1.Жануарлар систематикасы – жануарлар классифкациясы туралы ғылым. Құрылысындағы ұқсастық, шығу тегі және өмір сүру салтына байланысты келесідегідей бөлінеді: патшалық (жүйелеу бойынша ең үлкен категория), тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс және түр. 2. Биологиядығы таксаномия – ғылыми систематикамен классификация теориясы, систематиканың бөлімі, таксономиялық санаттарға бөлуді білу. 3. Түр- популяциядағы бір түрдің жиынтығы. 4.Класс- жоғары таксономиялық топтардың бірі, жануардың туыс отрядтардан тұрады. 5. Отряд – жануар иеррархиясындағы таксономиялық топ, класс пен тұқымдас арасында аралық орын алады. 6.Тип – туыс класстар бірігетін жоғарғы таксономиялық топтардың бірі. Бір типке жататын барлық организмдердің құрылысы жағынан ұқсас болып келеді.
7.Популяция - нақты бір территорияны мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың тобы.
совокупность особей одного вида, занимающих определенную территорию.
8.Фенотип- қоршаған ортаға байланысты ағзаның сыртқы белгілерінің ұқсастығы.
9. Модификация- ағзаға пайдасын тигізетін, генотипке байланысты емес белгілердің өзгеруі.
10. Тақ тұяқтылар- ортаңғы саусақтары жақсы дамыған сүтқоректілер.
11.Алаптация- организмнің мінез-құлқы (дарақтың, популяцияның, түрдің) белгілі бірі.
12. Биоритмдер- жануар ағзасындағы өмір сүру дәрежесінің молекулалық, жасушалық, ағзалық, популяциялық және биосфералық жағынан сан және сапалық өзгеруі.
13. Буаздық- сүтқоректілердің жатырындағы ұрықтың дамуына байланысты физиологиялық процестердің жиынтығы.
14.Экосистема-функционалдық топтарды және қоршаған ортаны өзіне біріктіретін биологиялық система.
2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыбтары
1 - тақырып. Сүтқоректілердің классификациясы (2 сағат)
Сабақтың мақсаты:
1. «Жануарлар систематикасы» пәнінің мақсаты мен міндеттерін қарастыру
2. Сүтқоректілер отрядының классификациясымен танысу
1 - тапсырма. Жануарлардың таксономиялық категориясымен танысу.
Таксономиялық категория
|
Қазақша атаулары
|
Латынша атаулары
|
патшалығы (царство)
|
regnum
|
тип
|
phylum
|
топ (класс)
|
classis
|
отряд
|
ordo
|
тұқымдас (семейство)
|
familia
|
туыс (род)
|
genus
|
түр (вид)
|
species
|
2 - тапсырма. Жануарлар систематикасының классификациясын білу
Сүткоректілер отрядын анықтайтын кесте.
Отрядтар
|
Құрылыс ерекшеліктері
|
Кеміргіштер
|
Жыртқыш тістері жоқ. Күрек тістері иілген қашаулар немесе өткір жиектері бар долот. Күрек тістері мен азу тістерінің арасында – диастема бар. Күрек тістері астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінде 2 жұптан.
|
Қоян тәрізділер
|
Күрек тістері жоғарғы жақ сүйегінде 2 жұп. Олар бірінін артында бірі орналасқан.
|
Жыртқыштар
|
Аяқтары шынтақ және тізе буындарынан бастап денесінен ажыратылған.
|
Ескек аяқтылар
|
Қысқа мойны біртіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген.
|
Тақ тұяқтылар
|
Тұяқтарының саны әр аяқта бір жұптан.
|
Жұп тұяқтылар
|
Әрбір аяқтағы тұяқ саны төртеу. Оның екі орташасы басқа екеуінен улкендеу.
|
3 - тапсырма. Дәптерлеріне сүтқоректілер отрядын анықтайтын кестені көшіріңдер.
Кемірушілер тұқымдасын анықтайтын кесте.
Кемірушілер тұқымдасы
|
Құрлысындағы ерешеліктері
|
Тиіндер тұқымдасы
|
Бұл тұқымдасқа кіретін өкілдерінің көлемі орташа, ірі, дене ұзындығы 70 см, оның салмағы 9 кг болады.
|
Құндыздыр тұқымдасы
|
Бұл аңдар тиіндермен тығыз туыстық байланыста болады. Қазіргі жүйелеу кәдімгі құндыздың сегіз түршесін ажыратады. Құндыздар жұптасып немесе жалғыз өмір сүреді.
|
Жанғақты (ұйқышы) тұқымдасы
|
Көлемі жағынан ұсақ, ірі кеміргіштер сырттай тышқандарға (жерүсті мекендеуші) немесе тиіндерге (ағашта мекендеуші) ұқсас келеді. Дене ұзындығы 8-ден 20 см дейін. Құйрығы сәл денесінен қысқа 4-17 см. Көзі мен құлағы жақсы дамыған, соңғы дөңгелек тәрізді, ұштарында шашағы болмайды. Аяқтары бір шама қысқа. Алдыңғы аяқтарында 4, артқысында - 5 саусағы болады.
|
Бақылау сұрақтары:
1. «Жануарлар систематикасы» пәні нені оқытады? 2. Сүтқоректілер отрядының классификациясын атаңыздар. 3. Кемірушілер отрядының систематикасын атаңыздар 4. Сүтқоректілер отрядының халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттері: 7.1.1-7.1.13 (негізгі), 7.2.-7.2.10 (қосымша)
2-тақырып. Қоянтәрізділер, шақылдақтар тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы (2 сағат)
Сабақтың мақсаты:
1. Кеміргіштер отрядының классификациясын оқу.
2. Шақылдақтар, қоян тәрізділер тұқымдасының құрылысын, таралауын, көбею мен өсіп-дамуын қарастыру.
1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін қарастыру.
Түрлері
|
Атауы
|
Ақ қоян
|
Lepus timidus
|
Ор қоян
|
Lepus europaeus
|
Құм қоян
|
Lepus tolai
|
Жапон қояны
|
Lepus brachyurus
|
Маньчжур қояны
|
Lepus mandschuricus
|
Қылтанды қоян
|
Caprolagus
|
Жолақты қоян
|
Nesolagus
|
Үй қояны
|
Oryctolagus
|
Өрмелеуші қоян
|
Pentalagus
|
2 - тапсырма. Құрылысын, таралауын, көбеюі мен өсіп-дамуын қарастыру.
3 - тапсырма. Шақылдақтар, қоян тәрізділер тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріне көшіріп алыңдар.
Түр
|
Құрылысының ерекшеліктері.
|
Шақылдақтар
|
Көлемі кішкентай. Ұзындығы 12-28 см аралығында толқиды, салмағы 170-240 г. Аяқтары қысқа, алдыңғы аяқтарында 5, ал артқы аяғында 4 бармақтары бар. Түсі қызғылт немесе бурыл . тұқымдаста 1 туыс бар.
|
Қоян тәрізділер
|
Кемірушілер отрядының ең ірі өкілі. Денесінің ұзындығы 25-74 см. Аяқтары 5 бармақты тұықталған. Өрмелегіш, жолақты, бушменді, африкалық қояндар сияқты туыстарға бөледі.
|
Бақылау сұрақтары:
1. Кемірушілер отрядына сипаттама беріңдер. 2. Қоян тәрізділер отрядының классификациясын атаңыздар. 3. Шақылдақтардың қоянтәрізділерден қандай айырмашылығы бар? 4. Қоян тәрізділердің халық шаруашылығында қандай маңызы бар?
Ұсынылған әдебиеттер: 7.1.1-7.1.13 (негізгі), 7.2.-7.2.10 (қосымша)
1. Жануарлардың таксонамиясы ( жануарларға ғылыми анықтама беріп, олардың түрлерін сипаттап және туыстық байланыстарын қарастыра отырып топтарға жіктейді) бөлімі ?
А. биологияның
В. орнитологияның
С. генетиканың
D. зоологияның
Е. ботаниканың
|
2. Екі таксономия категориясын «түрді» және «тұқымдасты» кім енгізді ?
А. Платон
В. Аристотель
С. Сократ
D. Демокрит
Е. Гиппократ
|
3. Жануарлар дүниесі бөлінетін ең үлкен топтар ( таксондар) қалай аталады ?
А. типтер
В. тұқымдастар
С. отрядтар
D. түрлер
Е. туыстар
|
4. Зоологиялық номенкулатураның Халықаралық кодексі қай жылы қабылданды ?
А.1903 жылы
В.1902 жылы
С.1905 жылы
D.1904 жылы
Е. 1901 жылы
|
3 - тақырып. Тиіндер тұқымдасынын систематикасы, физиологиясы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы (2 сағат.)
Сабақтың мақсаты:
1. Тиіндер тұқымдасының жүйеленуін қарастыру.
2. Тиіндердің құрылысын, таралуын, көбеюі мен дамуын оқып білу.
1 - тапсырма. Тиіндер тұқымдасының жүйеленуін оқып білу.
Түрлері
|
Атауы
|
Тиіндер тұқымдасы (Sciuridae). Аса ірі тиін түрі (Ratufa)
|
Үлкен құйрықты тиін
|
Ratufa macroura
|
Үнді алып тиін
|
Ratufa indica
|
Екі түсті тиін
|
Ratufa bicolor
|
Ақ сары түс тиін
|
Ratufa affinis
|
Ергежейлі тиін түрі (Microsciurus)
|
Орталық Америка ергежейлі тиін
|
Microsciurus alfari
|
Амазон тиіні
|
Microsciurus flaviventer
|
Батыс ережелі тиін
|
Microsciurus mimulus
|
Сантадер тиіні
|
Icrosciurus santanderensis
|
Тиін түрі (Sciurus)
|
Парсы тиін
|
Sciurus anomalus
|
Аризон сүр тиін
|
Sciurus arizonensis
|
Кәдімгі тиін
|
Sciurus vulgaris
|
Ергежейлі тиін
|
Sciurus microsciurus
|
Қызыл тиін
|
Sciurus tamiasciurus
|
Лағыл тиін
|
Sciurus rubrisciurus
|
Ұшар түрі
|
Солтүстік Азия ұшар
|
Pteromys
|
Қара ұшар
|
Aeromys
|
2 - тапсырма. Тиіндер тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріне көшіріп алыңдар.
Тұқымдас
|
Құрылыс ерекшеліктері.
|
Жер үсті тиіндері
|
Артқы аяқтары тым ұзын. Тырнақтары ұзын.
|
Тиіндер
|
Артқы аяқтары сәл ғана ұзарған. Тырнақтары қалыпты ұзындықта. Құйрығы ұзын және үлпілдек. Құлақ қалқаны жақсы жетілген.
|
Суырлар
|
Құйрығы үлпілдек емес, ұзындығы дене ұзындығынан сәл қысқа. Құлақ қалқаны жетілмеген тері жұмыры бар.
|
Бақылау сұрақтары:
1. Тиіндер тұқымдасына сипаттама беріңдер. 2. Тиіндердің таралуы және таралу аймағы қандай? 3. Көбеюі мен дамуы. 4. Тиіндердің халық шаруашылығындағы және өндірістегі маңызы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер: 7.1.1-7.1.13 (негізгі), 7.2.-7.2.10 (қосымша)
Тестер:
1. Тиіндер тұқымдасын табыңдар:
А.Sciuridae
В.Scidae
С. Skiuride
D.Sciuridaa
Е. Sciuriid
|
2.Тиін тұқымдасына неше тұқымдас асты жатады
А. 45.
В. 35
С. 40
D.45
Е. 50
|
3. Қазақстанның Қызыл кітабына тиіндер тұқымдасының қандай жануарлары тіркелген?
А.мензи бирасуры
В.құндыздар
С. соқыртышқандар
D.саршұнақтар
Е. кәдімгі тиін
|
4. Тиіндер тұқымдасында қандай тіс болмайды?
А. алдыңғы
В. күрек
С. иттістер
D. Үлкен азу тістер
Е. кішкентай азу тістер
|
4 - тақырып. Тышкандар тұқымдасының систематикасы, физиологиясы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы (2 сағат.)
Сабақтың мақсаты:
1. Тышкандар тұқымдасының жүйеленуін оқып үйрену.
2. Тышкандар тұқымдасының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп-дамуын оқып білу.
1 - тапсырма. Тышкандар тұқымдасының жүйеленуін оқып білу.
Түрлері
|
Атауы
|
Тақтатісті егеуқұйрық
|
Nesokia indica
|
Сұр егеуқұйрық
|
Rattus norvegicus
|
Қара егеуқұйрық
|
Rattus rattus
|
Түркістан егеуқұйрық
|
Rattus turkestanicus
|
Үй тышқаны
|
Mus musculus
|
Дала тышқаны
|
Apodemus agrarius
|
Азия тышканы
|
Apodemus speciosus
|
Орман тышканы
|
Apodemus sylvaticus
|
3 -тапсырма. Тышкандар тұқымдасының анықтайтын кестені дәптерлеріне көшіріп алыңдар.
Тышкандар тұқымдасы
|
Құрылысының ерекшеліктері
|
Африкалық тышқан
|
денесінің ұзындығы 10-14 см, құйрығы 14-20 см. Құйрығы ұшында ұзын түктерден құралған шашақ болады.
|
Орман тышқаны
|
дене тұрқы 63-67мм, құйрығының ұзындығы 98-112мм. Арқа жүнінің түсі сұрғылт бурыл, арқасында желкеден бастап құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы.
|
Дала тышқаны
|
дене ұзындығы 10-12 см, құйрығы 6-9 см. Арқа, бүйір үлбірі қызғылт түсті, желкеден құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы болады. Бауыры сұрғылт, ақ түсті.
|
Бақылау сұрақтары:
1. Тышкандар тұқымдасына сипаттама. 2. Суырлар тұқымдасының көбеюі мен өсіп дамуы. 3. Суырлар тұқымдасының таралуы және мекендеу аймағы. 4. Суырлар тұқымдасының халық шаруашылығындағы және өндірістегі маңызы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер: 7.1.1-7.1.13 (негізгі), 7.2.-7.2.10 (қосымша)
Тестер:
Тышқан тәрізділердің жалпы ұзындығы
A. 5-48 см
B. 10-25 см
C. 15-70 см
D. 20-50 см
E. 25-30 см
|
2.Тұқымдастың барлық түрлерінің ішінде ең кішкентай кеміргіш қалай аталады?
A. егістік тышқаны
B. ұсақ тышқан
C. африкандық тышқан
D. жолақты тышқан
E. үй тышқаны
|
3.Қызыл тұмсықты егеуқұйрық қай тұқымдас астына жатады:
A. Құмдақ тышқандар
B. Дала тышқаны
C. Өрмелеуші тышқандар
D. Тышқандар
E. Қосаяқтар
|
4.Табиғи ортада тышқантәрізділердің өмір сүру ұзақтығы
A. 7-8 жыл
B. 4-6 жыл
C. 1-3 жыл
D. 1 жыл
E. 5 ай
|
5 - тақырып. Иттер тұқымдасы отрядынын қасқыр, шүйебөрі тұқымдасынын систематикасы, физиологиясы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы (2 сағат)
Сабақтың мақсаты:
1. Иттер тұқымдасының жүйеленуін, қасқырлар, қорқау қасқыр туысын оқып білу.
2. Қасқыр мен қорқау қасқыр туысының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп-дамуын оқып білу.
1 - тапсырма. Жыртқыштар отрядының жүйеленуін оқып білу.
Жыртқыштар отрядын анықтайтын кесте
Жыртқыштар отряды
|
Латынша атауы
|
Аюлар
|
Ursidae
|
Сусарлар
|
Mustelidae
|
Иттер
|
Canidae
|
Мысықтар
|
Felidae
|
Жанат тәрізділер
|
Procyonidae
|
Қасқыр, шүйебөрі тұқымдасының түрлері
Түрлері
|
Атауы
|
Кәдімгі қасқыр
|
Canis lupus
|
Жалды немесе гуара қасқыры
|
Chrysocyon brachyurus
|
Қызыл қасқыр
|
Cuon alpines
|
Сары түсті қасқыр
|
Canis niger
|
Қара қанадалық қасқыр
|
Canis lupus pambasileus
|
Шабындық қасқыр
|
Canis latrans
|
Полярлық қасқыр
|
Сanis lupus tundrorum
|
Мелвильский аралдық қасқыр
|
Canis lupus arctos
|
Сібір орман қасқыры
|
Canis aliaicus
|
Дала қасқыры
|
Canis сатреstris
|
Тибеттік қасқыр
|
Canis chanco
|
Шүйебөрі (Canis auerus)
|
Жолақ шүйебөрі
|
Canis adustus
|
Чепрачалық шүйебөрі
|
Canis Mesomelas
|
Азия шүйебөрі
|
Canis aureus
|
Эфиоп шүйебөрі
|
Canis simensis
|
2 - тапсырма. Кестені көшіріп алыңыздар.
Тұқымдас
|
Құрылыс ерекшеліктері
|
Аюлар
|
Артқы аяқтарында 5 бармақтары бар. Құйрығы арқы аяғынан қысқа жәнеде жүніне мүлдем көрінбейді. Көлемдері үлкен, дене тұрқы 150-200. Жоғарғы жақ сүйектерінде жыртқыш тістерінен кейін тағы 2 тісі бар.
|
Жанат тәрізділер
|
Құйрығы артқы аяғынан ұзынырақ. Түсі көзге түсетін екі түсті болып келеді. Ашық реңді жерлерінде 6-7 көлденең сақиналары бар. Алдыңғы аяқтарының бармақтары жалаңаш, ал артқы аяқтары сирек қылықпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйектерінде 2 азу тістері бар.
|
Сусарлар
|
Құйрығында көлденең жолақты бояулары жоқ. Бармақтары жоғарғы жағынан қалың түкпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйегінде жыртқыш тістерінің артында бір ғана тісі бар.
|
Иттер
|
Басы ұзарған. Құйрығының айналасындағы түктері қысқа, сондықтан құйрығы түп жағынан қысылып тұрған сияқты көрінеді. Тырнақтары ішке қарай тартылып орналасқан, сәл майысқан. Жоғарғы жақ сүйегінде жыртқыш тістерінің артында тағы 2 тісі бар. Жоғарғы жақ сүйегінде әрбір жағында 6-7 азу тістері бар.
|
Мысықтар
|
Басы домалақ. Мұрнының сыртқы жағы терімен қапталған. Тырнақтары ішке қарай бүгілген (гепардтан басқасы). Жоғарғы жақ сүйегінің артында тек 1 тісі бар. Төменгі жақ сүйегінде әрбіржағында 3 азу тістері бар.
|
3 - тапсырма. Қасқыр мен қорқау қасқыр тұқымдасын анықтайтын кестені көшіріп алыңыздар
Иттер тұқымдасы. Қасқыр және қорқау қасқыр туысы.
|
Құрылыс ерекшеліктері
|
Қасқыр
|
Қасқырдың шамамен жеке 7 түрі, сұр қасқырдың 17 түрі белгілі, жалпы есеппен бүкіл әлем жерінде кездесетін олардың 24 түрі бар. Қазақстанда қасқырдың 4 түршелері: сібір орман (С. aliaicus), дала (С.сатреstris) Батыс және Орталық Қазақстандағы шөл (С. desertorum) және Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығыс жоталары аумағындағы тибет қасқыры (С.chanco) мекендейді. Ресей аумағында оның 6 түршелері: тундралық, ортаорыстық орман, сібірлік орман, дала, кавказдық және монғол қасқырлары кездеседі
|
Шүйебөрі қасқыр
|
Шүйебөрінің қазір 4 түрі белгілі эфиоп - С. simensis Ruppel, жолақ - С.adustus Sundevall, чепрачалық - С. mesomelas Schreber, азиялық - C.s aureus. Алғашқы 3 түрі Африкада, ал соңғысы Африка, Европа және Азияда мекендейді
|
Достарыңызбен бөлісу: |