3.17 Ауыл шаруашылық өнімдердің сапасын анықтау Сорттық люминесценттік талдау, объектілердің ішкі люминесценциясын бақылау әдісі және люминесцентті бояғыштардың осы мақсаттарға арнайы қолданылатын зерттеу обьектісі өңдейтін флуоресцентті бояғыштармен жүзеге асырылады. Бұл әдісті тұқымды сұрыптау үшін, азық- түлік өнімдері мен қазба жыныстарын, ластануды анықтау үшін, жасанды және жалған заттарды, әлсіз көрінетін және көрінбейтін жазбаларды анықтау үшін қолданылады.
Азық- түлік өнімдерінің сапасын визуалды анықтау үшін ЛПК-1 люминоскоп қолданылады. Кюветада зерттелетін объект люминесцирленбеген заттардың әсерінен (әйнек, пластмасса) бақылау камерасына орналастырылып, қақпағы жабылады. Объектке арнайы әйнек арқылы жоғарыдан сынап шамынының ультракүлгін сәулесі бағытталады. Камерадағы люминесценция объектісін (түсін және қарқындылығын) құралдың алдыңғы панеліндегі құбыр арқылы бақылайды.
Ет түрін анықтау. Еттің шамамен 50х50х10 мм өлшемінді бөліктерін кюветаға орналастырамыз. Бір уақытта тәжірибелі үлгілерді люминесценциямен салыстыру үшін бақылау элементі ретінде сиыр етінің үлгісі қойылады. Еттің түрін келесі мәліметтерді қолдана отырып (35-кесте), люминесценцияның түсі арқылы анықтайды.
Майдаланған етті зерттеу. Майдаланған етті кюветаға оның қалыңдығы 5 мм болатын қабатын орналастырамыз және оның құрамындағы бөлігін люминесценттік түсі арқылы бақылайды.
35- кесте Ет түрін анықтау
Өнім түрлері
Люминесценцияның түсі
Сиыр еті
Қой еті
Шошқа еті
Бұзау еті
Сүйек,сіңір,шандыр,шеміршек
Май
Күрең-қызыл немесе барқыт реңдес қызыл-күлгін
Қызыл- қоңыр
Қоңыр дақтарымен ашық қызыл түс
Ашық қоңыр
Көгілдір
Ашық сары
Май және сұйық майды зерттеу. Өлшемі 15х15х5 мм болатын май және сұйық май үлгісін кюветаға орналастырады. Аспаздық майлар мен маргариндерді тәжірибелі үлгімен зерттеу барысында бақылау ретінде сарымай үлгісі орналастырады. Анықтау барысында келесі мәліметтер ескеріледі (36-кесте).