Тақырыбы: Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы


Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі30,85 Kb.
#90988
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Базараев С.Қ ОМӨЖ 4-апта

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы.

1.1 Шешім түсінігі


Шешім – бұл баламаны (альтернативаны) таңдау.
Басқарудағы шешімді қабылдау – бұл жүйелендірілген процесс. Қарапайым адам өз өмірінде шешім қабылдаған кезде өзінің ғана өміріне немесе оның жақын адамдарының өміріне ғана ықпал ететін болса, менеджер іс-әрекеттердің бағытын өзі үшін ғана емес, сонымен қатар, басқа ұйымдар және жеке жұмыскерлер үшін де таңдайды. Ірі компаниялардың жоғары баспалдақтарындағы адамдарға кейде миллиондаған долларлармен байланысты шешімдерді қабылдауға тура келеді.
Басқарушылық мәселелердің негізгі түрлері: стратегиялық, тактикалық, ұзақ мерзімді, орташа мерзімді, қысқа мерзімді, басқарудың жоғарғы, орташа және төменгі деңгейлеріне жататын. Іс жүзінде басқарушылық мәселелердің келесідей жіктелу белгілері қолданылады:

  1. маңыздылық пен мерзімділік деңгейі;

  2. қате шешімдерді қабылдаған жағдайдағы салдардың ауқымдары;

  3. нақты бір мәселе әсер ететін тұлғалардың немесе ұйымдардың саны;

  4. мәселені ең аз шығындармен және оңтайлы мерзімдерде шешу мүмкіндігі;

  5. берілген мәселені шешумен байланысты тәуекелдің дәрежесі;

  6. жаңа мәселелердің пайда болу мүмкіндігі;

  7. мәселені құрылымдандыру және формалдау дәрежесі, оны сандық және сапалық көрсеткіштермен сипаттау мүмкіндігі және т.с.с.

Басқарушылық мәселелер айқын (өздерін-өздері айқындайтын) және жасырын болуы мүмкін. Бірінші жағдайда мәселені табу үшін күш салмауға да болады, ал екінші жағдайда мәселенің симптомдары мен бар болуын анықтауға бағытталған терең және жанжақты талдау қажет болады. Бұдан соң, мәселенің диагностикасы жүргізіледі, оның барысында мәселенің мәні, пайда болу себептері, басқа мәселелермен байланысы, онымен байланысты болатын қауіптердің сипаты анықталады. Әсіресе, байсалды (серьезные) мәселелердің пайда болуын (алдын ала басқару) алдын ала ескерткен жөн, себебі бұндай мәселе пайда болғанынан кейін оның шешілуі аса қиын және қымбат болуы ықтимал.
Басқарудың әрбір айқын немесе жасырын мәселесі өзінің шешілуін талап етеді. Мәселені шешу – мәселені шешу үшін басқару объектісіне ерікті түрде ықпал ету, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін баламаны таңдау. Шешімдердің түрлері шешілетін мәселелердің түрлерімен анықталады: стратегиялық мәселе стратегиялық шешімдерді талап етеді, тактикалық мәселе – тактикалық шешімдерді талап етеді және т.с.с.
Мәселелер шешімдерінің негізгі жіктелу белгілері: орындау міндетінің дәрежесі (директивті, ұсынушылық, бағдарлайтын), функционалдық тағайындалуы (ұйымдастырушылық, үйлестірушілік, реттеушілік, белсеңдеткіш, бақылауыш), қабылдау тәсілі (таңдаушылық және жүйелік, жеке тұлғалық және ұжымдық), жүзеге асыру саласы (өндіріс, сатып өткізу, жеткізілімдер, қаржы, кадрлар, ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеушілік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар және т.с.с.), бөлшектеу деңгейі (жалпы және айрықша), қол жеткізу дәрежесі (жабық немесе ортақ пайдаланыс үшін), стандарттылықтың және түрліліктің (типичность) деңгейі (бағдарланылған және бағдарланылмаған), қабылдау жылдамдығы (жылдам жүретін және бәсең жүретін), қабылдау базасы (түйсіктік және пікірлерген негізделген).
Басқарушылық мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылатын негізгі функциялар – бұл: болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, үйлестіру, есепке алу, талдау, бақылау, реттеу. Бұндай функцияларды орындау бүкіл басқарушылық қызметтің басты актісі – басқарушылық шешімді дайындауға, қабылдауға және жүзеге асыруға бағытталған.
Шешімді қабылдаудың мәселесі келесі түрде тұжырымдалады: «Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қандай іс-әрекетті жасау керек?». Барлық адамдар күнделікті өмірлерінде осындай мәселеге тап болады. Осы мәселені менеджерлерге өздерінің кәсіби қызметтері барысында әрдайым шешуге тура келеді.
Әдетте қабылданатын шешімнің негізінде шешім қабылдап жатқан адамның жеке тәжірибесі, ақыл-ойы және түйсігі жатады. Бірнеше, әсіресе мүмкін болатын жиынтық шешімдердің арасынан ең жақсысын қабылдау – әрқашанда өнер болып табылған. Тек соңғы оңжылдықтарда бұл мақсаттар үшін ғылыми база кең қолданыс таба бастады.
Батыс әдебиетте шешімді қабылдау механизмі ретіндегі биліктің тұжырымдамасы кең қолданыс тапты. Американдық әлеуметтанушылар және басқару саласындағы мамандар (Г.Саймон, Р.Снайдер, Г.Лассвел және т.б.) билік жөніндегі ғылым – бұл шешімдерді қабылдау жөніндегі ғылым деп санайды. Олар билікті шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға негізделген әлеуметтік және басқа да үрдістердің басқарылуы деп қарастырылады.
Әрбір басқарушылық шешім өзінің мәні бойынша, шешімді қабылдайтын тұлға және шешім қабылданатын ахуал секілді жеке дара болып келеді. Дегенмен, шешімді қабылдау процесі шешімді қабылдаудың циклін анықтайтын өзінің ішкі логикасына бағынады.Шешімді қабылдаудың циклі келесідей сатылардан тұрады: 1) шешімді қабылдауға дайындық; 2) іс-әрекеттердің баламалық нұсқаларын іздестіру; 3) іс-әрекеттердің оңтайлы курсы жөніндегі шешімді қабылдау; 4) қабылданған шешім туралы оның атқарушыларына хабарлау; 5) шешімді жүзеге асыру; 6) кері байланысты орнату; 7) алынған нәтижелерді бағалау; 8) айқындалған өзгешеліктерді жоюға бағытталған қажетті шараларды қабылдау.
Шешімді қабылдау технологиясы келесідей сұрақтарға жауап береді: не істеу керек? (бастапқы деректерді жинау, ахуалды талдау, басқару мақсатын анықтау); кімге істеу керек? (қабылданатын шешімнің кадрлық қамтамасыз етілуі); қалай істеу керек? (шешімді орындаудың тәсілдері, әдістері, үрдістері мен процедуралары); қашан істеу керек? (шешімді орындау мерзімдері); ненің көмегімен істеу керек? (материалдық және қаржылық ресурстардың шығындары); не үшін істек керек? (күтілген нәтижелер және шешімді қабылдаудың тиімділігі).
Басқарушылық шешімге қойылатын негізгі талаптар – оның негізделінуі, сенімділігі, уақыттылығы және оңтайлылығы.
Басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігіне шешімді қабылдауға қажетті ақпараттың ауқымдылығы, ақиқаттылығы және уақытында келіп түсуі, сонымен бірге, шешімді қабылдайтын тұлғалардың құзыреттілігі (компетентность) негізгі ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік-экономикалық жүйелерде қабылданатын шешімдердің тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелер уақыт пен қаражаттардың үлкен шығындарымен байланысты болғандықтан, ал көп жағдайларда мүмкін емес болғандықтан, іс жүзінде шешімдерді қабылдау үлгілері кең қолданыс тапты.
Шешімді қабылдау мәселесінің математикалық үлгісі оны құрайтын элементтердің, яғни мақсаттардың, құралдардың, нәтижелердің, іс-әрекеттердің мүмкін нұсқаларының, сонымен қатар, қарастырылып жатқан нұсқалар бойынша құралдардың және нәтижелердің арасындағы байланыстардың формализацияланған сипаты болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық жүйелерде қабылданатын шешімдер сызықтық, сызықтық емес, стохастикалық және динамикалық бағдарламалаудың үлгілері арқылы негізделеді. Бұндай үлгілер бар сандық әдістер, алгоритмдер және компьютерлік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Шешімді қабылдайтын тұлға ретінде бір немесе бірнеше адамдар болуы мүмкін. Соңғы жағдайда, яғни бірнеше адам болса, онда олардың мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Бұндай ахуалдар жанжалдық деп саналады да, теоретикалық-ойындық немесе қарапайым тілмен айтқанда ойындар деп аталатын математикалық үлгілер түрінде сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет