"Материядегеніміз - адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сөулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория". Әр деуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдың дүниені каншалыкты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалыкты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады - міне материя туралы ең алдымен қоғамдың санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, т.т., яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.
Жалпы алғанда, материяньң түрлері: зат пен өpic, метагалактика мен биосфера. Материяныц алуан түрлілігінің шексіздігін мынадай факті керсетеді: материя тек зат түрінде ғана ("элементарлық" белшектерден құралатын құм түйіршіктерінен бастап зор аспан денелеріне дейінгі айналамыздағы заттардың бәрі) емес, сонымен қатар өpic түрінде де (электромагнит ерісі, ядро ерісі, тартылыс өрісі) емір сүреді. Материяның осы негізгі екі түрі өзара тығыз байланысты және өзара бір-біріне айналып түруға қабілетті келеді.
XX ғ. 80-ші жылдарында материяның құрылымы осындай болып көрінеді: Метагалактика (оған галактикалар, макро-микро-денелер, молекулалар, атомдар, элементарлық бөлшектер жатады) және Биосфера (оған қоғам, биоценоз, көпклеткалық организмдер, клеткалар, ДНК, РНК жатады). Дәуір өткен сайын, адамның өндіріс қызметі жан-жақты күрделі процеске айналған сайын, адамдардың қызметтері саналуан болып кетті. Материя туралы адамзаттың түсініктері заманына сай өзгере береді.
Материя үшін заттың форма оның негізі емес, негізгі форма - қозғалыс. Бұл қорытынды тек адамның дүние-де болу формасына ғана емес, ол жалпы болмыстың барлык формаларына қатысты.
Материя үнемі қозғалыста болады. Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс. Сондықтан да бұрынғы материалистер де мұны белгілі бір дәрежеде болжаған. Философия да көп ойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген пікіpre ойыстаған. Бірақ қозғалысты әртүрлі түсірген. Қозғалыс: табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне карама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде nәpсе емес. Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші қалпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық – қозғалыстың біршам, бір сәткі тұрақтылығы.
Материя қозғалыстың бір формасынан екіншісіне ауысып отырады. Бірақ ол денелер жерге қатынасында тыныштық қалпында. Қозғалыс негізгі, себебі барлық тіршіліктің формалары шын мәнінде қозғалыс. Тіпті тыныштықтың өзіде - қозғалыс немесе қозғалыстың біршама тұрақты қалпы дедік. Сондықтан тыныштық относительдік (салыстырмалы) нәрсе. Тыныштық белгілі бір қатынаста ғана тыныштық, басқа барлық қатынастарда қозғалыс. Материя қозғалысының негізгі формалары: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік. Механикалық қозғалысқа әр түрлі денелердің кеңістіктегі орын ауыстыруы: аса ұсақ бөлшектердің қозғалысы, атомдар мен молекулалардың орын ауыстыруы кіреді. Физикалық өзгерістерге жылу процестері, ядро мен атомның ішінде болатын өзгерістер, "элементарлың" бөлшектердің өзара әрекеттері, т.б. кіреді. Қозғалыстың химиялық формасына атомдардың молекулалар болып қосылу және молекулалардың ыдырау процестері, заттардың органикалық және органикалық емес табиғатта болып жататын құралу және бұзылу процестері кіреді. Қозғалыстың биологиялық формасы дегеніміз -тіршіліктің алуан түрлі көріністері, тірі организмдердің өзара және олі табиғатпен арадағы қарым-қатынастары. Қозғалыстың әлеуметтік (қоғамдық) формасы өндіріс саласындағы өзгерістерді, таптық және үлттық қатынастарды қоса алғанда қоғамда болып жататын алуан түрлі процестердің материалдық және рухани мәдениеттің даму процестерін, қоғам мен табиғаттың өзара жасайтын әрекеттерін қамтиды. Қозғалыстың жеке формалары жөніндегі козқарастар ғылымның дамуына байланысты өзгеріп отыра бермек. Ол жеке ғылымдардың айналысатын мәселесі. Себебі философия материяны, оның формаларын ойлауға кеңірек аукымды алғанда - адамға қатыссыз, одан оқшау алып зерттемейді дедік. Бұлай зерттеу жеке ғылымдардың міндеті. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды.
3. Материяның қозғалыстан шығатын келесі негізгі формалары - кеңістік пен уақыт.Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Олар қозғалыстың көріну формалары деуге болады немесе оның сыртқы өл-шемдігі. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы елшей аламыз. Кеңістік- қозғалыстың әр сәттегі орналасу қалпы. Кеңістік пен уақыт материя қозғалысының сандық айқындығы. Кеңістік деген ұғым материялық объектілердің қатар өмір сүруін және олардың озара орналасуын білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән.