Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет59/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Қалқанша серiк бездер.
Қалқансерiк бездер аса үлкен емес эпителиалды құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50 мг, қалқанша безiнiң артқы жағында, жоғарғы және төменгi ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақын тамырланған. Қан және лимфа тамырларының бойымен безге симпатикалық және парасимпа-тикалық жүйке талшықтары енедi.
1926 жылы Коллип қалқанша серiк бездерiнiң сығындысынан екiншi гормон – кальцитониндi бөлген.
Паратгормон – полипентид, құрамында 84 аминқышқылдық қалдық болады.
Паратгормон сүйекте кальцийдiң жиналуын реттейдi, кальцийдiң белоктармен, фосфаттармен қосылыстар түзуiн жылдамдатады, кальций мен фосфордың сүйектен жайылуын жеңiлдетедi. Остиоциттерден қанға кальцийдiң жайылуын төмендетедi, қан құрамындағы кальций мөлшерiн жоғарлатады.
Кальцитонин құрамына 32 амин қышқылдық қалдық болады, моле-кулалық массасы 3600 тең. Кальцитонин қан құрамындағы кальций дең-гейiн төмендетедi.
Паратиреоидэктомия – қалқансерiк бездерiн алып тастаудың салда-рынан пайда болған өзгерiстi иттерден анық байқаған. Алғашқы күндерi тәбетi төмендеп, қатты шөлдеп, шеке бұлшық еттерi тартылып, дiрiлдей бастайды. Кальций мен фосфор алмасуының бұзылуынан ағза өледi.
Туа пайда болған қалқансерiк бездерi тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдiң деңгейi төмендеп сүйек, тiс өсуi баяулайды, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш болады.
Гиперпаратиреоз – сирек кездеседi. Бұл жағдайда қандағы кальци-йдiң мөлшерi көбейiп, бейорганикалық фосфат мөлшерi азаяды. Остео-пароз дамиды. Азот алмасуы өзгерiп, бауырдың мочевина жасау қызметi баяулап ағзаның өздiгiнен улануы басталады.
Паратгормон мен кальцитониннiң бөлiнуi қайтарымды байланыс принципiмен қандағы кальций мөлшерiнiң ауытқуларына қарай өзгерiп отырады. Қан құрамында кальций мөлшерi төмендесе, паратгормон бөлiнуi күшейедi, керiсiнше жоғарыласа – гормонның бөлiнуi баяулайды. Қанда кальций деңгейi жоғарыласа – кальцитониннiң бөлiнуi күшейедi.
Айыршық без (тимус).
Айыршық без көкiрек қуысында жүрекке жақын жатқан iрi тамырлардың вентральдық бетiн ала орналастырады. Астыңғы жағы жүрек – перикардпен, артқы жағы –iрi-iрi қантамырлармен шектескен.
Без екi – боз және қыртыстық бөлiктерден тұрады. Әр бөлiк сектреторлық торшалардан және қан түзетін мүшелерге тән ретикуло-эндотелийлiк ұлпа торшаларынан құралған. Айыршық без тек жыныстық жетiлу кезеңiнде ғана өсiп-дамиды да, одан кейiн өз қызметiн тоқтатып, инвалиция (керi даму) процесiне ұшырайды. Сақа малда без семiп, оны май басады.
Айырша бездiң қызмет, әртүрлі. Оның ретикулярлық торшалары тимозин гормонын тұздi. Сонымен қатар лимфоциттердiң тұзiлуiне де әсер етедi, бүкiл лимфалық жүйенiң дамуына әсер етедi. Сүйектiң қатаюын, ағзаның өсiп-жетiлуiн реттейдi.
Сент Джорджи айыршық безден промин және ретин деп аталатын заттарды бөлiп алған. Промин қауiпсiз және қатерлi iсiктердiң дамуын жандандырған, ал ретин – оларды баяулатқан.
Соңғы зерттеулерге сәйкес айырша без адам мен жануар денесiнде жүрiп жатқан иммундық, қорғаныс, бейiмделу реакцияларына қатысады. Мысалы, жас малдың айырша безiн алып тастаса (тимэкгомия) ол өспейдi, қатты арықтайды, сүйектер жұмсарып, майысады, бұлшық ет дегенерация процесiне ұшырап, оның тонусы төмендейдi, ет босаңсиды, жоғары дәреженi жүйке қызметi бұзылып, ацидоз жағдайында жануар 2-3 ай iшiнде өлiп кетедi. Жынысы жетiлген ересек жануарлардың айырша безiн алып тастаса аталған құбылыстар байқалмайды.
Сонымен айырша без өсу процесiнде жыныс бездерiнiң дамуын тежейдi, лимфоцит (Т-лимфоцит) тұзiлуiн үдетiп, антидене қалыптасуын жеделдетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет