.М.Вехтерев, А.А.Ухтомский, С.Г.Шацкий еңбектерінде кездесті. Қазіргі таңда оқыту мен оқуда проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиясы т.б. оқытудың өнімді жолы болып табылады. Яғни, технологияның негізгі мақсаты - оқу барысында алынған ақпаратты түсінуге, ұғынуға, тұлғаның жеке тәжірибесімен салыстыруға, нәтижесінде өзіндік пікір қалыптастыруға үйрету деп түсінемін. ІІІ (базалық) деңгей бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі «Мұғалімдердің оқушылардың сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасу». Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Яғни, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үдерісіне қосу -оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытады. АКТ-ны қолдану арқылы, яғни ақпараттық құзыреттілік тапсырмалары арқылы оқушыларда қандай дағдылар қалыптастырдым, яғни өз тәжірибеммен бөліссем. Ең бірінші, ақпараттық құзыреттілік тапсырмасы деген не? Ақпараттық құзіреттілік тапсырмасы дегеніміз – қатысымдық және танымдық мақсатқа байланысты өзіне қажетті ақпаратты тауып, талдау, өңдеу, сақтау, оның мазмұнын жеткізу, тапқан ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалана алу және жаңа ақпараттық технологияларды игеру біліктілігі.
Ақпараттық құзіреттілік тапсырмасына мысалы, орыс тілінде оқытатын мектептің 6-сыныптағы «Қазақ тілі» пәнінен «Әлеуметтік-мәдени аяның» «Астана» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды. Тапсырманың мақсаты: оқушылардың ақпаратты іздеу құзіреттілігін қалыптастыру. Мазмұнын жеткізу.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері. Оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұмысты орындау барысында оқушылардың ақпарат көздерімен жұмыс істеу, одан өзіне қажетті ақпаратты бөліп, екшеу, екінші біреуге мазмұнын жеткізу біліктерін қалыптастыру көзделді.
Тапсырма. 1. Қазақстанның астаналары: оңтүстік және солтүстік астаналары туралы мәтіндерді ақпарат көздерінен іздеп табыңдар. 2. Ақпаратты жазбаша түрде дайындаңдар. 3. Сынып алдында ақпараттың мазмұнын баяндаңдар.
Осы тапсырманы орындау барысында жұпта оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты іздеуге кірісті. Кейбір жұптар ақпаратты интернеттен іздесе , кейбірі оқулықта берілген мәтінмен жұмыстанды. Қажет ақпараттарды дәптерлеріне түсірді және сынып алдында мазмұндап беретін болғандықтан графикалық органайзерлерді қолданып, өздеріне түсінікті тілде сызбалар жасады . Оқушылар жұптарын ішкі және сыртқы шеңберде келесі жұпқа түсіндіріп берді. Ішкі шеңбердегі жұп баяндаса, келесі айналымда сыртқы шеңбердегі жұп баяндады. Осы жұмыстан кейін оқушылар өздерінде болмаған жаңа ақпараттарды естіген болса, өз жұмыстарына қосуға мүмкіндік алды. Бұл тапсырманы орындату арқылы оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыру көзделеді. Оқушыларға ұялы телефондарын т.б. интернет желісін пайдаланып ақпаратты іздеп табуға жаттықты. Тапқан ақпаратымен жұпта бөлісті. Жұпта жұмыс істеу дағдысы дамыды. Ол ақпаратты басқаларға ұсыну жолдарын қарастырды. Дәстүрлі оқытуда оқулықтағы мәтінді оқытып, не түсінгенін сұраумен шектелетінмін. Оқушымның оқу белсенділігі төмен, оқу нәтижесі аз болатын. Ал, оқуды нәтижелі ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім үдерісінде қолдану тиімді болып табылады және қажетті ресурстар пайдалануға мүмкіндік береді.
Инновациялық технология көздеген нәтиженің орындалу кепілі, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы деп қарастыратын болсақ, жоғарыдағы тапсырма мақсатына оқушының білімді өз әрекетімен, белсенділігімен алу жүзеге асты. Мұғалімдердің тіл үйретудегі бұрыннан қалыптасқан ережелері мен талаптарына қоса, жаңа инновациялық жолдарын меңгеру, оқушыларды сөйлеу, жазу тілдерін қолдана білуге, таным, ойлау белсенділіктерін ізденушілік деңгейге жетелеуге АКТ көмектеседі. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындау барысында сабақ мақсаттарына сәйкес тапсырмалардағы сөздердің мәнін оқушылар түсіне ме? Толық түсіну үшін тағы қандай ақпараттар керек, құралдар керек? Бұл тапсырмалар оқушыларды қызықтыра ма, ынталандыра ма? Оқушыларымның қабілеті мен сұранысы қандай деген сұрақтар тұратыны рас. Егер де, оқушыға таныс емес сөздер, терминдер немесе фразеологиялық тіркестер кездесетін болса, одан айналып өтудің қажеті жоқ. Сабақта АКТ пайдаланып, оқушыларға өз беттерімен зерттеу, іздену, қорытынды жасауға түрткі жасайсыз. Яғни, сабақта компьютерді, планшет, ұялы телефон т.б қолданғанда оқыту мен оқудың тиімділігі күрт өседі. Жыл сайын коммуникациялық жылдам құралдар көз ілеспес жылдамдықпен дамуда, жыл сайын олардың жаңа түрлері пайда болуда. АКТ-ны оқушыларымыздың терең де жүйелі ойлану, ақпаратты өздігімен түсініп, оны саралап, ішінен керектісін алу, ойын дәлелдеуге, шешім қабылдау және қиын мәселені шешуге белсенділік танытып, басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға дағдыландыру үшін қолданған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет