Фикус гүлі өздеріне риза болғанын айтады.
Балалар сызбаға қарап, жапырақтар
сабақта
өсетінін,
сабақ
тамырдың
көмегімен
топырақта
тұратынын
əңгімелейді.
Біздің ал қызыл гүлдер
Қолдарын жоғары созып, саусақтарын
ашады.
Күлтелерін ашады.
Қолдарын оңға-солға тербейді.
Самал жел желпіп,
Күлтелерді шайқалтты.
Саусақтарын қозғайды.
Біздің ал қызыл гүлдер
Күлтелерін жапты.
Саусақтарын жұмады («гүлшанақ»).
Ұйқыға кетеді.
Қолдарының білезіктерін төмен түсіреді.
Жұмбақ шешеді:
– Алоэ.
58
Педагог
алоэ
гүлімен
таныстырады:
–
Алоэ – дəрілік өсімдік. Оны
халық «жүзжылдық» деп те
атайды. Жараны жазады, жөтелді
емдейді. Сонымен қатар асқазан
ауруларын да емдейді.
Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды
орындатады.
Мыршайдың тапсырмасын орындайды.
Бөлме гүлдерін күтіп-баптауға арналған
құралдарды тауып, оларды қоршайды.
Алоэ қай құмырада өсіп тұрғанын
анықтап, оны бояйды.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия:
Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты
өсіп жетілгендерін көру:
отырып, тұрып, созылып.
Ым-ишарамен көрсету: Міне,
тамаша!
Қол
шапалақтаңдар!
Аяқтарыңмен топылдатыңдар!
Балалар ҰОҚ-да алған əсерлерін бөліседі.
Күтілетін нəтиже:
айтады: өсімдікті күтіп-баптауға арналған құралдардың аттарын;
түсінеді: өсімдікті қалай күтіп-баптау керектігін;
қолданады: іс-тəжірибе барысында өсімдікті күтіп-баптау дағдыларын.
№ 15 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Терезе алдындағы бақша
Мақсаты: өсімдіктерді бөлме жағдайында өсіру туралы түсініктерін жүйелеу. Қарапайым дербес
тəжірибе іс-əрекеттерін ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін дамыту. Бақылау
үдерісінде экологиялық ой-пайымдауларын тəрбиелеу.
Сабаққа дайындық жұмыстары: тақырып бойынша əңгіме өткізу , көркем шығармаларды оқу,
ересектердің еңбегін бақылау, жұмбақтар шешу, тəжірибе, зерттеу жұмыстары, дидактикалық
ойын (үстелүсті), күш жетерлік еңбек əрекеттері.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
жəшік, топырақ, суқұйғыш, кішкентай күрек, тырма, су, тұқымдар, суреттер, интерактивті құрал.
Сөздік жұмыс: егу, өсу, тұқым.
Билингвалды компонент: терезе – окно
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі (Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық-
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне қолайлы эмоционалдық
көңіл
күй
қалыптастыру
Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз бұқпаймын.
59
тарын ояту
мақсатында өлең оқиды.
Балалардың білімін белсендіреді.
– Осы
жыл
мезгілінде
көгөністерді өсіруге бола ма?
– Қай жерде өсіруге болады?
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
Көзден жасты шығарып.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Суық мезгілде көгөніс өсіру мүмкін
еместігін айтады, бірақ жылыжай немес
үйде өсіруге болатындығын болжамдап
айтады.
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық
Балалардың назарларын əліппе-
дəптердегі
суретке
аударады:
Суретке қараңдар. Балалар немен
айналысып жатыр?
Пияздың өсу ретін бейнелеген
сурет арқылы əңгіме жүргізеді.
Педагог өсімдіктерді егу жұмысы
қиын жəне жауапты іс екенін
айтады.
Аскөктің
тұқымын
үлкейткіш
əйнек
арқылы
көрсетеді.
Аскөктің тұқымынан не өсіп
шығады?
Күнбағыстың
тұқымынан ше? Пияздың ше?
Өзекті сұрақ: Өсімдіктің өсуі үшін
тағы не қажет?
Топта кішкентай бақша салуға
ұсыныс тастайды.
– Балалар, ол үшін не қажет?
Балалардың
іс-əрекеттеріне
бақылап, оларды басшылыққа
алады.
Педагог бүгінгі күннен бастап
аскөктің өсуін бақылайтындарын
айтады.
Сергіту сəті.
Əліппе-дəптердегі суреттерге қарайды.
Пияздың өсу ретін əңгімелейді.
Тұқымдарды зерттеу жұмысына қатысады.
Тұқымдардың кішкентай, домалақ, сопақ
екенін айтады.
Балалар су, жылу, жарық, ауа қажет
екендігін айтады. Тұқым егілген жəшік
терезе алдында тұрады. Сондықтан оған
жарық міндетті түрде қажет.
Педагогтің
ұсынысына
қызығушылық
танытады.
Құрал-жабдықтарды таңдайды: жəшік,
топырақ, суқұйғыш, кішкентай күрек,
тырма, су, тұқымдар.
1) Топырақ салынған қапшықты ашады.
2) Топырақты құмыраға салады.
3) Тырмамен тырмалап қопсытады.
4) Аскөктің тұқымдарын егуге арналған
жерге сызық сызады.
5) Аскөктің тұқымдарын абайлап алып,
сызық бойына салады. Топырақты жабады.
6) Су құяды.
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем.
60
Педагог əліппе-дəптердегі
тапсырмаларды орындауға
шақырады. Балалардан
«Орындаған тапсырмалар туралы
ата-аналарыңа айтып бересіңдер
ме?» – деп сұрайды.
«Ол өсе (тыныстайды) алады»:
дидактикалық ойыны. Заттың
қасиеті мен атқарымын айтады.
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын.
Біраз сергіп аламын.
Сурет
арқылы
пияздың
өсу
ретін
əңгімелейді.
Пиязды бояйды. Пияздың көгөніс əлде
жеміс екенін ажыратады (Пияз – көгөніс).
Өсетін нысандарды атайды.
П: Ол өсетін болса, ол не?
Б: Гүл, ағаш, шөп…
П: Ол тыныс алатын болса, ол не?
Б: Өсімдік, жануар, адам…
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия:
рефлексияның
бір
түрін қолданады: дене еңбегі
(үлгердім – үлгермедім); сенсорлы
(көңіл күйі: қолайлы, қолайлы
сезінбедім);
интелектілі
(Нені
түсіндім? – Нені түсінбедім?
Қандай қиындықтар болды?).
ҰОҚ-ны
қорытындылауға
қатысады.
Көтеріңкі көңіл күймен ҰОҚ-да алған
əсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нəтиже:
айтады: тұқымның сырт көрінісін сипаттап;
түсінеді: өсімдіктің өсуіне қажетті, қолайлы жағдайларды;
қолданады: өсімдікті үй жағдайында өсіре білу дағдыларын пайдаланады жəне олардың
өсуін бақылайды.
№ 16 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Біздің өлкеге қыс келді
Мақсаты: қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын бақылау дағдыларын дамыту. Құрдастарымен
жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын
дамыту. Туған өлкенің табиғатымен қарым-қатынаста адамгершілік-эстетикалық сезімдерін
тəрбиелеу.
Сабаққа дайындық жұмыстары: суреттер мен фотосуреттерді қарау; бейнетаспаларды көру,
үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
күрек, шелектер, үлкейткіш əйнек, қара түсті парақ, «Қыс» тақырыбына сурет, интерактивті құрал.
Сөздік жұмыс: қыс, қар, аяз, бақылау.
Билингвалды компонент: қыс – зима
61
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық
тарын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырады. Өлең оқиды.
Балалардың білімдерін белсендіру.
Педагог ауа райында қандай
өзгерістер болғанын жəне қазір
жылдың
қай
мезгілі
екенін
сұрайды. Қыстың болғанын қалай
білгендерін сұрайды.
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Балалар қыс мезгілі туралы өздерінің
білетіндерін айтады. Ауа райындағы
өзгерістерді қалай байқағандарын, алған
əсерлерін əңгімелейді.
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық
Педагогтің əңгімесі: Жер бетіндегі
əр елде ауа райы əртүрлі болады.
жыл бойы жаз мезгілі ғана
болатын, ыстық елдер де бар. Жыл
бойы қатты суық, үскірік аязды
қыс болып тұратын жерлер де бар.
Төрт жыл мезгілі ретімен болатын
жерлер де бар. Біздің өлкемізде
төрт жыл мезгілі ретімен келеді.
Көктемде күн жылы, жап-жасыл
шөп, жапырақ, гүлдер шығады,
кемпірқосақты жиі көруге болады,
жаңбыр жауады. Жазда күн ыстық
болады, көлге түсеміз. Күзде
айнала сап-сары түске айналады,
жеміс-жидек, көгөністер піседі,
өнімді мол етіп жинаймыз. Ал
қыста күн суық, аяз болады,
айнала аппақ қар болады. балалар
қармен ойнайды, шана, шаңғымен
сырғанайды, коньки тебеді.
Əліппе-дəптердегі
суретке
назарларын аударады: Суретте қай
жыл мезгілі бейнеленген? Балалар
қыстың түскеніне қуанды ма?
Сендер
қысты
қалай
қарсы
алдыңдар? т.б. сұрақтарға жауап
алады.
«Қыс» мнемокестесі бойынша
əңгіме құрастырту.
Сергіту сəті.
Оқу материалдарын қабылдаулары: мұқият
тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді. Қыс туралы
білімдерін ортаға салады, дəлелдейді.
– Қыста күн суық болады. Айнала аппақ
қар. Өзендегі су мұз болып қатып қалған.
Адамдар
жылы
киінеді.
Ағаштар
жапырақсыз. Олар қыста өспейді, ұйқыға
кетеді. Шырша мен қарағай ғана жап-
жасыл болып тұрады. Аспан түнеріп
тұрады. Қар əртүрлі болып жауады. Аязды
күндері
жауған
қар
бір-біріне
жабыспайды. Ал сəл жылы кезде жауған
қар жабысқақ. Ондай қардан аққала соғуға
болады. Ағаш жəне бағанадағы сымдарға
қырау түседі. Жиі боран, қарлы боран
соғады.
Əліппе-дəптердегі тірек-суреттер арқылы
əңгіме құрастырады.
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иiлiп,
62
«Қар неліктен жұмсақ?» зерттеу
жұмысын жүргізеді.
Ақыл-ойды дамытуға арналған
жаттығу өткізеді.
Əліппе-дəптермен
жұмысты
жүргізеді.
Келесі бір нұсқа:
«Қайсысы артық?» дидактикалық
ойыны. Ойын барысында қай бала
зерек
болғанын
анықтауды
тапсырады. Суреттерден артық
суретті
тапқызады.
Себебін
дəлелдетеді.
Солға қарай иiлiп,
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық.
Белiмiздi жазайық,
Оңға-оңға түзу тұр,
Солға-солға түзу тұр,
Жоғары-төмен қарайық,
Қолымызды созайық.
Бойымызға күш жинап,
Бiр шынығып алайық.
Кішкентай шелектерге қар жəне құм
салып, олардың қайсысы ауыр не жеңіл
екенін анықтайды. Қар салынған шелектер
жеңіл, құм салынған шелек ауыр екенін
айтады.
Қара парақ бетіне түскен қарды үлкейткіш
əйнекпен
қарайды.
Кейбір
қар
қиыршықтарының жеке, ал кей қар
қиыршықтары
бір-бірімен
жабысып
қалғанын көреді. Қарды үрлейді, оны
жеңіл, үлпілдек жəне жұмсақ екенін
анықтайды.
Қорытынды: қар құмнан жеңіл, ол қар
қиыршықтарынан
тұрады,
олардың
арасында ауа көп. Сонымен қатар су, құм,
топырақ қардан ауыр екенін айтады.
Қыста аспаннан не жауады?
Қыста немен ойнауға болады?
Қай мереке тек қыста болады?
Қар мен мұз неден тұрады?
Суқоймалары қыста қайтеді?
Қыстан кейін қай жыл мезгілі болады?
Мыршай көрсеткен қар қиыршықтарына
қарап, олардың əдемі жəне ерекше екенін
көреді.
Сонан
соң
өздері
қар
қиыршықтарының суретін салады.
Мысалы, суретте артық саңырауқұлақ, құс,
қоңырау, жидектер, сары жапырақ, кеме,
шегіртке болуы мүмкін.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог
суреттер,
музыканы
пайдаланып, ҰОҚ-ны көтеріңкі
көңіл күймен қорытындылайды.
Балаларға көңіл күйлерін қандай
да бір жануар немесе өсімдіктің
суретімен
көрсетуге
ҰОҚ-ны
қорытындылауға
қатысады.
Көтеріңкі көңіл күймен ҰОҚ-да алған
əсерлерімен бөліседі.
63
болатындығын айтады. Ауызекі
тілмен жеткізуге де болады.
Күтілетін нəтиже:
айтады: қысқы ауа райының белгілерін;
түсінеді: өздерінің туған өлкелерінде қысқы құбылыстар туралы;
қолданады: қыста табиғат құбылыстарын бақылай білу дағдыларын.
№ 17 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Құстарға қыста қамқор бол
Мақсаты: өлкеде қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың есте
сақтау қабілетін, логикалық пайымдауын, шығармашылық қиялын дамыту. «Қыстап қалатын
құстарға қамқор болу керек» деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабаққа дайындық жұмыстары: суреттер мен фотосуреттерді қарау; бейнетаспаларды көру,
үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
«Қыстап қалатын құстар» тақырыбындағы сурет, жемсауыттар, жем түрлері (бидай, нан
қиқымдары, өсімдіктердің дəндері, шетен), интерактивті құрал.
Сөздік жұмыс: суықторғай, сарышымшық, жемсауыт, жем.
Билингвалды компонент: аяз – мороз
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырады.
Балалардың білімдерін белсендіру.
Қандай құстарды білесіңдер? Ал
қандай құстарды қыста даладан
көрдіңдер?
Кейбір құстар жылы жаққа ұшып
кетеді? Ондай құстарды қалай
атайды?
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бəрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да,
Болған ақ түспенен.
А.Асылбеков
Жұмбақтар шешеді:
Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)
Жем көрсе,
64
Шықылықтап қалтандайды,
Сескенсе,
Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)
Бұл құсты бəрі білер,
Ауламызда шырылдап,
Шиқ-шиқ етер,
Қоңыр ... (торғай).
Кеудесі сары
Жем шоқыр.
Жып-жып етіп ұшар,
Бұл қай құс? (Сарышымшық)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мəпелейміз баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы», – деп
Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық
Əліппе-дəптердегі
суреттермен
жұмыс. Суретші қандай құстардың
суретін салды?
Мыршай суықторғайды сипаттауға
тапсырма бергенін айтады.
Ол жыл құсы ма əлде қыстап
қалатын құс па? Қайда тіршілік
Құстар туралы білетіндерін əңгімелейді.
Суықторғай – жотасы қоңыр, кеудесі сұр,
кішкентай құс. Олар үйірімен жүреді.
Торғай – пайдалы құс. Ол зиянкес құрттар
жəне дəнді дақыл, нан қиқымдарымен
қоректенеді.
Сарышымшық – жылдам ұшатын құс.
Кеудесі сары-жасыл, басы, тамағы қара,
құйрығы мен қанаты көгілдір, қарны сары,
ал желкесінде ақ дақ бар. Суықторғай мен
сарышымшық
жазда
жəндік
жəне
жидектермен қоректенеді, түрлі дəнді
дақылдар да – олардың қорегі. Қыста
адамдарға жақын жерге ұшып келіп, олар
жасаған жемсауыттардағы жемді шоқып
жейді.
Тоқылдақ – орман
құсы.
Ағаш
қуысындағы
зиянды
жəндіктермен
қоректенеді. Оны «Орман дəрігері» деп
атайды. Орманда оның тоқылдатқан
дыбысын естуге болады.
Көгершін (кептер) – қала, ауылда
адамдарға жақын мекендейді.
– Суықторғай – өте əдемі құс.
Төбесі,
қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен
арқасы сұрғылт,
бауыры
қызғылт.
65
етеді? Немен қоректенеді? Қанаты
қандай
?
Педагог балалардың айтқандарын
толықтырады:
Суықторғайлар
ағаш тұқымдары, жеміс-жидек,
шетеннің жемісімен қоректенеді.
Қылқанжапырақты
ормандарда
жəне аралас ормандарда тіршілік
етеді жəне ұяларын аса биік емес
қылқанжапырақты
ағаштарға
тостаған тəрізді етеп жасайды.
«Суықторғай» ойыны. Шарты:
суықторғай
сияқты
секіреді,
ұшады жəне шырылдайды.
Педагог үстел үстіне жемсауыт
шығарады жəне құстарға арналған
жемдерді де қояды: кəмпиттер,
тұқымдар,
шемішке,
картоп,
шоколад, сəбіз т.б.
Суықторғайдың жемін таңдауға
тапсырма береді.
Сергіту сəті.
Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды
орындауға шақырады.
Балалар қысқа адыммен секіреді, ұшады,
«рюм-рюм-рюм», – ысқырып дыбысын
салады.
Балалар
құстарға
арналған
жемді
таңдайды.
Торғайларға – нан қиқымы, дəндер.
Сарышымшыққа – нан қиқымы, дəндер.
Суықторғайға – өсімдік тұқымдары,
шетеннің жемісі.
Қарғаға – тағам қалдықтары, жеміс пен
көгөністердің аршылған қабықтары.
Көгершінге – тары.
Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай томпаң-томпаң секірсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.
Дəптердегі тапсырмаларды орындайды.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия:
рефлексиянің
əдістерінің бір тəсілін қолданады:
Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты
өсіп жетілгендерін көру:
отырып, тұрып, созылып.
Ым-ишарамен көрсету: Міне,
тамаша!
Қол
шапалақтаңдар!
Аяқтарыңмен топылдатыңдар!
Түрлі түсті суреттерді қолдануға
болады:
гүлдер,
қар
қиыршықтары, жапырақтар т.б.
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады:
Қандай құстарды кездестірдіңдер?
Бүгінгі ҰОҚ-да танысқан құстарды бір
сөзбен қалай атауға болады? (Қыстап
қалатын құстар).
Қыста
құстарға
қандай
қамқорлық
көрсетуге болады?
Күтілетін нəтиже:
айтады: қыстап қалатын құстардың аттарын;
түсінеді: қыстап қалатын құстардың тіршілігін жəне оларға қамқорлық қажет екенін;
66
қолданады: құстарды қоректендіру дағдыларын.
№ 18 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Достарыңызбен бөлісу: |