Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»



бет28/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)

«Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 адамнан артық болмағаны дұрыс.
Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
Түртіп алу:«Түртіп алу» страгиясы бойынша әрбір студент мәтінге «+» - жаңалық, «v» келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою арқылы әрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мәтінді оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.



«+» жаңалық

«v»келісемін

«-» келіспеймін, басқаша ойлаймын

«?» түсінбедім

























Кубизм стратегиясы: Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет