Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Топырақ құрамынан қоректік заттарды пайдалану коэффициентін анықтау



бет28/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96
Байланысты:
treatise140794

1.12. Топырақ құрамынан қоректік заттарды пайдалану коэффициентін анықтау
Өсімдіктер топырақтан қоректік элементтердің жылжымалы түрінің қорын толық пайдаланбайды. Өйткені олардың шамалы бөлігі физикалық-химиялық, биологиялық құбылыстардың нәтижесінде топырақта қиын еритін қосылыстар түзеді немесе алмаспайтын түрге ауысады, шамалы бөлігі тамыр жүйесі орналасқан қабаттан төменгі қабатқа шайылады, біраз бөлігін микроорганимдер пайдаланады. Сондықтан тыңайтқыш мөлшерін белгілегенде оның қанша мөлшерін өсімдіктің пайдаланатынын білу керек. Өсімдіктің топырақ құрамындағы қоректік заттарды пайдалану коэффициентін мына формуламен анықтайды:

К =


мұнда а – тыңайтқыш берілмеген топырақтан өніммен кететін қоректік зат мөлшері, кг; b – топырақтың белгілі қабатындағы қоректік заттың жылжымалы түрінің жалпы қоры, кг/га.
Қоректік элементтің мөлшеріне (кг/га) жыртылған қабатта (әдетте 0-20 см) картограмма бойынша (мг/100 г топырақ ) қайта есептеу коэффициентін көбейту арқылы анықтайды. Мысалы, 10 мг Р2О5/100 г топырақ ∙30 = 300 кг/га Р2О5.
Топырақтың құнарлылығы және қышқылдылығы, ауа райы мен агротехниканың деңгейлерінің т.б. өзгерістердің әсерінен топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерінің пайдалану коэффициенті өзгеруі мүмкін. Бұл пайдалану коэффициентін тыңайтқыштардың есептік мөлшерін есептеуге қолдануда қиындық тудырады.
Топырақтың мүмкін түрінде қоректік элементтің құрамы қаншалықты жоғары болса, онда өсімдіктің пайдалану коэффициенті соншалықты төмен болады. Топыраққа органикалық, минералды тыңайтқыштарды және ізбесті енгізсе, қоректік заттардың жылжымалылығы мен өсімдіктің пайдалану коэфициенті өседі. Суарудың әсері жақсы болады. Бұл жағдайда пайдалану коэффициенті 1,5- 2 есе өсуі мүмкін. Топырақты, агротехника деңгейін өңдеу осы коэффициенттердің өлшеміне әсер етеді. Мысалы, таза буда қарашіріктің жылдық қарқындылығы дәнді- дақылдармен айналысатын топырақтарға қарағанда 3- 5 есе жоғары.Мұның нәтижесінде таза буда әр түрлі топырақтар 240 кг/га – ға дейін жинақталады, түбірлі қабатта минералды азот 0- 60 см болып, топырақтың құнарлығы және өнімділігі, қоректік заттардың пайдалану коэффициенті жоғарылайды.
Коэффициент шарттылығы топырақтың тек жыртылған қабатындағы қоректік элементтің мөлшеріне ғана есептелуімен түсіндіріледі. Өсімдік те қоректік заттарды біршама тереңірек қабаттан алады.
Топырақтың берілген түрі үшін әрбір жалпыға ортақ агрохимиялық талдау әдісінде фосфордың және калийдің қозғалмалы формасын анықтауда өздерінің топырақтағы қоректік заттардың пайдалану коэфициенті болуы керек. Топырақтарды қышқылдану дәрежесі мен қоректік заттардың құрамы бойынша топтастыру маңызды орын алады(13- кесте)


13-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет