Табиғат сенің өз үйің (экологиялық сайыс)



Дата30.10.2022
өлшемі24,74 Kb.
#155750
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты Табиғат сенің өз үйің (экологиялық сайыс)


Табиғат сенің өз үйің (экологиялық сайыс)
Тәрбие сағаты 
Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мақал - мәтелдер;

Сабақ барысы:
Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни төменнен жоғары қарай сатылай дамыту керек. Осы мақсатта біздің мектебімізде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ «ӨРКЕН» республикалық экологиялық жобасы бойынша ұландар арасынан экотоп құрылғандығы баршаңызға мәлім.
Бүгін біз экотоп мүшелерінің және ұландардың қатысуымен осындай шаралардың бірін өткізгелі отырмыз.

«Экология» гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай – күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз.


Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені, халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі.

Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адам. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады.


Балалар, экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы оқығандарымызды ортаға салып, сайыс түрінде өтетін сыныптан тыс шарамызды бастайық.

Сайыс шарттары:


І – айналым: Ғажайып Қазақстан (Сергіту сұрақтар )
ІІ – айналым: Супер ойын -«Сиқырлы сандық»
ІІI – айналым: «Сұрақ бізден, жауап сізден»
ІV – айналым: «Шығыс жануарларын танисың ба?»
V – айналым: Шешуші сәт
Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.

«А» тобына қойылатын сұрақтар:


1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері – кең - байтақ)
2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)
3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)
4. Қазақстан тауларын атаңыздар? (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)
5. Шығыс Қазақстанда қандай мемлекеттік қорықтар бар? (Батыс - Алтай қорығы, Марқакөл қорығы)
6. Халқымыздың ұлттық мақтанышы не? (Халқымыздың ұлттық мақтанышы - Туған жер табиғаты)
7. Қазақстанның батысында қандай теңіз бар? (Каспий теңізі бар)
8. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)
9. Арал теңізін картадан көрсетіңіз. (Оңтүстік батыста)
10. Қызыл кітапқа жазылған сирек кездесетін құстарды атаңыздар (Бүркіт, қаршыға, аққу, үкі, жапалақ)

«Б» тобына қойылатын сұрақтар


1. Қазақстан қандай өлке? (Қазақстан – бай өлке)
2. Қазақстанның жалпы жер көлемі қандай? (2700 мың шаршы км)
3. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі кездеседі? (90 - нан астам түрі кездеседі)
4. Қазақстандағы ең ірі өзендерді атаңыздар (Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Жайық, тағы басқалары)
5. Шығыс Қазақстандағы таулар аттарын атаңыздар. (Тарбағатай, Алтай)
6. Мұнай Қазақстанның қай жерінде өндіріледі? Картада көрсетіңіз (Қазақстанның Солтүстік – Батысында және Батыс Қазақстанда - Каспий теңізінде өндіріледі)
7. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)
8. Бүгінгі күні дүниежүзілік проблема қандай? (Арал экологиясы)
9. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 – маусым)
10. Қызыл кітапқа жазылған, сирек кездесетін жануарларды атаңыздар (Марал, елік, барс, құлан, бұғы, сілеусін)

ІІ – айналым: Супер ойын -«Сиқырлы сандық»


Сонымен рұқсат болса, 2 - сайысымызды бастайық.
Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл - шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып - өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық.
Ал Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Сонымен 1 - топқа қояр сұрағымыз.

1. Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын - мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан тұстағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)

2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай - химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық - географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)

3. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ушығуда. Мұнда қоршаған ортаны бүлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)


4. Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м³ тақырланған, ал бұндай тақырланған жерлер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала. (Жезқазған)

5. Қазіргі адамдардың жер бетінде өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл болған. Ал мал өсірумен және егіншілікпен осыдан тек 10 мың жыл шамасында ғана шұғылдана бастаған. Сондықтан да қалған 30 мың жыл бойына тамақ пен киімнің көзі тек аңшылық болды. 20 жыл ішінде жер бетінде жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Сұрақ:


Отыра алмас ұл шыдап, Қызың шыдап,
Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ.
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ.
Не?-
(Қызыл кітап)

6. Өткен ғасырда Қазақстанда ең кең таралған жануар. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудың салдарынан 30 - жылдары жерімізден жойылып кетті. 1953 жылы бұл аңды Барсакелмес жерсіндіру ісі қолға алынды. Сырт пішіні жылқы тектес, құлағының үлкен, басының салмақты келіп, кекілінің болмауы және есекті елестетсе, жеңіл қимылы мен ептілігі жылқыға ұқсас. Екеуіне ұқсамайтын ерекшелігі - басын көтеріп жүгіруі, ұшқырлығы, мықтылығы, төзімділігі. Бұл қандай Қызыл кітапқа енген аң? (Құлан)

IІІ - тур:«Сұрақ бізден, жауап сізден»
Экранда көрсетілген тақырыптардың сұрақтарының әр түрлі құны бар. Егер таңдаған тақырыптың сұрағына дұрыс жауап берілсе, сонша ұпай қосылады, ал жауабы қате болса, сонша ұпай шегеріліп тасталынады. Тақырыптарды таңдау кезекпен жүргізіледі. Ұпайлардың есебін санау комиссиясы жүргізіп отырады. Ол алдын ала сайланып қойылады.

1 - топқа


Карта. Табиғатты зерттеу
100 - Бұл картада шекарасы, астанасы, басты қалалары берілген мемлекеттер белгіленеді. /саяси – әкімшілік карталар/
200 - Мына қасиеттер қандай пайдалы қазбаға тән: сұйық, судан жеңіл, қоңыр түсті, ащы иісі бар, жақсы жанады. /мұнай/
300 - Олар физикалық картада қошқыл қоңыр бояудың үстіне түскен ақшыл және көгілдір түсті реңмен көрсетіледі. /мұздықтар/
Ауа. Ауа - райы. Климат
100 - Атмосфера құрамына кіретін, жерді зиянды сәулелерден қорғайтын газ. /озон/
200 - Қазақстанның климаты қандай? /континентальді/
300 - Жел, бұлттылық, температура, жауын - шашын, ауа ылғалдылығы, атмосфера қысымы нені қалыптастырады? /ауа - райы болжамын/

Өсімдіктер


100 - Қызғалдақтың Отаны қай ел? /Қазақстан/
200 - Өсімдіктің қоректік заттар алатын және топырақта өсімдікті сақтауға көмектесетін мүшесі. /тамыр/
300 - Өсімдіктердің арасынан «бөтенін» тап: қазжуа, бақбақ, көктерек /көктерек/

Туған елім - Отаным


100 - Жібек жолы Қазақстанның осы ежелгі тарихи қаласы арқылы өткен. /Түркістан/
200 - Семей полигонында алғашқы ядролық қару қай жылы сынақтан өткізілді? /1949ж/
300 - Дененің ұсақ қозғалмалы бөлшектен тұратынын дәлелдеген орыс ғалымы. /М. В. Ломоносов/

Қазақстан - географиялық картада.


100 - Қазақстанның алып жатқан жер көлемі қанша шаршы км - ді құрайды? /2млн. 724мың км2/
200 - Еліміздің шығысында орналасқан биік тау. /Алтай/
300 - Төмендегілердің ішінен Қазақстанмен шекараласпайтын мемлекетті ата: Ресей, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан /Түркия/

Су
100 - Жер асты суларын қалай атайды. /грунттық/


200 - Сүзген кезде су неден тазарады? /қоспалардан/
300 - Судың бір күйден екінші күйге ауысуын анықтау шкаласын ұсынған және өз термометрін ойлап тапқан ғалым. /Цельсий/

Жануарлар


100 - Шығыс Қазақстандағы көл аты мен аталған қорық қалай аталады? /Марқакөл қорығы/
200 - Бұл жануарлар тіршілігінің бір бөлігін суда, бір бөлігін құрлықта өткізеді. /қосмекенділер/
300 - Қабыршақ терісі, тасқабығы бар жануарлар, екінші атауы - рептилиялар. Бұлар: /бауыры мен жорғалаушылар/

Өзендер мен көлдер


100 - Ақтау қаласы қай теңіздің жағалауында орналасқан? /Каспий/
200 - Жер бетінің табиғи тереңдігінде орналасқан су қоймасы. /көл/
300 - Өскемен, Семей, Павлодар қалаларын басып өтетін өзен. /Ертіс/

Табиғат
100 - Өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ. /қорықтар/


200 - «Хлорофилл» өсімдіктерге қалай әсер етеді? /жасыл түс береді/
300 - «Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу» атты еңбекті жазған ғалым. /Ч. Дарвин/

ІV тур. «Шығыс жануарларын білесің бе?»


Бұл турға 5 ұяшықтан таңдауға мүмкіндік беріледі. Ұяшық таңдалған соң, ол ашылмай тұрып мұғалім сәйкес сұрақты оқиды. Оқушының жауабының дұрыс немесе бұрыс екендігі экрандағы ұяшықтың ашылуы арқылы тексеріледі. Дұрыс жауапқа 100 ұпайдан беріледі, қате жауапқа 100 ұпай шегеріледі.

Барыс: Өңіріміздегі биік тау алқаптарын мекендейтін жыртқыш. Ерекше сымбатты, күшті, епті де батыл аң. Салмағы 40 кг шамасында, 15 жылдай өмір сүреді. Жемін аулағанда өте жылдам қозғалады. Қазақстан Республикасының символы болып табылады. «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Ұлар: Биік тасты құздарда тіршілік етеді. Салмағы едәуір ірі, 3 кг-дай, түсі тас реңдес сұрғылт құс, тауық тұқымдас. Дауысы әуезді, жағымды. Көбінесе топтасып жүреді, тек жұмыртқа басарда ғана жұптасады. Өте сақ болады. Олар тек жоғарыдан төмен қарай ұшады. «Қызыл кітапқа» кіргізілген.
Зайсан жұмырбасы: Құйрықты қосмекенді. Өте сирек кездеседі. Зайсан көлінің маңын мекендейді. Ыстықтан гөрі салқынды жақсы көреді. Қорегін аулауға кеш батқанда шығады. «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.

Алтай арқары: Өте ірі шөп қоректі жануар. Олар биік тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп барып, түнеп шығады да, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сирек кездеседі, таралу аймағы тарылып, саны азаюда. «Қызыл кітапқа» тіркелген.

Қызғылт бірқазан: Өңіріміздің су қоймаларың, нулы қамысты көлдерді мекендейтін құс. Денесі ірі, салмағы 13 кг дай, ақшыл қызғылт түсті. Тұмсығы өте ұзын, үлкен. Тұмсығының астыңғы жағында созылмалы « қабы» бар. Қанатын жайғанда 3 метрге дейін жетеді. Саны бірте - бірте кеміп бара жатыр. «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Ақ аю: Әлемдегі ең ірі жыртқыш. Ол жақсы жүзеді және сүңгиді, мұз үстінде ептілікпен жылжиды.

V тур. «Шешуші сәт»


Бұл турда экранда 4түрлі тақырып берілген. Сол тақырыптың сұрағы оқылмас бұрын, әр оқушы немесе топқа жеке - жеке ставка жасап, қағазға жазып алдарына қояды. Сосын сұрақ оқылады. Ойлануға 30 секунд беріледі. Жауабын жазбаша түрде қағазға жазып береді. Уақыт аяқталғанда жауаптарын және жасаған ставкаларын көтеріп көрсетеді. Егер жауабы дұрыс болса, жасаған ставкасы ұпайына қосылады, жауабы қате болса ставкасы ұпай санынан шегеріледі. Ең соңында кімнің ұпай саны көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.

Экологиялық апаттар: Соңғы 20 - 30 жылда көлемі 2 есеге кішірейіп кеткен, экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстанның оңтүстігіндегі теңіз.(Арал теңізі)

Адам – қоғам перзенті: Қазақ халқының салтында үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл туған - туыстарын жинайды, қонақ етеді. Олар жас отауға тілек тілеп, әр қайсысы көмек көрсетеді. Керек жағдайда туыстары, жолдастары жаңа отбасына қажетті жағдай жасауға құлшына кіріседі. Бүкіл ағайындарының жиналып келіп, жас отбасына үй салуға көмектесу дәстүрі қалай аталады? (Асар)

Табиғат: Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы құрылысы және көл жағасындағы мыс балқыту комбинаты осы көлдің тартылуына және ластануына алып келді. Бұл қай көл? (Балқаш көлі)

Жер - ғарыш денесі: Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген сызық, латынша
«теңейткіш» деген сөз. Бұл сызық қалай аталады? (Экватор).

Туған жер - алтын бесік: Осы жазыққа көптеген ақындар өз шығармаларын арнаған, ертеде мал жайылымы ретінде қолданылған. Құрманғазы өз күйін осы жазықтың аты мен атаған. Жазықтың атын жаз.(Сарыарқа)



Қорытынды: Табиғатты ұқсатып мәпелейік
Барды сақтап, мәртебе әперейік
Келер ұрпақ мәз болсын ісімізге
Жалғастырсын күш қосып күшімізге
Табиғатты қорғайық, аянбайық! - деп осымен бүгінгі экологиялық сайысымызды аяқтаймыз. Қатысып отырған ұстаздар мен ұландарға рахметімізді айтамыз.
Сайыс аяқталғаннан кейін жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет