Тақырыбы: Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі30,85 Kb.
#90988
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Базараев С.Қ ОМӨЖ 4-апта

1.3 Шешімдерді қабылдауға қатынастар
Шешімдерді қабылдау процестерін қарастыра отырып, екі жағдайды ескерген жөн. Біріншісі – шешімдерді қабылдау әдетте оңай екендігіне негізделеді. Бұнда адам жасайтынның бәрі іс-әрекеттердің бағытын таңдауға сүйенеді. Жақсы шешімді қабылдаған қиын. Екінші жағдай, шешімді қабылдау – психологиялық процесс екендігіне негізделеді. Өмір көрсеткендей, адамның мінез-құлқысы әрдайым да логикаға сәйкес келе бермейді. Кейде бізді логика басқарса, кейде сезімдер басым болып кетеді. Сондықтан, басшы шешімдерді қабылдау үшін пайдаланатын тәселдері эмоционалдықтан жоғары логикалыққа дейін өзгеріп отырады. Шешімдерді қабылдауға рационалды қатынас төменде қарастырылп өтеді. Бірақ та басшы әлеуметтік қойылымдар, жиналған тәжірибе және жеке тұлғалық құндылықтар секілді психологиялық факторлардың әсерінде болады.
Кезкелген нақты шешім қандай-да бір категорияға жататыны сирек кездессе де, шешімдерді қабылдау процесі пікірлерге негізделетін түйсіктік немесе рациионалдық сипатқа ие болатынын айтуға болады.
Түйсіктік шешімдер. Таза түйсіктік шешім – бұл оның дұрыстылығы тек сезім түрінде ғана болатын таңдау. Бұнда шешімді қабылдайтын тұлға әрбір балама бойынша «плюстар» мен «минустарды» санап жатпайды және кейде ахуалдың өзін де түсіне бермейді. Адам тек өзінің таңдауын ғана жасайды. Біз алтыншы сезім деп атайтыңымыз – осы түйсіктік шешімдер.
Пікірлерге негізделетін шешімдер. Бұндай шешімдер кейде түйсіктік болып көрінеді, себебі олардың логикасы айқын емес. Пікірге негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге сүйенетін таңдау. Адам осының алдында ұқсас ахуалдарда болған жағдайлар туралы білімін қазіргі ахуалдарда таңдаудың баламалық нұсқаларының нәтижесін болжау үшін пайдаланады. Ақыл-ойға сүйеніп, ол өткен шақта сәттілік алып келген баламаны таңдап алады.
Ұйымдастырушылық шешімнің негізі ретінде пікір пайдалы болып келеді, себебі ұйымдардағы көптеген ахуалдардың жиі қайталануға тенденциясы бар. Бұл жағдайда бұрын қабылданған шешім бұрынғыдай нәтиже алып келуі мүмкін (бұл бағдарландырылған шешімдердің негізгі артықшылығы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет