Тақырыбы: Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі30,85 Kb.
#90988
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Базараев С.Қ ОМӨЖ 4-апта
KombinVeroyatn
3. Шешімді қабылдау ортасы

Басқарушылық шешімдерді қабылдаған кезде тәуекелдікті ескерген жөн. «Тәуекелдік» түсінігі бұнда қатер, қауіпсіздік деген мағынада қолданбайды. Тәуекелдік анықталғандық деңгейіне жатады, оның көмегімен нәтижені болжауға болады. Баламаларды бағалау және шешімдерді қабылдау барысында басшы әртүрлі жағдайлардағы немесе табиғат күйлеріндегі мүмкін болатын нәтижелерді болжауы тиіс. Шың мәнінде алғанда, шешімдер тәуекелдікке қатысты әртүрлі жағдайларда қабылданады. Бұндай жағдайларды дәстүрлі түрде анықталғандық, тәуекелдік және анықталмағандық жағдайлары түрінде жіктейді.


Анықталғандық. Шешім наққанықталғандық жағдайында қабылданады, егер басшы таңдайдың баламалық нұсқаларының әрқайсысының нәтижесін білетін болса. Бұнда басшы ең жақын болашақтағы белгілі бір өнімді өндіру шығындары қандай болатынын білуі мүмкін, себебі жал төлемі, материалдардың және жұмыс күшінің құны белгілі және жоғары дәлдікпен есептелуі мүмкін.
Ұйымдастырушылық және жеке шешімдердің азғантай саны ғана анықталғандық жағдайында қабылданады.
Тәуекелдік. Тәуекелдік жағдайында қабылданатын шешімдерге нәтижелері анықталған болып келмейтін, бірақ та әрбір нәтиженің ықтималдығы белгілі болатын шешімдер жатады. Ықтималдық – бұл берілген оқиғаның іске асырылу мүмкіндігінің дәрежесі, ол 0-ден 1-ге дейін өзгереді. Барлық баламалардың ықтималдықтарының қосындысы бірге тең болуы тиіс. Анықталғандық жағдайында тек бір ғана балама болады.
Ықтималдықты анықтаудың ең қалаулы тәсілі – объективтілік. Ықтималдық объективті, егер оны математикалық әдістермен немесе жинақталған тәжірибені сатистикалық талдау арқылы анықтау мүмкін болса.
Ұйымға тәуекелдікті объективті есептеуге мүмкін беретін релеванттық ақпаратты алудың бірнеше тәсілі бар. Еңбек, экономика мәселелері туралы Үкіметтің баяндамалары, санақ нәтижелері халықтың құрылымы, бағалардың өсуі, табыстардың үлестірілуі, құнсыздану, еңбек ақы және т.с.с. туралы деректердің үлкен массивін құрайды.
Сыртқы ақпаратқа қол жетерліксіз болған жағдайда, ұйым оны өз күшімен, зерттеуді өткізе отырып табуы мүмкін. Жаңа өнімдердің қабылданылуын болжау үшін нарықтың талдануы өте кең қолданыс тапқан. Сол себепті бұның өзі ірі ұйымдар қызмет етуінің маңызды саласына айналып кетті.
Анықталмағандық. Шешім анықталмағандық жағдайында қабылданады, егер потенциалды нәтиежелердің ықтималдығын бағалау мүмкін емес болса. Бұл есепке алынуы керек факторлар олар жайлы релевантты ақпарат лау мүмкін еместей жаңа және күрделі болған кезде орын алады. Нәтижесінде белгілі бір салдың ықтималдығын ақиқаттылықтың жеткілікті дәрежесімен болжау мүмкін емес болады. Анықталмағандық тез ауыспалы жағдайларда қабылдауға тура келетін шешімдерге тән болады. Анықталмағандықтың ең жоғары потенциалы әлеуметтік-мәдени, саяси және ғылыми ортада жатыр. Дегенмен, іс жүзінде кейбір ғана шешімдерді ғана анықталмағандық жағдайында қабылдауға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет