Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Өсімдіктердің әр түрлі өсу кезеңдерінде қоректік заттарды сіңіруі. Қоректік заттардың ауылшаруашылық өнімдерімен шығымы



бет27/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96
Байланысты:
treatise140794

1.11.Өсімдіктердің әр түрлі өсу кезеңдерінде қоректік заттарды сіңіруі. Қоректік заттардың ауылшаруашылық өнімдерімен шығымы
Өсімдіктер қоректік элементтерді сіңіруіне байланысты айтарлықтай өзгереді. Бір немесе басқа қоректік элементтің сіңіру кезеңдерін жауапты және мейлінше көп пайдалану деп 2-ге бөледі. Жауапты кезең – қоректік ортада қандай да бір элементтің жетіспеуі өсімдіктердің өсуіне айрықша теріс әсер етеді және осы элементпен кейін қамтамасыз етсе де, жағдайды толықтай түзете алмайды.
Фосфор және азотқа қатысты ауылшауашылық дақылдары үшін жауапты кезең – көктегеннен кейінгі алғашқы 10-15 күн. Сонымен қатар, өсімдіктердің бастапқы даму кезеңдерінде калий қатты жетіспесе, өнімді айтарлықтай төмендетеді. Алайда, калий тыңайтқыштарын кейін енгізсе, өнімділікті едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді. Осы кезеңде фосфор немесе азот жетіспесе, кейін орнын толтыра алмайды.
Далалық жағдайларда жауапты кезең минералды қоректенуге қатысты, әдетте топырақтың органикалық заттарын минералдаушы микроорганизмдердің төмен белсенділігімен сай келеді. Ол ерте көктемде ауа райының төмен температурасы топырақтың микробиологиялық қызметін тежеген кезде байқалады.
Өсімдіктер қоректенуінің мейлінше көп пайдалану кезеңі деп қоректік элементтің орташа тәуліктік тұтынуы өз максимумына жеткен кезең аталады. Бұл период өсімдіктер дамуының соңғы кезеңдеріне сәйкес келеді. Көп жағдайда ол құрғақ массаның көбірек жиналу кезеңімен сәйкес келеді, дегенмен тура пропорционалды бола бермейді. Жас өсімдіктерде қоректік заттардың түсуі әрқашан құрғақ массаның жиналуынан асып түседі.
Сондықтан өсімдіктер кеш даму кезеңіне қарағанда, жас кезінде құрғақ зат ретінде көбірек азот, фосфор, калий және басқа да қоректік элементтерді қабылдайды. Мысал ретінде жүгеріге қоректік заттардың түсу динамикасын алайық (12-кесте).
12-кесте
Жүгері үшін құрғақ заттар мен қоректік элементтер жиналуының динамикасы, максималдыдан % түрінде



Даму кезеңдері

Құрғақ зат

N

P2O5

K2O

9-10 жапырақ
Шашақ түсуі
Гүлдену
Сүттік жетілу
Балауыздану
Толық жетілу

1
24
35
80
100
94

4
44
61
89
100
93

3
33
61
88
94
100

4
69
79
95
100
82

Өсімдіктер қатарында қоректену кезеңі вегетация кезеңінен едәуір қысқа болады (кендір, зығыр және көп астық дақылдары). Басқаларында созылған және соңғысымен сәйкес келеді (қант қызылшасы, картоп, орамжапырақ және басқалары). Өсімдіктердің қоректенуін, олардың биологиялық ерекшеліктерін есепке алумен, өсу кезеңдері бойынша реттеуге болады, ол өнімнің мөлшерін және сапасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Өсімдіктер қоректенуінің кезеңділігі тыңайтқыштарды бөліп қолданудың негіздемесін құрайды (топырақтың түрлі уақытта және түрлі қабаттарына). Тыңайтқыштарды топырақтың бір қабатына бір реттік енгізуде олардың потенциалды мүмкіндіктерін әрқашан толық қолдануға қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, далалық жағдайларда өсімдіктер қоректенуінің дұрыс жүйесі негізгі тыңайтқыш (15-25 см тереңдікке), егіс кезінде (3-10 см) және кейде тамырлы, тамырлы емес қоректендіруді үйлестіруді қарастырады.
Қоректік заттардың ауылшаруашылық өнімдерімен шығымы. Бір топырақтан әр түрлі өсімдіктер қоректік заттардың тек біркелкі емес мөлшерін ғана емес, сондай-ақ әр түрлі қатынаста қабылдайды. Өсімдіктердің түр-тұқымдық және сұрыптық ерекшеліктерінен басқа, қоректік заттарды сіңіруде топырақ-климат жағдайлары маңызды рөл атқарады. Дақылдардың қоректік заттарды қажет етуі туралы деректер жалпы өнім шығымымен немесе қосымша өнімнің сәйкес мөлшерін қоса есептегендегі негізгі өнім бірлігімен сипатталады (сабан, сабақ). Өсімдіктерде минералды қоректік элементтердің жиналуы пісіп жетілудің басында максимумға жетеді. Бұл «қоректік заттардың өсімдіктерге қажеттілігі» түсінігіне сай келеді. Соңғы даму кезеңдерінде жапырақтардың түсуі, заттардың тамыр жүйесінен топыраққа кетуі нәтижесінде қоректік элементтердің шығыны орын алады. Қоректік заттардың биологиялық шығымын шаруашылық шығымнан айыра білу қажет.
Биологиялық шығым – өнімнің (дән + сабан + аңыздық тамырлы қалдықтар, сонымен қатар бірен-саран топыраққа қайтарылған қоректік заттар) биологиялық массасын құру үшін өсімдіктермен тұтынылатын қоректік заттардың мөлшері. Биологиялық шығым шаруашылық және қалдық шығым деп бөлінеді.
Шаруашылық шығым жинау кезінде егістен алып кетілетін өнімнің тауарлық бөлігін құрайтын қоректік заттар мөлшері болып табылады (мысалы, дән және сабан, тамыржеміс және сабақ). Егер өнімнің тауарлық емес бөлігін (сабан немесе сабағы) егісте қалдырса, оның құрамындағы қоректі заттарды шаруашылық әкетілуде ескермейді.
Шығымның қалдық бөлігін егісте аңыздық-тамырлы қалдықтар, түскен жапырақтар түрінде егісте қалған қоректік заттар, дән шығыны, сонымен қатар тамырдан топыраққа өткен қоректік заттардың кейбір мөлшері құрайды. Жиі ауылшаруашылық дақылдары өнімінің шаруашылық бөлігіндегі N, Р2О5 және К2О шамаланған мөлшерін қолданады, биологиялық шығымнан % түрінде.
Қалдық шығым минералдау нәтижесінде басқа дақылдарға әсер еткеннен кейін, тәжірибелік мақсатта қоректік заттардың өсімдікке қажеттілігін жиі қосалқы өнімнің сәйкес мөлшерін ескере отырып, негізгі өнімнің 1 т есептегендегі шаруашылық шығыммен сипаттайды және оны тыңайтқыштарды енгізу нормасын анықтауда қолданады. Кейбір дақылдардың бірлік өнімдегі N, Р2О5 және К2О шамаланған шығымы бар.
Дәнді дақылдарға қоректік заттарды мынадай қатынаста қолданады: (N:Р2О52О) 2,5-3,0:1:2,2-3,0; сүрлемде 2,1-2,7:1:3,3-3,8; көкөністе 2,0-2,9:1:4,2-4,7. Демек, сүрлем және көкөністі дақылдар дәнді дақылдарға қарағанда калийді қарқындырақ қолданады, бірақ азотты, әсіресе калийді картоп, жемдік тамыржемістер және қант қызылшасына қарағанда азырақ тұтынады.
Негізгі өнім (қосалқы өнімді есептегенде) бірлігінде қоректік заттардың шығыны тұрақты шама болып табылмайды. Ол топырақ-климат жағдайлары, сұрып, өнім мөлшеріне, қолданатын тыңайтқыштар деңгейіне, суаруға байланысты айтарлықтай өзгеруі (1,5 есеге дейін және одан көбірек) мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет