Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар



бет10/10
Дата09.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#152318
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану
13 лекция протозойлы инфекц, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 6клфак, ОСӨЖ 9апта , 11 нед тарих срс, циклограмма наурыз 4 апта[1], Документ (58), Семинар 1 (3 сұрақ)
«Шараф-наме-йи шахи» («Шахтар даңқы кітабы») деген еңбегінің маңызы зор. Автор шайбанилік ІІ Абдаллах ханға қызмет етіп, оның әскери жорықтарын, Орта Азия мен көршілес өлкелерде болған оқиғаларды егжей-тегжейлі жазып отырған. Абдаллах өзінің шайбанилік мемлекетті біріктіру жолындағы күресінде көршілес билеушілердің, атап айтқанда қазақ ханы Шығай мен оның ұлы Тәуекелдің әскери күштерін пайдаланған. Қазақтардың Сырдария өңірі қалалары үшін күресі туралы мәліметтер ден қоюға лайық. Абдаллах ханның Сарысуға дейінгі қазақ жеріне жасаған жорығын суреттеуден қалалардың және далалық аумақтың экономикалық жағдайы туралы әр түрлі материал, этногеографиялық деректер алуға болады.
Махмұд ибн Әмір Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар» («Өнегелі адамдардың ерліктері жайлы ғаламат құпиялар») деген энциклопедиялық еңбегінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі және құнды материалдар бар. Автор XVII ғ. 1-ші жартысында өмір сүрген, Балхта туған, көп саяхат жасап, Үндістанда болған, кітаптардан, білімді адамдармен сұхбаттардан толып жатқан ғылыми мәліметтер жинаған. Аштархани Нәдір-Мұхаммед шахтың тапсыруымен өзінің негізгі еңбегін – космография, география, жалпы тарих жөніндегі жеті томдық «Бахр әл-асрар» шығармасын жазған.
Алтыншы томында Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының тарихы баяндалады. Томның екінші бөлімінде Мауараннахрдағы, Моғолстан мен Шығыс Түркістандағы Шағатай ұрпақтарының 1641-жылға дейінгі тарихы айтылған. Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының тарихы – үшінші, аштархандықтар – төртінші бөлімде. Соңғы бөлімнің көптеген материалдарының Қазақстан тарихына, әсіресе Орта Азиямен XVII ғ. алғашқы онжылдықтардағы қарым-қатынастары тарихына қатысы бар, Махмұд ибн Уәлидің мәліметтері оқиғаларды көзімен көргендер мен қатысушылардың айтқандарына негізделген. Қазақ сұлтандары Есім мен Тұрсынның егестері туралы, Есімнің ойраттарға қарсы жорығы, Имамкули ханның Ташкент пен Түркістанды Есімге беру туралы деректер мен басқа да материалдар ынта-ықылас туғызады.
Махмұд ибн Уәлидің Жошы және Шағатай ұрпақтарының тарихы жөніндегі мәліметтері Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Қазақ хандығының тарихына қатысты; тарихи география, атап айтқанда, Сырдарияның орта ағысы өңіріндегі қалалардың сипаттамасы жөніндегі материалдар зор ықылас туғызады. Бұл деректі ғылыми айналымға бірінші рет В. В. Бартольд енгізген.
М. Х. Әбусеитова XVI ғ. 2-ші жартысындағы Қазақ хандығын зерттеу үшін келтірген деректерінің тобында қазақ хандары мен сұлтандарының шайбанилермен, содан соң XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басындағы Мауараннахрдың аштарханилерімен қарым-қатынастары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер бар. Ол бұл деректерге сипаттама берген, олардың арасында Мұхамедия ибн Араб қатағанның «Мусаххир әл-билад», Молла Шараф ад-диннің «Тарих-и Майид Раким», Ескендір Муншидің «Тарих-и аламара-йи Аббаси», Хасан-бек Румулдың «Ахсан ат-таварих» деген шығармалары және Орта Азия мен Иранның соңғы орта ғасырлардағы авторларының басқа да шығармалары бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет