Болмыстың екінші қыры: табиғат, коғам, адам, ойлар, идеялар - бәрі де, тұтас алғанда, тең өмір сүреді. Ал өмір сүрулерінің формалары жағынан алуан түрлі. Бар болып отырғанның бәрінің өмір сүруі және олардың бола бе-ретіндігі дүние бірлігінің алғышарты болып есептеледі. Әрбір жекелеген адамның өмір қызметі — басқа адамдар үшін және өзі үшін де іс жүзіндегі нақтылы шындық. Мысалы, кәсіпкер адамдар өндірісті дамытып, тұтыну-шылар үшін тауар шығарады, сонда өздері де пайда алады. Адамдардың санасы, ақыл ойы, кеңіл күйі, ішкі сезімі - бәрі де болмыс.