Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар



бет2/10
Дата09.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#152318
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану
13 лекция протозойлы инфекц, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 6клфак, ОСӨЖ 9апта , 11 нед тарих срс, циклограмма наурыз 4 апта[1], Документ (58), Семинар 1 (3 сұрақ)
«Мин әулетінің тарихы» («Мин ши») Қытайдың 25 әулеттік тарихының – дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы жазған және 1645-1735 жж. қамтиды. Көп томдық еңбектің 332 тараудан 220 тарау орама (цзюань) енетін соңғы бөлімінде Орталық Азия (Си юй) мемлекеттері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық материал бар. Орталық Азия мемлекеттерінің өз аумақтарының көлемі, саяси маңызы және әскери күш-қуаты жағынан кем түспегеніне, тіпті қытай мемлекетіне елеулі қауіп төндіргеніне қарамастан, деректерде олар сыңаржақтылықпен Қытайдың «сауда вассалдары» ретінде көрсетілген.
«Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу») – көптеген императорлар билік жүргізуінің хроникасы, онда олардың жасаған қызметі туралы жазбалар бар. Қытай әскерлерінің Орталық Азия халықтарына қарсы соғыс қимылдарының әзірленуі мен барысының мәселелері, сарайда олардың елшілерін қабылдау көрсетілген.
«Мин империясына жалпы шолу» («Мин хой яо») – тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектің үлгісі. Онда шет елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар. 79-шы және 80-ші орамалар (цзюаньдар) Мин империясының солтүстік, солтүстік-батыс және батыс жағында орналасқан елдерге: Орта Азия, Шығыс Түркістан және Монғолия мемлекеттеріне арналған. Бұл дерек де оқиғаларды баяндағанда сыңаржақтылығымен және Қытайды орталық деп көрсетуімен сипатталады. Орта ғасырлардағы қытай деректері, сыңаржақ болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды болып есептеледі.
Қытай деректері белгілі мұсылман деректерін өзінің жүйелілігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.
Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
бойынша парсы тіліндегі деректер.
1. Монғол жаулап алушылығы мен монғол ұлыстарының құрылуы тарихы туралы деректер.
2. Темір әулеті мемлекетінің тарихына байланысты жазылған шығармалар.
3. Қазақ хандығының тарихы бойынша парсы тілді деректер.
4. Шайбани әулеті ортасының ортаазиялық парсы тілінде жазылған шығармалары.
Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихы жөнінде нарративтік шығармаларда: ең алдымен парсы тілінде жазылған тарихи, мемуарлық, географиялық еңбектерде аса маңызды материал бар, оларды шағатай, ескі өзбек (түркі), араб тілдерінде жазылған еңбектер толықтырады. Бұл деректер ақпараттарының дәрежесі әр түрлі, Мауараннахр, Иран және Шығыс Түркістан авторларының неғұрлым көлемді де дәл мәліметтері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қатысты.
1. Монғол жаулап алушылығы мен монғол ұлыстарының құрылуы тарихы туралы деректер. Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдердегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны монғолдардың жаулап алуын зерттеуде басты дерек − Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет