Санабейнелеудің қасиеті.Бейнелеу- жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсерінің нәтижесі. "Бүкіл материяның шын мәнінде түйсікке үқсай-тын қасиеті, - детгжазды В.И.Ленин, - бейнелену қасиеті. Бұл пікір тірі материя мен әлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан келіп, ең жо-ғары бейнелену - сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Әлі материяда бейнеленудің екі түрі кездеседі, бірі - изоморфизм, екіншісі - гомоморфизм. Изоморфизмде бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында айнымас ұқсастық болады. Мәселен, нақты ұшақ пен оның кішкентай моделі. Ал гомоморфизм дегеніміз бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастық дөлме-дәл емес, жоба түрінде болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі.
Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнеленуі де әр қилы болып келеді. Өлі материяда ондай бейнелеудің негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара-бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады. Мысалы, өсімдіктердің жарықа созылып, күнге бой тартуы. Бейнеленудің ең жоғары түрі тіршілікке, өмірге байланысты биологиялың формасы. Ал енді тіршілік өмірдегі бейнелену формалары қандай? Ол да түрліше. Ең алғашқы қарапайым бейнеленуге тітіркену жатады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмде ол рефлекс тудырады.
Адам миына сыртңы дүниедегі түрліше ақпараттар қалай келеді? Ол сезім мүшелері арқылы қабылданады. Адамда бес турлі сезім мұшелері бар: көру, есту, иіскеу, дәм, сезу, яғни, тері түйсігі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Сезім мүшелері адам миын сыртқы дүниемен байланыстырушы. Ол сезімдік формасы омыртқалы жануарларда да бар. Бірақ олардың түйсігі өз тіршілігіне сөйкес сыңаржай дамиды, яғни өзіне қажеттіні ғана қабылдайды. Ал адам сана, тіл арқылы өзінің сезім мүшелерінің мүмкіндіктерін жан-жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін ақылға билетеді. Адамға микроскоп, телескоп, сейсмограф сияқты құралдар көмекке келеді. Сөйтіп, адам сезім мүшелері арқылы заттың қасиеттерін біледі. Бірақ заттың қасиеті әртүрлі болады. Затты бүтіндей, толық білу үшін оның қасиеттерін жан-жақты танып, түсіну қажет. Ол үшін таным-түйсіктен бірте-бірте ойлауға көтеріледі. Сана өзінің шығуы жағынан екінші. Бірақ сана емес, белсенді, пәрменді рөлі бар құбылыс. Сонымен, адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мөліметтерді орталық жүйке жүйесі қабылдап оны қорытады, белгілі ой түжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап біреу ғана: ол түйсік мүшелер арқылы объективті шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Оған түйсік, қабылдау, ойлау сиякты негізгі элементтердің жиынтығы кіреді.
Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя — мидықфункциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті.
Сана - адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын алмасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай қүралды таби-ғат жасамайды, табиғат заттарын оңдеп, адам жасайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір-бірімен түсінісу үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болган жоқ. Оның алдында түрлі дыбыс, қимыл-әрекеттер-мен алғашқы адамдар бір-бірімен ұғысқан.