Тақырыбы: Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы


сурет – Жүзеге асыру және бағалау. Шешімді қабылдаудан кейін



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі30,85 Kb.
#90988
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Базараев С.Қ ОМӨЖ 4-апта

1 сурет – Жүзеге асыру және бағалау. Шешімді қабылдаудан кейін
болатын және мәселені шешуге жататын фазалар
Кейде басшы шешімді қабылдауды оның атқарушыларына жүктеуі мүмкін. Бірақ көбінесе ол ұйымдағы басқа адамдарды өзінің көзқарасының дұрыстығына көздерін жеткізгісі келіп, оның шешімі бүкіл ұйымға және жеке әрбір жұмыскерге игілік әкелетінін дәлелдейді. Кейбәр басшылар сендіруге тырысуды уақыттың бекер жұмсалуы деп санайды да, басшының сөзін бәрі де тыңдауы және қабылдауы керек деп санайды. Бірақ бүгінгі білімді адамдар әлемінде бұндай жағдай дұрыс емес екені айқын шығар.
Шешімді мойындаудың ең жақсы тәсілі – бұл шешімді қабылдау процесіне басқа адамдарды тарту. Басшының ісі – бұл кім шешу керек екендігін таңдау. Дегенмен, кейде басшы басқа адамдармен кеңес алмай, өзі шешім қабылдау қажет болатын жағдайлар да кездеседі. Шешімдерді қабылдауда жұмыскерлердің қатысуы, басқарудың кезкелген басқа да әдісі секілді, әрбір ахуалда да тиімді бола бермейді.
Сонымен қоса, қолдау шешімнің дұрыс орындалуына кепілдік бермейді. Шешімдердің толық жүзеге асырылуы басқарудың бүкіл процесін, әсіресе, оның ұйымдастырушылық және ынталандырушылық функцияларының, іске асырылуын талап етеді.
Кері байланыс. Басқарушылық шешімді қабылдау процесіне кіретін және шешім әрекет ете бастағаннан кейін ғана басталатын тағы да бір фаза – бұл кері байланысты орнату. Харрисон бойынша: «Байқау және бақылау жүйесі нақты нәтижелердің шешімді қабылдау кезеңінде күтілген нәтижелермен салғастырылуын қамтамасыз ету үшін қажет». Бұл фазада шешімнің салдарын өлшеу және бағалау немесе нақты нәтижелердің басшы алуға үміттенген нәтиежелермен салғастырылуы іске асырылады. Кері байланыс – яғни шешімді жүзеге асырғанға дейін және асырғаннан кеін болып жатқан құбылыстар туралы деректердің келіп түсуі – басшыға оны ұйым әлі айтарлықтай зиян шеккенінше түзетуге мүмкіндік береді. Басшылықтың шешімді бағалауы, ең алдымен, бақылау функциясының көмегімен іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет