«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері



Дата05.09.2020
өлшемі13,82 Kb.
#77374
Байланысты:
3-тоқс. 4-сын.БЖБ


«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым

Айтылым


Оқу мақсаты

4.1.4.1* Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп- салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

4.2.4.1* Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау



Бағалау критерийі

Білім алушы

 Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді

 Мәтінді жоспар бойынша толық мазмұндайды


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма

Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Желтоқсан – қыстың басы. Қыста күннің жылуы азаяды. Терең үйшіктерде жатқан жануарлар аяздан қорықпайды. Себебі қардан суық өтпейді. Қыста кейде қатты боран соғады. Ондай кезде далаға шығу қиын. Боранды күні адасып қалуға болады. Сондықтан мұндай күні абай болу керек. Қыс бірден түсе қоймайды. Өзенге мұз қатқан кезден бастап қыс келді деп айтуға болады. Аязды күні жауған қар құрғақ , ал жылы күні жауған қар жабысқақ болады. Жабысқақ қар домалатып ойнауға ыңғайлы. Ал қар үстінде ойнау қандай керемет! Балалар қыс мезгілін жақсы көреді. Аққала жасап, қар атысып ойнау, шанамен сырғанау, шаңғы тебу – балалардың ең сүйікті ісі.

1) Мәтінде қандай қысқы қауіп туралы айтылады?

A) тоңу

B) адасу

C) құлау

D) үсіп қалу


2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 2 сөйлемді анықта.

A) Қыста күннің жылуы азаяды.

B) Боранды күндері ешқандай қауіп жоқ.

C) Жабысқақ қар домалатып ойнауға ыңғайлы.

D) Қыс келді деп алғашқы қар жауған кезден бастап айтады.
3) Терең үйшіктерде жатқан жануарларға аяз неліктен әсер ете алмайды?
_______________________________________________________________________
2-тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын айт.

1) Қыс мезгілі

2) Қысқы қауіп

3) Қысқы қуаныш


























































































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет