Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Өсімдік құрамындағы фосфорлы қосылыстардың түрлерін анықтау



бет62/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
Байланысты:
treatise140794
7lab, Документ (14), Документ (14), 0008d9aa-c924dc23, 9 сынып 2 бжб картограф-1 тоқсан
2.6.6. Өсімдік құрамындағы фосфорлы қосылыстардың түрлерін анықтау

Фосфорлы қосылыстардың түрін анықтау әдісі әр түрлі еріткіштер арқылы құрамында фосфоры бар қосылыстардың гидролизі кезінде жеке фосфорлы қосылыстардың ретті бөлінуіне және фосфорды фотокалориметрде анықтауға негізделген.


Өсімдікті талдауға дайындау. Таңдалып алынған жас өсімдікті материалдың үлгісін қайшы немесе пышақпен шамалап ұсақтап, 105 ºС температурада 15 минут бойы термостатқа бекітеді. Содан соң термостатта 60-80 ºС температурада масса тұрақтағанға дейін желдете отырып кептіреміз. Өсімдіктердің кептірілген орташа үлгілерін зертханалық диірменде ұсақтап, 1 мм- лік ұяшығы бар елеуіш арқылы елейді.
Жас өсімдікті материалдың термиялық өңдеу үдерісі кезінде минералды фосфордың босауымен, бейорганикалық фосфордың құрамының өсуімен жүретін органикалық фосфорлы қосылыстарының ыдырауы мүмкін. Осыған байланысты жас өсімдікті материалдарын талдау кезінде өте жақсы нәтижелер алынады. Талдауды толығымен қанағаттандыратын нәтижелер өсімдік үлгілерін сұйық азотта бекітіп, оларды артынша лиофильді кептіруі кезінде алынады.
Қышқылда еритін фосфордың бөлінуі. Аналитикалық таразыда ұсақталған өсімдіктердің өсімді бөліктерінен тұратын құрғақ өсімдікті материалдың 0,3-0,5 г-н алып, 0,5-1 г дән ұнын немесе жас өсімдікті материалдың 2-4 г-н үккіште, артынша кәрлен келсапшада ұсақтайды да, көлемі 50 см3 центрифугалы сынауыққа салып, 20 см3 10 %-ті хлор қышқылын құяды. Центрифугалы сынауықты каучукті тығынмен тығыз жауып, шайқағыш қорабқа салып, 1 сағат бойы шайқайды. Содан соң сынауықты тығынсыз арнайы центрифугалық таразыларды тепе-теңдікке келтіріп, 5000 айн/мин жағдайында 10 минут бойы центрифугалайды. Тұнба үстіндегі сұйықтарды көлемі 100 см3 №1 өлшеуіш құтығы құяды, ал тұнбаны шыны таяқшамен соққылап (бұзып), 20 см3 трихлорсірке қышқылының ерітіндісін құйып, тығынмен жауып, 20 минут бойы шайқағышта экстрагирлейді. Бұдан соң центрифугалық сынауықты тепе-теңдікке келтіріп, 5000 айн/мин жағдайында 10 минут бойы центрифугалайды.
Дәл осылай экстракцияны тұнба үстіндегі ерітіндіні барлық уақытта №1 құтыға жинай отырып тағы да 2 рет өткізеді (барлығы 4 рет). Содан соң құтыдағы көлем дистилденген сумен белгіге дейін келтіріп, тығынмен жабады да, мұқият араластырады. Қышқылда еритін экстракт құрамына бейорганикалық фосфаттар, көміртектің жеңіл гидролизденетін және тұрақты фосфаттары кіреді. Сәйкесінше №1 құтыдағы экстрактта күлденуден кейінгі жалпы қышқылда еритін фосфорды, гидролизден кейінгі оңай гидролизденетін органикалық қосылыстарды және алдын- ала экстрактта күлденбеген бейорганикалық фосфорды анықтайды.
Жалпы қышқылда еритін фосфорды анықтау. №1 құтыдан тамшуырмен 20 см3 экстрактты алып, күлдену үшін Къельдаль құтысына құйып, 5 см3 күкірт және хлор қышқылының қоспасын қосып, толық түссізденгенше күлдейді (алдымен әлсіз отта судың булануына дейін). Алынған күл ерітіндісін санды түрде Къельдаль құтысын дистилденген сумен көп рет шаю арқылы сыйымдылығы 50см3 немесе 100 см3 өлшеуіш құтыға ауыстырады.
Құты ішіндегісін суытқаннан кейін сұйық көлемін белгіге дейін сумен келтіріп, мұқият араластырады. Осы құтыдан алынған ерітіндінің 2 немесе 5 см3-н алып (құрамындағы фосфорға байланысты), 100 см3 болатын өлшеуіш құтыға құйып (50см3 өлшеуіш құтыны қолдануға болады), 40-50 см3 дистелденген су, 3-4 тамшы бета-динитрофенол индикаторын қосып, 10%-ті NaOH ерітіндісімен тұз қышқылының тамшыларын қосу арқылы жоятын сары түс пайда болғанша бейтараптандырады.
Бейтараптанған ерітіндіні дистилденген сумен 90 см3-қа дейін жеткізіп, 4 см3 күкірт қышқылындағы молибден аммонийін және де 6 тамшы қалайы хлоридін қосады да белгіге дейін келтіріп, тығынмен жауып, құты ішіндегісін мұқият араластырады. Фотоэлектроколоримертрде 10-15 минутта ерітінді боялғаннан кейін колориметр құралында оптикалық тығызыдығын өлшейді. Боялған ерітінділер ұзақ сақталған кезде талдау нәтижелері нашарлайды. Зерттелініп жатқан сығындыдағы фосфор мөлшерін сәйкестендіру графигі арқылы анықтайды.
Стандартты ерітінділердің шкаласын тұрғызу. Көлемі 100 см3 болатын нөмерленген (1- ден 8- ге дейін) өлшеуіш құтылардағы стандартты жұмыс ерітіндісінің бір ретті орын басқан калий фосфаты құрамы Р2О5 0,01мг/см3. Демек, өсуі бойынша Р2О5 мөлшері- 0,005; 0,01; 0,02; 0,03; 0,04; 0,06; 0,07 мг болады. Содан соң құтыларға шамамен 80 см3 дистилденген су, 4 см3 күкірт қышқылындағы молибден аммонийін және де 3-6 тамшы қалайы хлоридін құяды. Ерітіндінің көлемін дистилденген сумен белгіге дейін келтіріп, тығынмен жауып, мұқият араластырады. 5-7 минуттан кейін қалыңдығы 2 см болатын кювета арқылы қызыл светофильтрде фотоколориметрмен оптикалық тығыздығын өлшейді.
Фосфордың белгілі концентрациясына сай фотоколориметрдің барабанында алынған опикалық тығыздық өлшеулеріне сәйкес милиметрлік қағазда сәйкестендіру графигін тұрғызады. Графикті нәтижелер мәніне сәйкес масштабта тұрғызады.
Минералды фосфорды анықтау. №1 құтыдан тамшуырмен 5 см3 бастапқы ерітіндіні алып, көлемі 100 см3 құтыға ауыстырады, шамамен 40-50 см3 дистилденген су, 3-4 тамшы бета-динитрофенол индикаторын қосып, 10%-ті NaOH ерітіндісімен бейтараптандырады.
Содан соң құтыдағы көлемді шамамен 85 см3-қа жеткізеді де, 4 см3 күкірт қышқылындағы молибден аммонийін және де 3-4 тамшы қалайы хлоридін құйып, дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді. Құты ішіндегісін араластырып болған соң 5-7 минуттан кейін фотоэлектроколориметрмен оптикалық тығыздығын өлшейді.
Жалпы қышқылда еритін және минералды фосфорды анықтау нәтижелерінің айырмасы бойынша фосфордың сахарофосфаттарының құрамын анықтайды.
Әр фракциядағы фосфор құрамын келесі формуламен анықтайды:
𝑥 = ,

Мұндағы, х- Р2О құрамы, %; а- Р2О5-тің сәйкестендіру графигі бойынша былған мөлшері, мг; V- экстракт көлемі, см3; m- өсімдік материалының массасы, г; V1- бояуға қажет сығынды көлемі, см3.


Реактивтер: 1) хлор қышқылы HClO4 10 %-ті; 2) хлор қышқылы HClO4 1н; 3) хлор қышқылы 0,5 н; 4) хлор қышқылы мен күкірт қышқылының қоспасы- күкірт қышқылының (тығ.1,84г/ см3) 10- нан 1 бөлігіне 57 %- ті хлор қышқылын қосады; 5) 10%-ті NaOH ерітіндісі; 6) бета-динитрофенол индикаторы немесе фенолофталеин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет