Тақырыбы: Болмыс. Материя. Сана ұғымдары



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі37,58 Kb.
#82215
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 СЕМИНАР ФИЛ ЛЕКЦ - копия

Уақыт - қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің (не элементтердің) бір-бірінен туындап ұласу фор­масы. Уақыт деген ұғым материялық процестердің бірінен соң бірінің кезектесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. Уақыттың айнымайтын белгілі бір бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды және оның қайтып оралмаушылық қасиеті бар. Өткенді өзгертуге болмайды, өткенге қайта оралуға болмайды. Уақыт бір өлшемді.
Кеңістік пен уақыт адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүреді және материялық заттар мен құбылыстардың объективті қасиеттері мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Ғылым мен материализмнің тарихында калыптасқан қағидалардың бірі: материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни материяның аяқталатын не­месе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Адамдардың кеңістік және уақыт туралы түйсіктері мен сезімдері өлеуметтік-тарихи процестердің, тарихи дамудың ағымы, оның ішкі ырғақтарын өрі жасайды, өрі бейне-лейді. Сондыңтан кеңістік пен уақытты тек физикалық кеңістік және уақыт деп түсіну қате. Жеке адам санасы бол сын, қоғамдық сана бол сын ондағы кеңістік және уақыт туралы категория (ойлаудың формасы) өлеуметтік кеңістік, әлеуметтік уақыттың нәтижесі. Маркс эконо-микалық еңбектерінде әлеуметтік кеңістік жөнінде көп айтқан. Мысалы, тауар айналымының өрістеуі, оған сәй-кес нарықтың кеңеюі туралыұғымдар бар. Нарықтыңке-ңеюі ол географиялық, не территорияльщ кеңею емес. Сол бір территорияның ауқымында айырбас қатынаста-ры жан-жақты орістейді. Яғни физикалық кеңістік өзгер-мейді, бірақ соның көлемінде адамдар қатынастарының шеңбері кеңиді. Түпкі табиғаты бір болғандықтан, кеңіс-тік пен уақыт бірінің функциясын екіншісі атқара ала-ды. Бұл өсіресе даму процесінде, соның ішінде қоғамдық дамуда козге түседі. Яғни, уақыт дамуда түрған кейбір қүбылыстар үшін кеңістіктің рөлін атқарады. Адамның дамуы кеңістіктен гөрі уақыттьщ шеңберінде өрістейді. Адамдар, әрине, өздеріне дейінгі қалыптасқан табиғат-тағы физикалық, т.б. кеңістік пен уаңытты өз тәжірибе-сінде игереді өрі дамытады. Соның негізінде кеңістік пен уақыттың әлеуметтік формасын жасайды. Ол формалар да тарихи өзгеріп отырады.
Қазіргі жинакталған этнографиялық деректер, адам­дар ойлауының әр замандағы ерекшеліктері туралы зерттеулер олардың кеңістік пен уақыт туралы ұғымдарының соншалықты сан алуан екендігін көрсетеді. Себебі әр заманда олардың әлеуметтік тәжірибесінің өзі бір-біріне ұқсамайды және соған сәйкес кеңістік басқаша ұйымдастырылып, уақыт та басқаша өтеді екен. Мысалы, көшпелі халықтарға кигіз үй әлемнің моделі болған. Уақыттың өлшемі "көш", "мүшелі" болған. Қазақ тіршілігінің не-гізгі түп қазығы - кең дала, жазық жер. Ұлы Даланы Ал­тай, Тянь-Шань, Орал, Кавказ таулары қоршап түр. Бұл шекара тауларда және одан ері қарай жаубап деген түсінік халық санасына терең ұялаған. Алайда, эпоетық кеңестіктегі тау, өзен сияқты кедергілерді, даланың шекараларын "басқанікі" деп түсіну өзгермелі болды. Әр түрлі тарихи қозғалыстар, этностардың белгілі бір территорияда қалыптасуы, олардыд мекен-жайларын өзгертуі, бас­ка этностардың бүл территорияға енуі, т.б. осы сияқты процестер, "біздікі"-"өзгенікі" оппозициясын түбегейлі озгертуі мүмкін. Биік таулар этностың киелі жеріне, жаудан сақтанып, қуат алатын қасиетті мекендеріне, ал қала көшпелілердің туысқандары тұратын, тіршілік үшін қажетті заттар алатын тұрақ жайға айналуы әбден мүмкін.
4. Дүниеде еңғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалың табыстар, өнердін, әдебиет, филосо­фия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пан­да болады? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет